Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Беру және байланыс құралдары

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алпына келтіру құралдары
  7. Алыпты және патологиялық тістеулер.

16.25. Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал беру және байланыстың негізгі құралдары ретінде автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктаула-ры болып табылады.

Бір бағыттағы автоблоктаумен жабдықталған қосжолды және көпжолды аралықтарда екіжақты қозғалысты ұйымдастыру кезінде, поездардың қарсы бағыттағы (теріс жолмен) қозғалысы локомотивтік бағдаршамдар сигналда-ры бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жекелеген телімдерде сигнал беру және байланыстың дербес құралы ре-инде автоматты локомотивтік сигнал беру қолданылуы мүмкін.

Азәрекетті телімдерде және кірмежолдарда поездар қозғалысы кезінде-п баиланыс құралдары ретінде электрлі-бұздығандық жүйе мен телефон қолдануға рұқсат етіледі.

Айрықша жағдайларда, Министрліктің нұсқауы бойынша поездарды уақытын шектеулеп жөнелтуге рұқсат етіледі.

Станциялардың арасындағы аралықта бірмезгілде бір сигнал беру және байланыс құралы жұмыс істей алады.

Поездар қозғалысын сигнал беру және байланыстың дербес құралы ретін-де қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезінде, локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүріп өткенде, электрлі-бұздығандық жүиеде және телефондық байланыс қүралдары кезінде ұйымдастыру тәртібі сондаи-ақ поездарды уақытын шектеулеп жөнелту тәртібі Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.26. Жекелген азәрекетті телімдерде және кірме жолдарында поездар қозғалысын:

жетекші локомотивтің машинисіне поездық радиобайланыс арқылы тікелеи берілетш поезд диспетчерінің бұйрықтары бойынша;

бір бұздығанды қолданып;

бір локомотивті қолданып жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Осы байланыс құралдары кезіндегі телімдердің және кірме жолдардың тізімш және поездар қозғалысын ұйымдастыру тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

16.27. Автоматтық блоктау кезінде:

а) поездың блок-телімнен орын алуына рұқсат ретінде шығу немесе
өтпелі бағдаршамның рұқсаттық көрсетуі қызмет етеді;

б) айрықшалық ретінде, ұзаққа созылатын өрлерде орналасқан өтпелі
оағдаршамдарда (кіру бағдаршамдарының алдында тұрғандарынан басқа)
әр жекелеген жағдайда "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығының рұқсатымен шарт-
ты рұқсаттық сигналды - Т әрпі түріндегі шағылыстырғыш белгісі бар
қалқанды орнатуға жол беріледі.

Осы сигналдың бар болуы жүк поезы үшін бағдаршамның қызыл шамынан тоқтамай өтуге рүқсат болып есептеледі.

Бүл ретте машинист поезды, қызыл шамы бар бағдаршамды 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен ерекше қырағылықпен және егер ары қарай қозғалысына кедергі кездессе дереу оны тоқтатуға әзірлікпен жүргізуі тиіс;

в) поезд қызыл шамы бар өтпелі бағдаршамның, сондай-ақ көрсетуі түсініксіз немесе сөнген бағдаршамның алдында тоқтағаннан кейін, егер ма-шинист алдында жатқан блок-телімде поезд бар екенін көрсе немесе білсе, оған блок-телім босамайынша қозғалысты жалғастыруға тыйым салына-ды. Егер машинист алдағы блок-телімде поездың бар екендігін білмесе, ол тоқтағаннан кейін автотежегішті босатуы тиіс, және егер осы уақыт ішінде бағдаршамда рүқсаттық шам жанбаса, поезды келесі бағдаршамға дейін 20 км/сағ аспайтын жылдамдыкпен, ерекше қырағылықпен және егер ары қарай қозғалысына кедергі кездессе дереу поезды тоқтатуға дайын бола от-ырып жүргізуі тиіс.

Тыйым салушы көрсетуі бар өтпелі бағдаршамнан белгіленген тәртіппен жүріп өткеннен кейін локомотивтік бағдаршамда рүқсаттық көрсету пай-да болған жағдайда, машинист локомотивтік бағдаршамның көрсетулерін басшылыққа алып, бірақ та 40 км/сағ жылдамдықтан асырмай келесі бағдаршамға дейін жүре алады.

Локомотивтік бағдаршамда рұқсаттық шам жанып түрғанда шамдары өшкен өтпелік багдаршамдардан локомотивтік бағдаршамның көрсетуін басшылыққа ала отырып тоқтамай жүріп өтуге рұқсат етіледі.

16.28. Жартылай автоматтық блоктау кезінде:

аралықтан орын алуға рұқсат ретінде шығу немесе өтпелі бағдаршамының рұқсаттық көрсетуі қызмет етеді;

біржолды телімдерде шығу бағдаршамын ашу үшін поезд бара жатқан көршілес станция бойынша кезекшіден блок-аппарат арқылы келісімдік блоктау сигналын алу қажет немесе блок-жүйені тиісті қозғалыс бағытына ауыстырып қосу керек.

16.29. Сигнал беру және байланыстың дербес қүралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беруі кезінде:

бірінші блок-телімге орналасуға рұқсат ретінде шығу бағдаршамының рұқсаттық көрсетуі болып табылады;

келесі блок-телімге шығуға рұқсат ретінде локомотивтік бағдаршамның рұқсаттық көрсетуі болып есептеледі.

Сигнал беру және байланыстың барлық құралдарының әрекеті тоқтап қалған кезде поездардың қозғалысы біржолдық телімдерде жазбаша хабар-ландыруларды қолдана отырып, ал қосжолды телімдерде — поездың стан-циялар арасындағы аралықты жүріп өтуіне белгіленген шектеуленген уақыт бойынша жүргізіледі.

Сигнал беру және байланыстың барлық құралдарының әрекеті тоқтап қалған кездегі поездар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлі жұмыстар жөніндегі нұсқалықпен белгіленеді.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 446 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ | Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу | ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ | АВТОТІРКЕПШ ҚҮРЫЛҒЫ | ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ АРНАЙЫ | ТАРАУ ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ | Ж¥МЫСЫН ¥ЙЫМДАСТЫРУ | Поездарды қалыптастыру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Локомотивтерді поездарға қою| Поездар қозғалысының тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)