Читайте также: |
|
11.1. Жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы жылжымалы құрам,
автоматтық тежегіштермен, ал жолаушы вагондары мен локомотивтер со-
нымен қоса электрлі-пневатикалық тежегіштермен жабдықталуы тиіс.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның автоматтық және электрлі-пневматикалық тежегіштері «ҚТЖ"¥К АҚ белгілеген нормалар бойынша күтіп ұсталуы және әр түрлі пайдалану жағдайында басқарыла алатындай және жұмысы сенімді болуы, тежелуінің жатықтығын қамтамасыз етуі, ал автоматтық тежегіштері соны-мен қатар ауақұбыры магистралінің ажыраған немесе үзілген кезінде және тоқтату краны (шұғыл тежеу краны) ашылған кезінде поездың тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның автоматтық және электрлі-пневматикалық тежегіште-рі шұғыл тежеуі кезіндегі поездың "ҚТЖ" ¥К АҚ белгілеген есептемелік деректері бойынша белгіленген тежеу жолының ұзындығынан аспайтын қашықтықта тоқтауын кепілдейтін тежегіштік басуды қамтамасыз етуі тиіс.
11.2. Автоматтық тежегіштер вагондардың тиелу деңгейіне құрамның
ұзындығына және жолдың пішініне байланысты тежеудің әр түрлі режим-
дерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тежегіштік крандар жолаушы вагонадарында және моторвагонды жыл-жымалы құрамда тамбурларда вагондардың ішінде орнатылады және пломбыланады.
Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда қажет болған жағдайда тежегіштік крандар немесе шұғыл тежеуге арналатын басқа да құрылғылар орнатылады!
11.3. Локомотивтер, жолаушы вагондары, моторвагондық және арнайы
өздігінен жүретін жылжымалы құрам қол тежегіш герімен жабдықталады.
Жүк вагондарының бірқатарында «ҚТЖ" ¥К" АҚ нормалары бойынша те-
жегіштік краны мен қол тежегіші бар өтпелі алаңшасы болуы тиіс.
1970 ж. 1 қаңтарына дейін жасап шығарылған пошталық және багаждық вагондарды қол тежегіштерсіз пайдалануға рұқсат етіледі.
Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның қол тежегіштері белгіленген нормалар бойынша күтіп ұсталуы және «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген есептік тежегіштік басылуды қамтамасыз етуі тиіс.
11.4. Ажыратылуы немесе сынуы габариттен шығуын немесе жолға
құлауын тудыруы мүмкін тежегіштік берілістің барлық иінтіректік
бөліктерінің сақтандырғыш құрылғылары болуы тиіс.
11.5. Жылжымалы құрам, соның ішінде арнайы жылжымалы құрам ав-
тотіркегішпен жабдықталуы тиіс.
Автотіркегіш өсінің рельстер қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейінен
биіктігі төмендегідей болуы тиіс:
локомотивтерде, жолаушы және жүк бос вагондарында ары кеткенде... 1080 мм
локомотивтерде және адамдары бар жолаушы вагондарында кем деген-де... 980 мм
жүк вагондарында (тиелген) кем дегенде 950 мм
арнайы жылжымалы қүрамда
бос күйінде ары кеткенде....1080 мм
тиелген күйінде кем дегенде... 980 мм
Жөндеуден шыққан жылжымалы құрам мен арнайы жылжымалы құрам үшін автотіркегіш өсінің рельстер қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейінен биіктігін Министрлік белгілейді және бұл биіктік пайдала-ну кезінде (ең жоғарғы тозулар мен жүктемелерде) аталған нормалардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Автотіркегшітердің бойлық осьтерінің арасындағы биіктігі бойынша айырмашылығыары кеткенде төмендегідей болып рұксат етіледі:
жүк поезында...................................... 100 мм
локомотив пен жүк поезының бірінші тиелген
вагонының арасында.......................... 110 мм
120 км/сағ дейін жылдамдықпен келе жатқан
жолаушы поезында............................. 70 мм
жолаушы поезының 121-140 км/сағ жылдамдықтарында 50 мм
локомотив пен жолаушы поезының бірінші
вагонының арасында.......................... 100 мм
локомотив пен арнайы жылжымалы құрамның
жылжымалы бірліктерінің арасында.' 100 мм
11.6. Автотіркегіш құрылғыларының техникалық күйі және поезд құрамындағы вагондардың дұрыс тіркелуіне поезд құрамына жөнелту ал-дында техникалық қызмет көрсеткен вагон тексерушісі жауапты болады.
Вагон тексерушілері жоқ станцияларда поезға вагондарды тіркегенде, сондай-ақ маневрлік жұмыстар кезінде вагондардың дұрыс тіркелуі үшін маневрлерді басқарушы жауапты болады.
Локомотивтің немесе локомотив ретінде пайдаланылатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның тиісінше поездың бірінші ваго-нымен немесе басқа арнайы жылжымалы құраммен дұрыс тіркесуі үшін локомотивтің немесе локомотив ретінде пайдаланылатын арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушісі жауапты болады. Поездық локомотивтің құрамнан ағытылуын және құрамға тіркелуін (соның ішінде тежегіштік жеңдерді ажырату, қосу және ілу, шеткі крандарды ашу және жабу) локомотив бригадасының қызметкерлері жүргізуі тиіс.
Поездық локомотивтің электрлі жылу берумен жабдықталған жолаушы құрамынан ағытуын локомотив бригадасының қызметкері жүргізеді, ал ло-комотивке бір машинист қызмет көрсететін жағдайда — поезд электрме-ханигі жоғары вольтті вагонаралық электрлі қосылыстарды ажыратқаннан
кейін вагон тексерушісі жүргізеді. Жылу берудің электрлі тізбектерін ажы-
рату токқабылдағыштың төмен түсірілген кезінде жүргізіледі.
Поездық локомотивті жүк және жолаушы поезының құрамына тіркеу және оны қүрамнан ағыту бойынша операцияларды орындау, локомотив-ке бір машинист қызмет көрсеткен кезде вагон тексерушісіне жүктеледі, ал вагон тексерушілері қарастырылмаған станцияларда және аралықтарда — жолаушы поезында — жолаушы поезының бастығына (механик бригади-ріне), жүк поезында — локомотив машинисіне жүктеледі.
ТАРАУ
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 464 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ | | | ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ АРНАЙЫ |