Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау доҢҒалаҚ жҮптары

Читайте также:
  1. ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ
  2. ТАРАУ ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ
  3. Тарау. ТӘРБИЕ ҮРДІСІ – ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ
  4. Тарау. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ДИОГНОСТИКАСЫ
  5. Тарау. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚТ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ

10.1. Әр доңғалақ жұбы Жылжымалы құрамның доңғалақтар жұптарын
тексеру, куәландыру, жөндеу және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта
белгіленген талаптарды қанағаттандыруы және оның өсінде доңғалақ
жұбының қалыптастырылуының және толығымен куәландырылуының
уақыты мен орны туралы анық қойылған белгілері, сондай-ақ оның
қалыптастырылу кезіндегі қабылданғаны жөніндегі таңбасы болуы тиіс.

Бел гілер мен таңбалар белгі салу ережелерімен қарастырылған тұстарына қойылады.

Дрңғалақ жұптары белгіленген тәртіппен жылжымалы құрамның астындағы тексеруден, дағдылы және толық куәландырудан өтуі, ал домалатып қою кезінде (подкатка) тиісті журналдарда немесе папорттарда тіркелуі тиіс.

10.2. Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырларының
арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс. Поездарда 120 км/сағ жоғары
140 км/сағ дейін жылдамдықпен айналатын локомотивтер мен вагондардың,
сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ауытқулары
ұлғаю жағына ары кеткенде 3 мм және азаю жағына қарай ары кеткенде 1
мм-ге дейін рұқсат етіледі, 120 км/ сағ. дейінгі жылдамдықтарда ұлғаю және
азаю жағына қарай ауытқулары ары кеткенде 3 мм-ге дейін рұқсат етіледі.

10.3. Жылжымалы құрамды, сонымен қоса арнайы жылжымалы
құрамды, егер оның доңғалақ жұбы өсінің кез келген бөлігінде немесе
оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ
жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжы-
малы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұптарының
келесі тозулары және зақымдануы кезінде пайдалануға беруге және поез-
дармен жүруіне жіберуге тыйым салынады;

а) қозғалыс жылдамдықтары 120 км/сағ жоғары, 140 км/ сағ дейін кезінде:
локомотивтердің, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы

вагондарының домалау шеңбері бойынша желінуі 5 мм-ден астам болғанда;

жалдың биіктігі 30 мм кезінде жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жалының биіктігі 28 мм жылжыма-лы құрамда — жалдың басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың қалындығы 33 мм-ден астам немесе 28 мм-ден кем болғанда;

б) қозғалыс жылдамдықтары 120 км/сағ дейін кезінде:

домалау шеңбері бойынша желіну локомотивтерде, сондай-ақ моторва-гондық жылжымалы құрамда және алыссапарлы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында — 7 мм-ден астам, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда, жергілікті және қаламаңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында — 8 мм-ден астам, тоңазытқыштық парк вагондарында және жүк вагондарында — 9 мм-ден астам болғанда;

жалдың биіктігі 30 мм кезінде жалдың басынан 20 мм қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жалының биіктігі 28 мм жылжыма-лы құрамда - жалдың басынан 18 мм қашықтықта өлшегенде жалдың

қалындығы 33 мм-ден астам немесе 25 мм-ден кем болса;

в) арнайы қимаүлгімен өлшенетін жалдың вертикальді қиылуының би-
іктігі 18 мм-ден астам болғанда;

г) локомотивтерде, моторвагонды және арнайы жылжымалы құрамда,
сондай-ақ роликтік букс подшипниктері бар паровоздардың тендерлерін-
де және вагондарда 1 мм-ден астам, ал тендерлерде 2 мм-ден астам сырғақ
(ойық) сырғанау бетінде болғанда.

Роликтік букс подшипниктері бар моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонынан немесе тендерден басқа вагонның жолда келе жатқанында тереңдігі 1 мм-ден асатын, бірақ та 2 мм-ден астам емес сырғағы (ойығы) анықталғанда, мұндай вагонды (тендерді) поездан ағытпай (жолаушы поезын 100 км/сағ аспайтын жылдамдықпен, жүк поезын — 70 км/сағ аспайтын жылдамдықпен) доңғалақ жұптарын ауыстыру құралдары бар ең жақын техникалық қызмет көрсету пунктіне жеткізуге рұқсат беріледі.

Сырғақтың мөлшері, моторвагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6 мм-ге дейін, моторвагонды жылжымалы құрамның локомотивінде және моторлы вагонында, сондай-ақ арнайы өздігінен журетін жылжымалы құрамда 1-ден 2 мм-ге дейін болғанда, поездың ең жақын станцияға дейін 15 км/сағ жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың мөлшері тиісінше 6-дан жоғары 12 мм-ге дейін және 2-ден жоғары 4 мм-ге дейін болғанда - 10 км/сағ дейінгі жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауысты-рылуы тиіс ең жақын станцияға жетуіне рұқсат етіледі. Сырғақтың мөлшері вагон мен тендерде 12 мм-ден астам, моторвагонды жылжымалы құрамның локомотивінде және моторлы вагонында 4 мм-ден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерілуі немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкіндік бермеу шарты орындалған жағдайда 10 км/сағ жылдамдықпен жылжуына рұқсат беріледі. Бұл ретте локомотив поездан ағытылуы, ал зақымданған доңғалақ жұбының тежегіш цилиндрлері және тартымлық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) істен ажыратылуы тиіс.

Жүк вагондарын жолаушы поездарының құрамына қосқанда олардың доңғалақ жұптарын күтіп ұстау нормалары жолаушы поездары үшін белгі-ленген нормаларын қанағаттандыруы тиіс.

10.4. "Patentes Talgo S. A." компаниясы шығарған жолаушы вагондарының доңғалақтары келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

доңғалақтарының ішкі қырларының арасындағы қашықтық 1440 мм болуы тиіс, "Patentes Talgo S. A." шығарған вагондардың 160 км/сағ жылдамдықпен поездарда айналғандағы ауытқулары ұлғаю жағына 3 мм-ден және азаю жағына да 3 мм-ден аспауы тиіс.

жалдың қалындығы 22-23 мм кезіндегі жалдың биіктігі 28-36 мм болуы тиіс, жалдың qR параметрі 6,5 мм-ден кем болмауы тиіс;

домалау бетіндегі сырғағының (ойығының) ұзындығы 30 мм-ден астам доңғалақтарды пайдалануға тыйым салынады;

Пайдалану параметрлерінің барлық өлшеулері "Patentes Talgo S. A." компаниясы жеткізетін вагондары доңғалақтарының осы түрі үшін қолданылатын қимаүлгімен (калибрмен) жүргізілуі тиіс.

ТАРАУ


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 550 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Рельстер және бағыттамалық бұрмалар | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ | Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР| АВТОТІРКЕПШ ҚҮРЫЛҒЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)