Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жылжымалы ҚҮрамҒа, соныҢ ішінде арнайы

Читайте также:
  1. Алынбалы жылжымалы бірліктердің қозғалысы
  2. Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар

ЗДІПНЕН ЖҮРЕТІН ЖЫЛЖЫМАЛЫ Қ¥РАМҒА

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖӨНДЕУ

12.1. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулылықтары бар жыл-жымалы құрамды, соның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға және поездарда жүруге жіберуге, сондай-ақ күйі тасымалданатын жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ете алмай-тын жүк вагондарын поездарға қоюға тыйым салынады. Бір машинист қызмет көрсететін поездарға белгіленген қызмет ету мерзімі таусылған локомотив-терді және моторвагондық жылжымалы құрамды беруге рұқсат етілмейді.

Электрлі пневматикалықтежегішінің, жыл ытуының, электржабдығының, желдетуінің ақаулылықтары және жолаушыларды тасымалдаудың қалыпты жағдайын бұзатын басқа да ақаулылықтары бар жолаушы вагондарын, сон-дай-ақ жолаушы поезы бастығының (механик-бригадирінің) локомотив ма-шинисімен радиобайланысы ақаулы радиокупесі бар (штабтық) жолаушы вагондарын поездарға қосуға рұқсат етілмейді.

Электрлі жылытуы бар жолаушы поездарына қосылатын вагондар элек-трлі жылытуды автоматтық басқару жүйесімен, ал электровоздар - жоғары вольтті жылыту үшін қуат алу құрылғысымен жабдықталуы тиіс.

Жылжымалы құрамның техникалық күйіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу тәртібін Ми-нистрлік белгілейді.

12.2. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу
жүйесін, жөндеуаралық жүрісінің нормаларын және жөндеуге қою тәртібін
Министрлік белгілейді.

Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі техникалық нұсқаулар мен типтік технологиялық процестерді "ҚТЖ" ¥К" АҚ-ның тиісті салалық департаменттері, дирекциялары және акционерлік қоғамдары бекітеді.

12.3. Жылжымалы құрамға және арнайы жылжымалы құрамға
көрсетіл ген техникалық қызмет пен оны жөндеудің және оның қозғалысының
қауіпсіздігі үшін оған тікелей қызмет көрсетеін және жөндейтін
қызметкерлер, зауыттардың, деполардың, соның ішінде арнайы жылжы-
малы құрамға арналған деполардың,жол машиналары станцияларының,
дистанциялардың, шеберханалардың және техникалық қызмет көрсету
пункттерінің шеберлері және басшылары жауапты болады.

Локомотивтерге, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу

12.4. Локомотивтердің, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін
жылжымалы құрамның техникалық күйі озық күйанықтау құралдарымен
жарақтандырылған техникалық қызмет көрсету пункттерінде және не-

 

гізгі деполарда, жол машиналары станцияларында және арнайы жыл-жымалы құрамға арналған деполарда локомотив бригадалары немесе арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның бригадалары, кешен-дік және арнайыландырылған бригадалары техникалық қызмет көрсетуі кезінде жүйелі түрде тексеріліп отыруы тиіс, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның иесі болып табылатын депо, локомо-тив шаруашылығы немесе бөлімше басшылығының және ревизорлық аппараттың тарапынан мерзімді түрде бақылауға алынуы тиіс.

Техникалық қызмет көрсету кезінде тексеруге жататындар:

құрал-жабдықтың, түзілімдер мен тетіктердің күйі және тозуы және олардың белгіленген өлшемдерге сәйкестігі;

қауіпсіздік құрылғыларының және радиобайланыс, тежегіш құрал-жабдық құрылғылары мен автотежегіш құрылғысының, бақылау, өлшеу және сигнал беру аспаптарының, электрлі тізбектердің әрекеттерінің түзулігі.

Төменде көрсетілетін ақаулылықтардың ең болмағанда біреуі бар ло-комотивтерді, моторвагонды және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға тыйым салынады:

дыбыс сигналын беруге арналатын аспаптың ақаулылығы;

пневматикалық, электрлі-пневматикалық, қол тежегіштерінің немесе сығымдағыштың ақаулылығы;

ең болмағанда бір тартымдық электрқозғалтқыштың ақаулылығы неме-се өшіп қалуы;

қозғалу жетегінің ақаулылығы;

дизель тоңазытқышы желдеткішінің, тартымдық электрқозғалтқыштың немесе түзеткіш қоңдырғының ақаулылығы;

автоматты локомотивтік сигнал беруінің немесе қауіпсіздік құрылғыларының ақаулылығы;

жылдамдық өлшегіштің және тіркегіш құрылғының ақаулылығы;

поездық және маневрлік радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда — "жолаушы — машинист" байланысының ақаулылығы;

автотіркегіш құрылғыларының ақаулылығы, соның ішінде ағытқыш иін-тірек шынжырының үзілуі немесе оның деформациясы;

құмды беру жүйесінің ақаулылығы;

бағдаршамның, буферлік шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулылығы;

қамыттағы, серіппегіштік ілінудегі немесе серіппегіштің түпкі табағындагы жарық, серіппегіштік табақтың сынуы;

букс корпусындағы жарық;

букстық немесе моторлы-осьтік подшипниктің ақаулылығы;

құрылымдағы қарастырылған тетіктердің жол үстіне құлауынан сақтандыратын құрылғының жоқтығы немесе ақаулылығы;

тартымдық тісті берілістің ең болмағанда бір ғана тісінің жарығы немесе омырығы;

майдың ағуын тудыратын тісті беріліс қаптамасының ақаулылығы;

жоғары вольтті камераның қорғағыш блоктауының ақаулылығы;

токқабылдағыштың ақаулылығы;

өртсөндіру құралдарының ақаулылығы;

қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктелу және асқын кернеуден қорғау, дизельді апаттық тоқтату құрылғыларының ақаулылығы;

дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының шығуы;

қоректендіргіш аспаптың, сақтандырғыш клапанның су деңгейін көрсеткіш аспабың ақаулылығы, паровоз қазанының от қорабының бақылаулық тығынынан су ағуы;

электржабдығының қорғағыш қаптамаларының жоқ болуы;

гидродемпферлердің, шоғырлағыш батареясының ақаулылығы.

12.5.Локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам жыл бойы пайдаланылуы кезінде (көктемде және күзде) "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілеген тәртіпке сәйкес комиссиялық тексеруден өтуі тиіс.

12.6.Локомотивтік, сондай-ақ моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда орнатылған қауіпсіздік және поездық байла-ныс құрылғылары бақылау пунктінде осы құрылғылардың жұмысын тексе-ре және реттей отырып мерзімді түрде тексерілуі тиіс.

Мұндай бақылау пункттері негізгі деполарда, арнайы жылжымалы құрамға арналған деполарда, ал қажет болғанда локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету және олардың айналымы пунктерінде болуы тиіс.

12.7. Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай-
ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда орнатылған маномет-
рлер және сақтандырғыш клапандар пломбылануы тиіс, ал паровоздардың
қазандарындағы бақылаулық тығындардың таңбалары болуы тиіс. Элек-
тровоздарда және тепловоздарда, сондай-ақ электр энергиясының және
отынның шығындалуын тіркейтін аппараттар мен аспаптар пломбылануы
тиіс.

Электровоздардағы, тепловоздардағы және моторвагонды жылжымалы құрамдағы электрлік қорғаныс құрылғылары, өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру автоматикасы, локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамдағы манометрлер, сақтандырғыш клапандар, ауа резервуарлары және локомотивтердегі бу қазандары белгіленген мерзімдерде сынақтан және куәландырудан өткізілуі тиіс.

12.8. Локомотив бригадаларының құрамын және олардың локомотив-
тер мен моторвагонды поездарға қызмет көрсету тәртібін, соның ішінде бір
машинист қызмет көрсеткен жағдайдағы нақты тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ
басшылығы локомотивтердің және моторвагондық поездардың типіне, сон-
дай-ақ, "ҚТЖ" ¥К" АҚ бекіткен жергілікті жағдайларға байланысты қызмет
көрсету жүйелерінің негізінде белгіленеді.

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бригадасының құрамы осы арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару үшін

 

қызметкерлер бөлінген жағдайда және көліктік режимде қызмет көрсете алатын жағдайда ғана оның типіне және арналымына байланысты белгіле-

неді.

Электрлік және тепловоздық тартым кезінде бір локомотив оригада-сы бірнеше локомотивтерге немесе бір кабинадан басқарылатын тұрақты түрде бір-біріне қосылған секцияларға қызмет көрсете алады.

9.9-тармаққа және осы Ережелерде белгіленген басқа да талаптарға сәйкес қауіпсіздік-құрылғыларымен қамтамасыз етілуіне және жабдықталуына қарай локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинистің қызмет көрсетуін сатылап енгізуге рұқсат етіледі.

Шығару, беру, диспетчерлік, шаруашылықтық және басқа жұмыстар түрлерінде, маневрлік жұмыстарда пайдаланылатын, ұзақ еңістері және өрлері жоқ азәрекетті телімдердегі жүк қозғалысындағы локомотивтерге, сондай-ақ электр поездары мен дизель-поездарын қоспағанда жолаушы қозғалысындағы локомотивтік тартымдағы поездық локомотивтерге бір машинистің қызмет көрсетуіне рұқсат етіледі.

12.9. Деполық жолдарда және кәсіпорындар жолдарында жұмыстық
күйіндегі локомотивтерді, моторвагондық және арнайы өздігінен жүретін
жылжымалы құрамды оларға қызмет көрсету ережелерін білетін және
оларды қалай тоқтатуды білетін қызметкерлердің бақылауынсыз, ал қалған
станциялық жолдарда - машинистсіз немесе оның көмекшісінсіз қалдыруға
тыйым салынады.

12.10. Қатты отынмен істейтін әр паровозда жарамды ұшқынұстағыш немесе ұшқын өшіргіш аспаптары болуы тиіс.

Вагондарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу

12.11. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
техникалық қызмет көрсету пункттерінде, жүк және жолаушы деполарын-
да және зауыттарда жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету кезінде:

түзілімдер мен тетіктердің күйі және олардың белгіленген өлшемдерге

сәйкестігі;

тежегішқұрал-жабдықтың,буферлікжәнеавтоіліністікқұрылғыларының,

генератор жетегі әрекетінің және вагонасты құрал-жабдықтың бекітілуінің түзулігі тексеріледі. Ағытқыш иінтірек шынжырларының, автотіркегіштің және автотежегіштердің босатуының түзуілігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс;

жүрістік бөліктердің (арабшалардың) күйі және түзулігі тексеріледі.

Арбашаның екі жағынан сырғығыштар арасындағы жиынтық саңылау ЦНИИ-ДВЗ типті хоппер-мөлшерлегіштерді қоса төртосьті жүк вагондарының барлық типтерінде көмір, ыстық агломераттарды, апатит-терді тасымалдауға арналатын, саңылаулары ары кеткенде 12 мм және кем дегенде 6 мм болуы тиіс хопперлерден және ЦНИИ-2, ЦНИИ-3 хоппер-мөлшерлегіштерінен, ВС-50 думпкарларынан басқа ары кеткенде 20 мм

және кем дегенде 4 мм болуы, ал ВС-80, ВС-82, ВС-85 думпкарларында ары кеткенде 20 мм және кем дегенде 12 мм болуы тиіс.

Сегізосьтік цистернаның бір шетіндегі екі жағынан қосып біріктіретін және шүберіндік арқалықтардың сырғығыштарының арасындағы саңылаулары жиынтығында 4-тен 15 мм-ге дейін болуы тиіс;

цистерналар қораптары мен қазандарының тасымалданатын жүктердің сақтанымдылығын кепілдей алатын түзулігі;

өтпелі алаңшалардың, арнайы басқыштардың және тұтқалардың түзулігі;

жылжымалы құрам тетіктерінің және құрал-жабдықтарының жол үстіне құлауынан сақтандыратын құрылғылардың болуы және түзулігі тексеріледі.

Ақаулылықтары бар және техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды жүк тиеуге және адамдарды отырғызу үшін беруге тыйым салынады. Олардың жарамды деп танылғаны туралы арнайы журналға жазба енгізілуі тиіс.

Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда жүк тиеуге қойылатын бос вагондар, сондай-ақ осындай станцияларда қосарланған операциялар үшін пайдалануға белгіленген жүк тиелген вагондар тексері-луі тиіс, ал қажет болған жағдайда тиеу станциясының алдында орналасқан ең жақын қызмет көрсету пунктінде жөнделуі тиіс.

Вагондарды техникалық қызмет көрсетуге ұсынудың және олардың жарамдылығы жөнінде хабарландыру тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

12.12. Қалыптастыру және тарқату станцияларында, жолда келе
жатқанда — поездар қозғалысының кестесінде қарастырылған станциялар-
да поездың әр вагоны техникалық қызмет көрсетуден өтуі, ал ақаулылығы
анықталғанда - жөнделуі тиіс. Бұл станцияларда вагондардың ағытпай
жөндеуін ұйымдастырады.

Техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда әр вагон поезға қосылуының алдында тексерілуі және техникалық қызмет көрсету пункті бар ең жақын станцияға дейін жүріп жетуі үшін әзірленуі тиіс.

Поездарды техникалық қызмет көрсетуге ұсынудың және олардың әзірлігі жөнінде хабарландыру тәртібін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету пункттері жоқ станцияларда вагондарды поезға қосудың алдында тексеру және жөндеу тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді.

12.13. Жүк және жолаушы вагондарына техникалық қызмет көрсету
пункттерінің қызметкерлері вагондарға техникалық қызмет көрсетуді және
оларды жөндеуді технологиялық процеске және поездар қозғалысының ке-
стесіне сәйкес дер кезінде жүргізуі тиіс.

Қозғалыс қауіпсіздігі үшін және вагондардың «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілеген кепілді телім шегінде поезд құрамында жарамды күйінде жүріп өтуі үшін жауапкершілік аталған пункттердің қызметкерлеріне жүктеледі.

Жүк поездарына арналған кепілдік телімдер локомотивтер айнала-тын телімдердің ұзындығына, автотежегіштердің толық сынауын жүргізу

қажеттілігіне, вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсетілуіне және оларды коммерциялық тексеруге байланысты белгіленеді.

Жолаушы поездары құрамдарын қалыптастыру станцияларының және құрамдардың айналуы станцияларының қызметкерлері жолаушы вагондарының поезд құрамында қалыптастыру және айналым пунктінен поездың тарқатылатын (межелі) соңғы пунктіне дейін қауіпсіз жүріп өтуі үшін жауапты болады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 707 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ | Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу | ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АВТОТІРКЕПШ ҚҮРЫЛҒЫ| ТАРАУ ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)