Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Поездар қозғалысының тәртібі

Читайте также:
  1. Конференцияға қатысу тәртібі.
  2. Локомотивтерді поездарға қою
  3. Мащинистерінің поездарды жүргізуінің тәртібі
  4. Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар
  5. Поездарды қалыптастыру
  6. Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі

16.30. Темір жолдар торабындағы барынша рұқсат етілетін жолаушылар және жүк поездары қозғалысының жылдамдықтарын жолдардың құрылымына және жылжымалы құрамның типтеріне байланысты Министрлік белгілейді.

Поездардың аралықтар және станциялар бойынша қозғалысының жылдамдықтарын "ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейді және олар поездар қозғалысының кестесінде қарастырылады. Бұл ретте, бүйірлік жолдарға қарай қозғалыс жылдамдығы бағыттамалы бұрмалар бойынша 1/11 маркалы және одан да тік айқастырмадан 40 км/сағ аспауы, жолау-шы поездарының 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмалар бойынша 25 км/сағ аспауы, 1/11 маркалы айқастырмасы бар Р 65 типті рельстерден жасалған бұрмалар бойынша — 50 км/сағ аспауы, 1/11 маркалы айқастырмасы бар симметриялық бағыттамалы бұрмалар бойынша — 70 км/сағ аспауы, 1/18 маркалы айқастырмасы бар бұрмалар бойынша — 80 км/сағ аспауы, 1/22 маркалы айқастармамен — 120 км/сағ аспауы тиіс.

Бір сары (жыпылықтамайтын) шамы жанып тұрған бағдаршамнан жүріп өту жылдамдығы жолаушы және жүк поездары үшін 60 км/сағ аспауы тиіс.

Автоблоктаумен жабдықталған телімде келесі бағдаршамнан талап етілетін тежегіштік жолдан кем қашықтықта орналасқан, ал автоблоктаумен жабдықталмаған телімдерде толық қызметтік тежеу кезінде негізгі сигналдан тежегіштік жолдан кем қашықтықта орналасқан бір сары (жыпылықтамайтын) шамы жанып тұрған бағдаршамды "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілегенінен аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі.

Вагондарын алдына қаратқан поездың қозғалыс жылдамдығы 25 км/сағ аспауы тиіс; шаруашылықтық поездар үшін локомотивте және арнайы жылжымалы құрамда радиобайланыс бар кезінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамның, қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездарының қозғалыс жылдамдығы — 40 км/сағ аспауы тиіс. Қартазалағыштардың жүріп өту жылдамдығын "ҚТЖ" ¥К АҚ белгілейді.

Түйықталған станциялық жолдарга қабылдау кезінде поезд қозғалысы-ның жылдамдығы қабылдау жолының басталған жерінде 25 км/сағ аспауы тиіс.

Жолдың келесі телімінде басқа моторвагондық поезд орналасқан кезде осы жолдың бос теліміне қабылдау кезінде моторвагондық поездың қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ аспауы тиіс.

Жылдамдықтың азайтылуы талап етілетін жерлердегі қозғалыс жылдамдығы ескертпеде немесе "ҚТЖ" ¥К" АҚ басшыл ығының бұйрығында көрсетілгендегіге сәйкес болуы тиіс, ал мұндай нұсқаулар жоқ кезінде -25 км/сағ жоғары болмауы тиіс.

16.31. Поездардың жүріп өтуі кезінде локомотивтік бригадалардың ерекше қырағылығын қамтамасыз ету және оларды жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы ескерту қажет болған жағдайларда поездарға жазбаша ескертпелер беріледі.

Ескертпелер келесі жағдайларда беріледі:

жолдың, түйіспелі торап құрылғыларының, өтпелік сигаал берудің жасанды және басқа құрылыстардың ақауылылығы кезінде, сондай-ақ жылдамдықтың азайтылуын немесе жолда тоқтауды талап ететін жағдайда;

сигнал беру және байланыс құралдарының жаңа түрлерін пайдалануға еңгізгенде, сондай-ақ жаңа бағдаршамдарды қосқанда, қолданыстағыларының орнын ауыстырғанда немесе оларды алып тастағанда және бағдаршамды жабық күйіне келтіруге мүмкін болмайтын олардың ақаулылығы кезінде;

автоматты локомотивтік сигнал берудің жол құрылғыларының ақауылығы кезінде;

тиеу габаритінің шегінен асатын жүктері бар поезды жөнелткенде, осы поездың жүріп өту кезінде жылдамдықты төмендету немесе ерекше шарттарды орындау қажет болған жағдайда;

қосжолды аралықта қартағалағыш, балластағыш, жолтөсегіш, көтергіш кран, шағылтас тазалығыш және басқа машиналардың жұмысы кезінде;

осы телім үшін белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды поезға қойғанда;

алынбалы жылжымалы бірліктердің жұмысы кезінде, сондай-ақ жол вагоншаларында ауыр жүктерді тасымалдағанда;

жылдамдықтың азайтылуы немесе поездың жолда келе жатқанда тоқтауы қажет болатын барлық басқа жағдайларда, сондай-ақ локомотив бригадаларын поездың жүріп өтуінің ерекше шарттары жөнінде ескерту қажет болғанда.

Поездарға ескертпелер беру Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

16.32. Қосжолды аралықтарда әр басты жол әдетте, поездардың белгіленген бір бағытпен қозғалысы үшін қызмет етеді.

Көпжолды телімдерде әр басты жолмен қозғалыс тәртібін тасымалдау бөлімшесінің басшылығы белгілейді.

Поездар қозғалысын үш-немесе төрттінді жолдардың телімдерінде (жолдардың айқасуы кезінде) ұйымдастыру тәртібін тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы белгілейді.

16.33. Поездар қозғалысын реттеу үшін поезд диспетчерінің бұйырығы бойынша поездардың теріс жолмен жөнелтілуі қолданылуы мүмкін.

Жолаушы поездарының теріс жолмен жөнелтілуіне әр жекелеген жағдайда тасымалдау бөлімшесі бойынша кезекшінің бұйырығымен айрықшалық ретінде ғана жол беріледі.

Поездардың теріс жолмен жүріп өтуі кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.34. Қажет болғанда, поездардың біріктірілуі және осы поездардың әрқайсысының басында әрекеттегі локомотивтермен біріктірілген күйінде жүріп өтуі қолданылуы мүмкін.

Мұндай поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәртібін тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы белгілейді.

16.35. Поездардың вагондарын алға қойып жүруі келесі жағдайда рұқсат етіледі:

темір жолдың кірме жолдарына қарай және кері қозғалысы кезінде;

шаруашылықтық, қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездардың қозғалысы кезінде;

шаруашылықтық, қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездардың қозғалысы кезінде.

Мұндай поездың басында қозғалыс бағытына қараған жағында өтпелік алаңшасы бар вагон қойылады, оның үстінде жолдың бос болуын қадағалауға және қозғалыс немесе адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда поезды тоқтату шараларын қабылдауға міндетті қызметкер болуы тиіс.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 1104 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ | Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу | ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ | АВТОТІРКЕПШ ҚҮРЫЛҒЫ | ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ АРНАЙЫ | ТАРАУ ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ | Ж¥МЫСЫН ¥ЙЫМДАСТЫРУ | Поездарды қалыптастыру | Локомотивтерді поездарға қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Беру және байланыс құралдары| Мащинистерінің поездарды жүргізуінің тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)