Читайте также: |
|
15.26. Поездар осы Ережелерге, поездар қозғалысының кестесіне және
оларды қалыптастыру жоспарына толығымен сәйкестікте қалыптастырылуы
тиіс. Жүк поездарының салмағы мен ұзындығының нормалары бағыттар және әр бойынша телім поездарды қалыптастыру жоспарында белгіленеді және локомотивтің типіне, поездар айналымының телімдеріндегі жолдың пішініне және осы телімдердің станцияларындағы қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына, ал электрлендірілген желілерде — электрмен жабдықтау жағдайына сәйкес болуы тиіс.
¥зынқұрамды, ауырсалмақты, біріктірілген, сондай-ақ салмағы және ұзындығы арттырылған жүк поездарын қалыптастыру және өткізу тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ нұсқаулығына сәйкес тасымалдау бөлімшесінің басшылығы белгілейді.
Алыссапарлық және жергілікті жолаушы поездарының салмағы мен ұзындығының нормалары және оларда вагондарды орналастыру тәртібі по-ездар қозғалысы кестесінің кітапшаларында көрсетіледі.
Жолаушы поездарына вагондарды нормадан асыра тіркеу және Казақстан Республикасының шегінде ұзынқұрамды жолаушы поездарының жүріп өту тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді, ал Қазақстан темір жолдарының шегінен тыс аумаққа жүріп өткенде Достастық мүше-мемлекеттері Кеңесінің Дирекциясымен келісімдей отырып "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.
Жылжымалы құрамды, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамды поезға қойғанда оның салмағы мен ұзындығы "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы бекіткен поездар қозғалысы графигінің нормативтік кестелеріне сәйкес анықталады. Бұл кестелер поездар қозғалысы кестесінің кітапшаларында орналастыры-лады.
15.27. Поездарға қоюға тыйым салынатындар:
ақаулы, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тасымалданатын жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ете алмайтын күйдегі вагондар;
ездерінің жүккөтергіштік шегінен асыра тиелген вагондар;
ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттарын бұза отырып тиелген платформалар мен үсті ашық вагондар;
шанақтың қисаюын немесе вагонның рамасы мен шанағының жүрістік бөлікке соғылуын тудыратын шөгіп қалған серіппегіштері бар вагондар, сондай-ақ табақтарының үзіліп кету қауіпін тудыратын төбесінің ақаулылықтары;
рельстерден шыққан жағдайы болған немесе апатқа ұшыраған поездың құрамында болған вагондар оларды тексергенге дейін және қозғалысқа жа-рамды деп табылғанға дейін;
ерекше құжаттар бойынша (өз өсіндегі жүк ретінде) жүріп өтетін вагон-дардан басқа белгіленген жөндеу түрлерінің жүргізілгені жөнінде трафареті жоқ вагондар;
габаритсіз жүктері бар платформалар, транспортерлер және үсті ашық вагондар, егер мұндай вагондардың жүріп өтуі жөнінде ерекше нұсқау бе-рілмеген болса;
"ҚТЖ" ¥К» АҚ арнайы нұсқаулықтарымен қарастырылған жағдайларда басқа ернеулері жабылмаған платформалар, шанаптары бекітілмеген ва-
гондар, цистерналар, хопперлер, астықтасушылар, цементтасушылар және жоғарғы мен төменгі тиеу-түсіру құрылғыларының қақпақтары ашық ұқсас жылжымалы құрам;
есіктері және люктері ашық немесе жабу механизмдерінің бір ғана ілме-гімен жабылған люктері бар үсті ашық вагондар;
ашық және есіктері есік ілмегімен жабылмаған бос, үсті жабық вагондар, дөңгелеу шеңбері бойынша қарамайдан тазартылмаған доңғалақ жұптары бар мұнай битумын тасымалдауға арналатын вагондар.
15.28. Алыссапарлық және жергілікті қатынастардың жолаушы поезда-
рына тұтастай металды емес қызметтік-техникалық арналымдағы вагондар-
ды жалғауға рұқсат беріледі.
Барлық жолаушы поездарындағы бірінші және соңғы вагондарында шеткі бүйіржақтық есіктері жабық болуы, ал өтпелік алаңшалары көтерулі күйінде бекітілуі тиіс.
15.29. Жолаушы және пошталық-бағажды поездарға:
қауіпті жүгі бар вагондарды;
кезеңдік жөндеу мерзімдері таусылған немесе бірыңғай техникалық ре-визия мерзімдері біткен вагондарды қоюға тыйым салынады.
Жолаушы поездарына (жүрдек және жеделдерінен басқа) "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен төмендегі жүк вагондары қойылуы мүмкін:
төртосьті жабық;
сүттасушы цистерналар;
дербес тоңазытқыштық;
балықты тірідей тасымалдағыш.
Бұр ретте, алыссапарлық қатынастағы жолаушы поезына ары кеткенде бір жүк вагонын немесе балықты тірідей тасымалдайтын екі вагондық сек-цияны жалғауға, жергілікті және қаламаңы қатынасындағы поезға — ары кеткенде үш вагон жалғауға рұқсат етіледі.
Пошталы-багаждық поездарға "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен осы пунктте жолаушы поездарына жалғау үшін көрсетілген жүк вагодарын, сондай-ақ арнайыландырылған вагон-дарды: термостарды, тоңазытқыштық бес вагонды секцияларды және тоңазытқыштық секциялардың жекелген вагондарын, жеңілсалмақты жүктерге арналған төртосьтік үсті жабық және саны ары кеткенде алты вагоннан аспайтын тұтастай металды (ТМЖВ / ЦМГВ) вагонда-рын қоюға рұқсат етіледі. Қажет болған жағдайда пошталы-багаждық поездарға "ҚТЖ" ¥К» АҚ рұқсатымен және белгілеген тәртібіне сәйкес басқа да жүк вагондарын қоюға жол беріледі. Жалғанатын жүк вагондарының құрылымы және техникалық күйі және олардағы жүктің бекітілуі жолаушы, пошталы-багаждық поездың қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Жолаушы және пошталы-багаждық поездардың құрамына басқа құрылымдар мен типтердің жылжымалы құрамы енгізілген жағдайда олардың жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтардан аспауы тиіс.
15.30.Пошталы-багаждық поездарда вагондардың орналастырылуы жолаушы поездары үшін белгіленген тәртіппен, ал жүк-жолаушы поездары үшін - жүк поездары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
15.31.Жүк-жолаушы поездарына қауіпті жүктері бар вагондарды, сондай-ақ сүйытылған газдардың бос цистерналарын қоюға тыйым салынаі ды. Айрықша жағдайларда, жүк-жолаушы поездарынан басқа поездар айналмайтын азәрекетті телімдерде оларға (1-класты қауіпті жүктері — "жарылғыш материалдары" бар вагондардан басқа) қауіпті жүктері бар вагондардың "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен және белгілеген тәртібімен қойылуына жол берілуі мүмкін.
15.32.Жүк поездарын қалыптастыру вагондарды осьтерінің саны және, салмағы бойынша іріктеусіз жүргізіледі.
Ауырсалмақты және ұзынқұрамды поездарды қалыптастырған кезде бос вагондар поездың соңғы үштен бір бөлігіне қойылуы тиіс.
Құрама поездарда вагондар арналым станциялары бойынша топтастырылады, ал құрамалық-тарату вагондары жеке тобымен қойылады.
Моторвагондық жылжымалы құрам жөндеуге бара жатқанда немесе
жөндеуден қайтқанда жүк поезының соңына жеке топқа қойылады.
Қауіпті жүгі бар вагондар жүк поездарына Темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау Ережелері және Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау Ережелері белгілеген тасымалдау шарттарына сәйкес қойылады.
15.33. Қызметтік және жүктерді ілеспелейтін жолсеріктері (коман-
дирлері) бар вагондардан басқа адамдары бар жолаушы және жүк ва-
гондары поездарға бір топқа қойылады және олардың локомотивтен,
қатты итеру және жұлқып тоқтау кезінде жылжып кетуі мүмкін рель-
стері, арқалықтары, бөренелері және басқа да ұқсас жүктері бар ашық
жылжымалы құрамнан және поездың соңынан кем дегенде бір вагондық
қорғанысы болуы тиіс.
Адамдарды жүк поездарымен тасымалдау тәртібін Министрлік белгілейді.
15.34. Адам таситын поездарға қауіпті жүктері бар вагондарды, сондай-
ақ сұйытылған газдардың бос цистерналарын қоюға тыйым салынады.
Қауіпті жүктері бар вагондарды әскери адам таситын поездарға қою тәртібі Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерімен бел-гіленеді.
15.35. Жүк поездарына адамдар орналасқан вагондарды, сондай-ақ Темір
жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген
категориялардағы жүктері бар вагондардың қауіпсіз жүктері бар вагондар-
дан немесе бос вагондардан тұратын қорғанысы болуы тиіс.
Аталған вагондардың жүк поездарында орналастырылуы Темір жол-дармен жүктерді тасымалдау ережелеріне және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сүйене отырып Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
15.36. Габаритсіз жүгі бар вагондардың және арнайы жылжымалы
құрамның поездарда орналастырылуының және жүріп өтуінің тәртібі
"ҚТЖ" ¥К» АҚ бекіткен тиісті нұсқаулықтармен белгіленеді.
15.37. Аралықта жұмыстар жүргізіп келе жатқан шаруашылықтық по-
ездарда кондукторлардың және жұмыстарды басқарушылардың жүріп
өтуі үшін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейтін тәртіпке сәйкес өтпелі
алаңшалары бар вагондар қойылуы тиіс.
Тежегіштердің поездарға қосылуының тәртібі
15.38. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы жылжымалы
құрамның тежегіш құралдармен техникалық жарақтандырылуына байла-
нысты "ҚТЖ" ¥К» АҚ төмендегі нормаларды белгілейді:
жүк және жолаушы поездары үшін олардың әр 100 т салмағына келетін ең аз бірыңғай тежегіштік басуды және поездардың белгіленген барынша жоғары жылдамдықтармен қозғалысы рұқсат етілетін барынша тік жетекші еңісті;
қозғалыс жьілдамдығы, еңіс мөлшері, тежегіштік басу және тежегіш жолдың арасындағы тәуелділіктерді;
тежегіш қалыптарының жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамның өсіне басылуының есептік нормалары, поездарды қол тежегіштерімен қамтамасыз ету нормалары және тежеу есептемелерін жүргізу үшін қажетті басқа да деректер.
Аталған нормалар және деректер поездар қозғалысы кестесінің кітапша-ларына және "ҚТЖ" ¥К» АҚ тиісті нұсқаулықтарына енгізіледі.
15.39. Поездардың телімдер бойынша қозгалысының графигінде белгі-
ленген жылдамдықтары "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен жа-
рияланады.
15.40. Жолаушы поездарында автотежегіш торапқа жолаушы ти-
піндегі автотежегіштері бар барлық вагондар қосылуы, ал жүк және
шаруашылықтық поездарда — жүк типіндегі автотежегіштері бар вагондар
және арнайы жылжымалы құрам қосылуы тиіс.
Жолаушы және пошталы-багаждық поездар пайдаланылуы тиіс. РИЦ габаритіндегі вагондарды, сондай-ақ жүк типіндегі тежегіштері бар ва-гондарды жолаушы және пошталы-багаждық поездарға қосқан кезде бұл поездардың "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілейтін тәртіпке сәйкес пневматикалық те-жегіштерді қолдана отырып жүріп өтуіне рұқсат беріледі.
Барлық поездарда барлық локомотивтердің және паровоздар тендерлерінің (тежеудің бос режимі жоқ, жұмыстық емес күйде келе жатқан тендерлерден басқа), сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның автотежегіштері автотежегіш торабына қосылуы тиіс.
Жолаушы және жүк типіндегі автотежегіштері бар вагондарды барлық поездарда автотежегіш торапқа бірлестіріп қосу тәртібін, сондай-ақ вагондардың, локомотивтердің және арнайы жылжымалы құрамның ауатаратқыштарын тиісті тежеу режиміне қосу тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілейді.
Жүк және шаруашылықтық поездарға жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам аралықтық магистралімен, бірақ та бір топта ары кеткенде 8 өсімен, ал поездың соңында соңғы екі вагонның алдына — ары кеткенде 4 өсімен қойылуы мүмкін. Соңғы екі вагонның әрекеті түзу іске қосылған автотежегіштері болуы тиіс.
15.41. Автотежегіштердің поездарда сынап тексерілуі төмендегідей жүргізіледі:
Толық сынағы — барлық вагондардың тежегіш магистралінің күйін және тежегіштерінің әрекетін тексеру:
қалыптастыру станцияларында поездың жөнелтілуінің алдында;
локомотивті ауыстырғаннан кейін.
Егер локомотивтер айналымының телімі 600 км-ден астам болса, сонымен қатар локомотивтік бригадаларының ауысуы жүргізілетін және вагондарға техникалық қызмет көрсететін пункті бар станциялардың бірін-де жүк поезының автотежегіштерінің толық сынап тексерілуі жүргізілуі тиіс. Мұндай станциялардың тізімін "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілейді.
локомотивті ауыстырусыз құрамға техникалық қызмет көрсету кезінде жүк поездары жүріп өтетін іргелес кепілді телімдерді бөлісетін станциялар-да;
моторвагондық поезды деподан шығарып берудің алдында немесе оның станцияда бригадасыз тұрақтауынан кейін;
поездың тоқтауы қозғалыс кестесімен қарастырылатын ұзақ еңістері бар аралықтардың алдында орналасқан станцияларда;
мәні 0,018 және одан да тік ұзақ еңістердің алдында толық сынап тексеру тежелген күйінде он минуттық басып ұстап тұру арқылы орындалады.
Мұндай станциялардың тізімін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.
Электрлі-пневматикалық тежегіштердің толық сынап тексеруін жолау-шы поездарының қал ыптастырылуы және айналуы станцияларында тұрақты құрылғылардың немесе поездық локомотивтің жүйесімен жүргізеді.
Қысқартылған сынағы — соңғы екі вагонның тежегіштерінің әрекеті бой-ынша тежегіщ магистральдің күйін тексеру:
егер алдын ала станцияда автотежегіштердің сыгымдағыш қондырғыдан немесе локомотивтен толық сынап тексеруі жүргізілген болса, поезд локо-мотивін құрамга тіркегегеннен соң;
моторвагондық поездың басқару кабинасы ауыстырылғаннан кейін және локомотив поездан ағытылмайтын жағдайда локомотив бригадаларының ауысуынан кейін;
поезд құрамындағы жеңдердің кез келген ажыратылуынан, құрамдағы шеткі кранның жабылуынан, жылжымалы құрамды тіркеу нәтижесіндегі жеңдердің қосылуынан (соңғы жағдайда әр тіркелген вагонда тежегіш әрекетін тексере отырып) кейін;
жолаушы поездарында, поезд 20 минуттен астам тұрақтағанда, ба-сты резервуарлардағы қысымның 5,5 кгс/см2 мөлшерінен төмен түскенде, басқару кабинасын ауыстырғанда немесе аралықта поездың қозғалысын бас жақтағы кабинадан бұдан әрі басқару мүмкін болмауына байланысты по-
езды тоқтатқаннан кейін басқаруды екінші локомотивтің машинисіне бер-геннен кейін;
жүк поездарында, егер поездың тұрақтауы кезінде автотежегіштердің өздігінен іске қосылуы немесе тығыздық ВУ-45 нысанында көрсетілген мөлшерден 20 % -дан астам өзгерсе;
жүк поездарында, поезд 30 мин. астам тұрақтағаннан кейін, егер ол жерде вагон тексерушілері және өздеріне сынап-тексеру міндеті жүктелген, автотежегіштерді сынау жөніндегі операцияларды орындауға үйретілген қызметкерлер бар болса.
Электрлі-пневматикалық тежегіштердің қысқартылған сынап көруі локо-
мотивті, локомотив бригадаларын ауыстыру пункттеріндё, вагондарды тірке-
ген соң әр тіркелген вагонда тежегіш әрекетін тексере отырып жүргізіледі, сон-
дай-ақ алдын ала, станцияда электрлі-пневматикалық тежегіштердің тұрақты
құрылғыдаң немесе локомотивтен толық сынап-тексерілуінен кейін жүргізіледі.
Тежегіштердің толық немесе қысқартылған сынап көруін жүргізгеннен кейін,
сонымен қатар жолда келе жатқанда тежегіштер әрекетінің тексерілуі "ҚТЖ"
¥К» АҚ тиісті нұсқаулығына сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Жолаушы поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде, вагон тексерушілері қарастырылмаған станцияларда және аралықтарда тежегіштердің қысқартылған сынап көруіне жолаушы поезының бастығы (механик-бригадирі) және (бас және соңғы) вагондардың жолсеріктері машинистің радиобайланыс арқылы берілетін нұсқауы бой-ынша тартылады.
Салмағы мен ұзындығы арттырылған және біріктірілген поездардың, жүк және шаруашылықтық поездар құрамдарындағы арнайы жылжымалы құрамның вагондарын автотежегіш торапқа қосу, сондай-ақ мұндай поез-дарда автотежегіштерді сынап тексеру тәртібі "ҚТЖ" ¥К» АҚ бекіткен тиісті нұсқаулықтармен белгіленеді.
15.42. Тежегіштерді поезда толық сынап тексергеннен кейін (егер алдын ала станцияда тұрақты құрылғыдан немесе локомотивтен тежегіштердің толық тексерілуі жүргізілген болса), вагондарды тексеруші жетекші локомотивтің машинисіне "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілеген поездың тежегіш-термен қамтамасыз етілуі және олардың әрекетінің түзулігі жөніндегі ны-саны бойынша анықтаманы тапсырады. Поезға берілген анықтамада соңғы вагонның нөмірі де көрсетіледі.
Моторвагондық поездардағы автотежегіштердің әр-толық сынап-тексе-рілгені жөнінде арнайы кітапта жазба енгізіліп отырады.
Автотежегіштердің әр қысқартылған сынап тексерілуі кезінде вагондарды тексеруші, ал оның қызметі қарастырылмаған жерлерде станция бойынша ке-зекші, бас кондуктор немесе поездарды құрастырушы машинистің қолындағы тежегіштер жөніндегі анықтамада автотежегіштердің қысқартылған сынап тексеруінің жүргізілгені туралы (құрамның орын алған өзгерісі жөніндегі бел-гіні қоса) белгі қояды.
Егер автотежегіштердің қысқартылған сынап тексеруі кезінде соңғы екі вагондардың тежегіштері істемей қалса, онда өзіне автотежегіштерді сынап
көру міндеті жүктелген қызметкер поездың жөнелтілуіне жол бермеу шара-ларын қабылдауға міндетті.
Вагон қараушылардың қызметі қарастырылмаған станцияларда автотежегіштердің әрекетін тексеру ісіне жолаушы поездарында вагондардың жолсеріктері, ал жүк поездарында — автотежегіштерді сынап тексеру операцияларын орындауға үйренген қызметкерлер (лауазымдар тізбесін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді) тартылады.
15.43. Поездардағы тежегіштерді басқару режимдерін (жылдамдық-
өлшегіш таспаларды шешіп оқумен қоса) тексеру үшін тежегішсынағыш
вагондары қолданылуы тиіс. Тексеру тәртібін: — жүк және жолаушы поез-
дары үшін — "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 710 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ж¥МЫСЫН ¥ЙЫМДАСТЫРУ | | | Локомотивтерді поездарға қою |