Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мащинистерінің поездарды жүргізуінің тәртібі

Читайте также:
  1. Конференцияға қатысу тәртібі.
  2. Поездар қозғалысының тәртібі
  3. Поездарды қалыптастыру
  4. Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі

16.36. Машинист:

локомотивтің (моторвагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жыл-жымалы құрамның, қызмет көрсетілетін телімнің пішінін, оның үстінде тұрақты сигналдардың, сигналдық нұсқағыштардың және белгілердің орналасуын және олардың арналымын, сондай-ақ қызмет көрсетілетін телімдегі темір жол өтпелерінің орналасқан жерлерін білуге, поездар қозғалысының кестесі қасында болуына;

локомотивті (моторвагонды поезды), арнайы жылжымалы құрамды қабылдап алу кезінде тежегіштердің, құмсалғыштардың және радиобайланыстың, дыбыс сигаалын беруге арналған аспаптардың әрекетіне ерекше көңіл бөле отырып жарамдылығына көз жеткізуге журналындағы жазбалар бойынша автоматты локомотивтік сигнал берудің және қауіпсіздік құрылғылары әрекетінің түзулігіне көз жеткізуге; сигналдық құрал-жабдықтардың, өрттен қорғану құралдарының бар болуын тексеруге;

поездың қозғалыс кестесін дәлме-дәл ұстана отырып қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

16.37. Локомотивті поездың құрамына, ал арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды шаруашылық поезының құрамына тіркегеннен кейін машинист:

локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның поезд құрамының бірінші вагонымен дұрыс ілінісуіне және ауа жеңдерінің қосылуына, сондай-ақолардың арасындағы шеткі крандарының ашылғанына көз жеткізуге;

тежегіш магистральді қысылған ауамен толтыруға, қысымның төмендеуі белгіленген нормалардан аспайтынына көз жеткізуге және автотежегіштер-ді сынап көруге;

поездың тежегіштермен қамтамасыз етілуі жөнінде анықтама алуға, ондағы көрсетілген соңғы вагонның нөмірін натурлық парақпен салыстыруға

және поездағы тежегіштік басылудың белгіленген нормаларға сәйкестігіне көз жеткізуге;

натурлық парақ бойынша жук және жүк-жолаушы поезының құрамымен - Темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау ережелерінде және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған, адамдар отыратын, жекелеген категориялардағы жүктері бар вагондардың, сондай-ақ ашық жылжымалы қүрамның бар-жоғы жөнінде тексеріп қарап шығуға; натурлық парақ бойынша жолаушы және пошталы-багаждық поездың қүрамымен - жүк-багажымен және багажбен тиелген жүк вагондарының бар-жоғын түгендеген тексеріп шығуға міндетті.

Егер локомотив жеке шақыруы бар радиостанциясымен жарақтандырылған болса, радиостанцияны басқару пультінде поездың тағайындалған нөмірін енгізуі тиіс.

Локомотивті вагондарының электрлі жылытуы бар жолаушы поезының қүрамына тіркегеннен кейін машинист, электрмеханик вагонаралық жоғары вольтті электрлі жалғастырғыштарды қосуы үшін токқабылдағыштарды төмен түсіруге міндетті.

Автоматты локомотивтік сигнал беруімен жабдықталған телімдерде, жетекші локомотивтің, моторвагондық поездың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамның машинисі станциядан шығар алдында осы қүрылғыларды іске қосуы тиіс, ал радиобайланыспен жабдықталған телімдерде, радиостанциясының іске қосулы түрғанына көз жеткізуі және байланысқа шақыра отырып жолаушы поезының бастығымен (механик-бригадирімен) арадағы және тиісінше шаруашылық поезындағы жұмыстар. басқарушысымен радиобайланысты тексеруі тиіс.

16.38. Поезды жүргізуі кезінде машинист және оның көмекшісі: жолдың бостығын, сигналдарды, сигналдық нұсқауғыштарды және белгілерді қадағалауға, олардың талаптарын орындауға және бағдаршамдардың берген барлық сигналдарын, жолдан және поездан берілетін тоқтау және жылдамдықты азайту сигналдарын бір-біріне қайталап отыруға;

поездың күйі мен бүтіндігін, ал электрлендірілген телімдерде сонымен қатар, түйіспелі тораптың да күйін қадағалауға;

локомотив, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам жұмысының ақаусыздығын және қауіпсіздігін бақылайтын аспаптардың көрсетулерін қадағалауға;

электр энергиясы мен отынды үнемдеп шығындай отырып локомотив қуатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

станцияға кіреберісте және станциялық жолдармен жүріп өткенде белгі-ленген сигналдарды беруге, стрелкал ық нұсқағыштар бойынша маршруттың дұрыстығын, жолдың бостығын және станциялар қызметкерлері беретін сигналдарды, сондай-ақ іргелес жолдардағы поездар қозғалысы мен маневр-лік қозғалыстарды қадағалауға, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төнгенде дереу тоқтау шараларын жүзеге асыруға міндетті.

Поезды станцияда тоқтатқаннан кейін, егер оның әлдеқандай ақаулылықтары анықталса, машинист дереу бұл жөнінде станция кезекшісіне

хабарлауға, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті.

Станцияда тоқтау қажет болғанда машинист поезды қабылдау жолының шығу бағдаршамынан (ал ол жоқ кезде — шектік бағаншадан) өтпей тоқтатуға міндетті.

Бұл ретте, жүк поезының локомотиві шығу сигналының, (оның жоқ кезінде — шектік бағаншаның) алдында тоқтатылуы тиіс. Машинист, оларға дейін жетпей-ақ, егер ол станция кезекшісінен поездық радиобайланысы арқылы бүкіл құрамның қабылдау жолының пайдалы ұзындығының шегін-де орналастырылғанына көз жеткізсе, поезды тоқтата алады.

Жолда келе жатқанда автоблоктау бағдаршамдарының ақаулылығын, жолдың, түйіспелік тораптың және басқа қүрылыстар мен құрылғылардың зақымданғанын, іргелес жолдармен жүріп бара жатқан поездардың ақаулылықтарын анықтаған жағдайда машинист бұл жөнінде ең жақын орналасқан станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне хабарлауға міндетті.

Поездық радиобайланыс бар кезінде осы ақаулылықтар жөніндегі ха-барламаны машинист радио арқылы ең жақын станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне, ал қажет болғанда, іргелес жолмен келе жатқан поездың машинисіне жіберуі тиіс.

Сигналдардың, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің нашар көрінімділігі (тұман, нөсер, қарлы боран және т.б.) жағдайында келе жатқанда машиниске, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында поездың белгіленген жылдамдығын төмендетуге рұқсат беріледі,

16.39. Поезды жүргізуі кезінде машинист:

тежегіш құрылғыларын үнемі іске қосуға әзір ұстауы, оларды жолда келе жатқанда тексеруі, басты және магистральдік резервуарда қысымның белгіленген нормалардан төмен түсуіне жол бермеуі тиіс;

тұрақты сигналдардың тыйым салушы көрсетулерінде, жылдамдықты азайту сигналдарының көрсетулерінде және жылдамдықты төмендетуді талап ететін басқа да сигналдардың көрсетулері кезінде қызметтік тежеуді қолдана отырып поезды тоқтату сигналынан өтпей тоқтатуы, ал жылдамдықты азайту сигналынан, осы сигнал үшін белгіленген мөлшерден аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс;

бейтарап ендірмені қоршайтын сигналдық белгіден (оның үстінде локомотивтің тоқтап қалуына жол бермеу үшін) кем дегенде 20 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс;

кенеттен берілген тоқтау сигналы кезінде немесе кенеттен кедергі пайда болғанда поезды тоқтату үшін дереу шұғыл тежеу құралдарын қолдануы тиіс;

кенеттен берілген тоқтау сигналы кезінде немесе кенеттен кедергі пайда болғанда поезды тоқтату үшін дереу шұғыл тежеу құраладарын қолдануы тиіс.

16.40. Жолда келе жатқанда машиниске:

«ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен, осы Ережелерде белгілен-

ген, сондай-ақ сигаалдардың берілген ескертпелері және нүсқауларымен белгіленген жылдамдықтарды асыруға;

локомотивті, моторвагондық поезды, арнайы өздігінен журетін жыл-жымалы құрамды басқарудан, оған қызмет көрсетуден және сигналдар мен жол жағдайын бақылаудан басқаға көңіл бөлуге;

әрекеті түзу қауіпсіздік қүралдарын істен ажыратуға немесе олардың ісіне килігуге;

локомотивтегі, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамдағы поездың жүргізілуін қамтамасыз ететін тартымдық қүрал-жабдықтың істен шығуы кезінде және оның себебін анықтап жоюдың мүмкіндігі болмаған жағдайда аралыққа шығуға тыйым салынады.

16.41. Поездың қозғалысын жетекші локомотивтің машинисі басқарады. Басқа локомотивтердің, соның ішінде итермелеуші локомотивтердің машинистері жетекші локомотив машинисінің нүсқаулары мен сигналдарына бағынуға және оларды қайталауға міндетті.

Итермелеуші локомотивтер жүмысының тәртібі «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы бекіткен нүсқаулықтармен белгіленеді.

16.42. Кондукторларды (қүрастырушы бригаданы), сондай-ақ «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілеген тәртіпке сәйкес берілетін рүқсаты бар бірақ та бірмезгілде екіадамнан артық емес лауазымды түлғалардан басқа адамдарға локомотивтің жұмыстық кабинасында болуына тыйым салынады.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 329 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Рылыстар мен құрылғыларды жөндеу | ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ | АВТОТІРКЕПШ ҚҮРЫЛҒЫ | ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ АРНАЙЫ | ТАРАУ ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ | Ж¥МЫСЫН ¥ЙЫМДАСТЫРУ | Поездарды қалыптастыру | Локомотивтерді поездарға қою | Беру және байланыс құралдары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Поездар қозғалысының тәртібі| Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)