Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезіндегі әрекеттер тәртібі

Читайте также:
  1. Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері
  2. Конференцияға қатысу тәртібі.
  3. Мащинистерінің поездарды жүргізуінің тәртібі
  4. Поездар қозғалысының тәртібі

16.43. Поездың аралықта амалсыз тоқтауы кезінде машинист:

егер шүғыл тоқтау қажет болмаса поезды мүмкіндігінше алаңшада және жолдың түзу телімінде тоқтатуға;

поездың автотежегіштерін және локомотивтің қосалқы тежегішін, ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда автотежегіштерді, ал басқару аспаптары бар болған жағдайда қосымша тежегішті іске қосуға;

дереу радиобайланыс арқылы тоқтағаны туралы аралықта келе жатқан локомотивтер мен моторвагонды поездардың машинистеріне және аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшілерге хабарлауға міндетті, ал олар бұл жөнінде дереу поезд диспетчеріне хабарлауы тиіс, сондай-ақ жолаушы поезының бастығына (механик-бригадиріне) радиобайланыс арқылы хабарлауға міндетті, ал арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисі шаруашылықтық поездағы жұмыстарды басқарушыға хабарлауға міндетті;

егер тоқтау поездың тыйым салушы көрсетуі бар бағдаршамының алдында кідіруімен байланысты болмаса, оның себебін анықтауға және арықарай қозғалыстың мүмкіндігін анықтауға;

егер поездың қозғалысы 20 және одан астам минут ішінде жалғастырыла алмайтын болса және поезды орнында автотежегіштермен ұстап тұру мүмкіндігі болмаса, локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның қол тежегішін іске қосуға және құрамдағы бар қолтежегіштерін

(жолаушы вагондарының жолсеріктері, кондукторлары, шаруашылықтық поезында жұмыстардың басқарушысы) іске қосу үшін сигнал беруге міндетті. Мұндай қызметкерлері жоқ поездарда машинистің көмекшісі вагондардың доңғалақтарының астына локомотивтегі бар тежегіш табандықтарды салуға, ал олар жеткіліксіз болғанда, сонымен қатар вагондардың қол тежегіштерін «ҚТЖ» ¥К» АҚ нүсқаулығымен белгіленген санына және тәртібіне сәйкес іске қосуға міндетті;

қосымша, поездық радиобайланыс арқылы станция бойынша кезекші-ге немесе поезд диспетчеріне тоқтау себебін және қозғалыс үшін кедергі болған жағдайды жою жөніндегі қажетгі шаралар туралы хабарлауға мін-детті. Поездық радиобайланыс бұзылған жағдайда станция бойынша кезек-шіге немесе поезд диспетчеріне телефон байланысы бар ең жақын пункт-тен (машинист көмекшісі, кондукторы, жолаушы вагонының жолсерігі, шаруашылықтық поездағы жұмыстар басқарушысы арқылы) хабарлауға;

поезға қызмет көрсететін барлық қызметкерлермен бірлесе отырып қозғалысқа кедергі болған жагдайды жою жөнінде шаралар қолдануға, ал қажет болған -жағдайларда поездың және іргелес жолдың қоршалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Жолаушы поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткенде поезды бекіту және қоршау операцияларының орындалуын жолаушы поезының бастығы (механик-бригадирі) және вагондардың жол серіктері радиобайланыс арқылы берілетін машинистің нұсқауы бойынша жүргізеді.

16.44. Аралықта тоқтаған поездың қоршауын:

жолаушы поезды - қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поезды шақырған кезде, сондай-ақ қосалқы локомотивтің - дереу шақыра салысы-мен жүргізеді;

егер поезд барлық сигнал беру және байланыс құрылғылары қызметінің әрекеті тоқтаған кезде жөнелтілген болса - поезд тоқтағаннан кейін дереу жүргізіледі.

Поездар қозғалысы үшін кедергі жасайтын орын барлық жағдайда қосжолды немесе кепжолды аралықтың іргелес жолында ең бірінші кезекте келіп жетуі күтілетін поезд жағынан дереу қоршалуы тиіс.

Қоршау тәртібі Темір жолдарда сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен, ал қызметкерлердің іс-әрекеттерінің тәртібі - Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.45. Автоблоктаумен жабдықталған телімдерде жолаушы поезы аралықта тоқтаған кезде соңғы жолаушы вагонының жолсерігі поездық сигналдардың көрінімділігін тексеруге, аралықты мүқият бақылауға және ізімен келе жатқан поезд көрінгенде оны тоқтату шараларын қабылдауға міндетті.

16.46. Егер поезд ерге көтерілу кезінде тоқтаса және оның соңында итермелеуші локомотиві жоқ болса, машинист қажет болғанда поезды сол аралықтың едәуір жеңілдеу пішініне қарай шегіндіріп тоқтата алады.

Бұл жағдайда шегіндірілетін поездың алдында локомотив бригадасының қызметкері, бас кондуктор немес шаруашылық поезының жұмыстарды басқарушысы болуы тиіс. Поезды шегіндіру жылдамдығы 5 км/сағ жоғары болмауы тиіс.

Шегіндіруді жүргізуге:

жолаушы поездарын барлық жағдайда;

автоблоктаумен немесе автоматты локомотивтік сигнал беруімен жабдықталған аралықтарда;

тұман, қарлы боран және басқа да сигналдар нашар көрінетін қиын жағдайларда;

егер тоқтаған поезд барлық сигнал беру және байланыс құралдарының әрекеті тоқтаған кезде жөнелтілген болса, тыйым салынады.

Салмағы орнынан қозғалу нормаларынан осы өрге көтерілу бойын-ша асып кететін поезд өрге көтерілу кезінде тоқтағанда және оны шегінді-руге жол берілмеуі тиіс болғанда, машинист дереу қосалқы локомотивті шақыртып алуы тиіс.

Мұндай жерлердің және салмақтық нормалардың тізімі «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен белгіленеді.

16.47. Поезд аралықтан кері қарай жөнелту станциясына тек осы станция бойынша кезекшінің өкімімен Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен қайтарылуы мүмкін.

16.48. Егер поезд тоқтағаннан соң өз бетімен жүре алмаса, ол аралықтан қосалқы локомотивтің күшімен Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен шығарылады. Бұл Нұсқаулықта поезд ажыраған кездегі локомотив бригадалары әрекетінің тәртібі де белгіленеді.

Автоблоктаумен және поездық радиобайланыспен жабдықталған телімдерде, аралықта тоқтап қалған поезға көмек көрсету үшін ізімен келе жатқан жүк поезының локомотиві пайдаланылуы мүмкін және айрықша жағдайларда'салмағы мен ұзындығы қалыпты ізімен келе жатқан поезбен итермелеуге рұқсат етіледі.

Моторвагондық поездың аралықта амалсыз тоқтаған кезінде және одан әрі оның өз күшімен қозғалысты жалғастыруға мүмкіндігі болмаса, оған қосақталған құраммен станцияға алып кету үшін ізімен келе жатқан моторвагондық поезды тіркеуге рұқсат беріледі.

16.49. Егер қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поезд, сондай-ақ қосалқы локомотив шақырылса, тоқтаған поезд көмек келіп жеткенше немесе қозғалуға тиісті рұқсат берілмейінше қозғалысты бастай алмайды.

Қалпына келтіру немесе өртсөндіргіш поездарды қосалқы локомо-тивтерді шақыру, тағайындау және олардың қозғалыс тәртібі, сондай-ақ аралықта екі моторвагондық поездарды біріктіру және олардың ары қарай жүріп өтуінің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 502 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР | ТАРАУ ДОҢҒАЛАҚ ЖҮПТАРЫ | АВТОТІРКЕПШ ҚҮРЫЛҒЫ | ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМҒА, СОНЫҢ ІШІНДЕ АРНАЙЫ | ТАРАУ ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ | Ж¥МЫСЫН ¥ЙЫМДАСТЫРУ | Поездарды қалыптастыру | Локомотивтерді поездарға қою | Беру және байланыс құралдары | Поездар қозғалысының тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мащинистерінің поездарды жүргізуінің тәртібі| Алынбалы жылжымалы бірліктердің қозғалысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)