Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрғылау-кеулей жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

Станоктардың бұл тобы екі қосалқы топтан тұрады: бұрғылау және кеулей жону. Бұрғылау қосалқы тобына станоктардың келесі типтері жатады: вертикаль, радиал және көлденең-бұрғылау. Кеулей жону қосалқы тобы координаталық кеулей жону, кеулей жону және алмас-кеулей жону станоктарынан тұрады.

Жоғарыда айтылғандай, айналдырықтың басты айналмалы қозға­лысы және оны беріс қозғалысы бұрғылау кезінде негізгі пішін түзу­ші қозғалыстар болып табылады. Бұл қозғалыстарды станок айналды­рығында бекітілген құрал алады. Айналдырықтың айналу жиілігін өз­герту үшін бұрғылау станоктары – жылдамдықтар қорабымен, ал бе­рілісті қамтамасыз ету үшін берістер қорабымен қамтылған. Жылдам­дықтар қораптарынан және айналдырыққа берістерден екі қозғалыс­ты бір мезгілде беру арнайы торап – айналдырық бастиегінің көмегі­мен жүзеге асырылады.

Бірқатар станоктарда жылдамдықтар мен берістер қораптары бір ортақ корпуста орналасқан, оның меншікті электр қозғалтқыштан жетегі (бұрғылау бастиегі) бар болады. Басқа станоктарда жоғарыда аталған қораптар жеке тораптар – айналдырық бастиектері және тұ­ғырлар түрінде орындалған. Сонымен бірге олар бойынша бұрғылау станоктарының типтері ажыратылатын, оларға тән белгілердің бірі осы бастиектер мен тұғырлардың осьтері мен орналасқан орындары болып табылады. Конструкция түрінде бұрғылау және айналдырық бастиектері бір және көп айналдырықты болуы мүмкін. Көп айнал­дырықты бастиектер бір дайындамада бірнеше тесікті бір мезгілде өңдеу үшін қолданылады.

Вертикаль-бұрғылау станоктары бұрғылау станоктары паркінің негізгі бөлігін құрайды, өйткені оларда бұрғылау жұмыстарының барлық түрлерін орындауға болады. Бұл станоктар үстел үстіне немесе еденге қоюға арналып шығарылады. Үстел үстіне қойылатын бұрғылау станоктарының – 16 мм-ге дейін, ал еденге қойылатын 100 мм-ге дейін диаметрі мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

21.31-суретте бір айналдырықты вертикаль-бұрғылау станогының жалпы түрі ұсынылған. Іргетас тақтасына 1 орнақ 9 бекітіледі, оның жоғарғы бөлігінде айналдырықтың 4 төменгі бөлігінде бекітілген бұрғыға 3 басты (айналмалы) қозғалысты хабарлайтын электр қоз­ғалтқыш 6 орналасқан. Бұл қозғалыс айналдырыққа станоктың кон­сольдық бөлігінде – айналдырық бастиегінде 5 орналасқан жылдам­дықтар қорабы арқылы беріледі. Бұрғы ілгерілемелі қозғалысты жылжымалы кронштейнде 7 бекітілген берілістер қорабынан алады.

 

 

1 – іргетас тақтасы; 2 – үстел; 3 – бұрғы; 4 – айналдырық; 5 – айналдырық бастиегі;

6 – электр қозғалтқыш; 7 – кронштейн; 8 – штурвал; 9 – тұғырық; 10 – тұтқа

21.31-сурет – Бір айналдырықты вертикаль-бұрғылау

станогының жалпы түрі

 

Айналдырықты және бұрғыны вертикаль жылжыту берілістер қо­рабынан берілген режим бойынша механикалық түрде немесе штур­валдың 8 көмегімен қолмен жүзеге асырылуы тиіс. Дайындаманың пішініне және өлшемдеріне байланысты оны үстелде 2 машина қыс­қыштарында, кондукторларда немесе басқа құрылғыларда бекітеді. Тұтқаның 10 көмегімен үстелді тігінен жылжытуға болады.

Радиал-бұрғылау станоктары алуан түрлі тесіктердің көп санын ірі дайындамаларда оларды қайта орнатпай өңдеуге арналған. Радиал-бұрғылау станогы келесідей құрастырылады (21.32-сурет). Іргетас тақтасына 1 айналдыру гильзасы 3 бар қозғалмайтын баған 2 бекітіледі.Гильзаны бағанмен жалғайтын кесу қамыты 9 арнайы құрылғымен тартылады. Гильзада консоль немесе оның бойымен электр қозғалтқыштың 4, екі сатылы редуктордың 5 және бұранданың 7 көмегімен қозғалатын жең бекітіледі. Консольдың айналдырық бастиегі 6 және айналдырығы 13 бар. Соңғысы жылдамдықтар қора­бының 11 және берістер қорабының 12 электр қозғалтқышының 10 көмегімен берілген басты (айналмалы) қозғалысты және берістің ілгерілемелі қозғалысын алады.

 

1 – іргетас тақтасы; 2 – баған; 3 – айналдыру гильзасы; 4, 10 – қозғалтқыштар;

5 – редуктор; 6 – айналдырық бастиегі; 7 – бұранда; 8 – жең; 9 – қамыт;

11 – жылдамдықтар қорабы; 12 – берістер қорабы; 13 – айналдырық

21 .32-сурет – Радиал-бұрғылау станогының жалпы түрі

Горизонталь-бұрғылау станоктары,сондай-ақ терең бұрғылауға арналған арнайы станоктар әр түрлі тетіктерде: біліктерде, осьтерде, цилиндрлерде және т.б. орналасқан терең горизонталь тесіктерді өңдеуге арналған. Сонымен бірге өңделетін тесіктердің тереңдігі бірнеше метрге дейін жетуі мүмкін.

СПБ бар вертикаль-бұрғылаустаноктарының конструкциялары оларда кескіш құралдың жылдам ауысуын және дайындаманы алдын ала белгілемей берілген нүктеде құралға қатысты орнатуға мүмкіндік беретін үстелдің үш координаталы жетегінің жылдам ауыстырылуын қамтамасыз ететін, револьверлі көп құралды бастиектердің (суппорт­тардың) бар болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге құралды дайындамаға жылдам келтіру, бұрғылау тереңдігі, айналу жиілігінің өзгеруі және құралды беріс қозғалысы СПБ бар командалардың көмегімен автоматтық түрде жүргізіледі. Кеулей жону станоктарына тән белгілер айналдырықтың орналасуы (горизонталь немесе верти­каль) және олар тағайындалған жұмыстың түрі болып табылады. Осыған байланысты кеулей жону станоктарын: горизонталь-кеулей жону, координаталық-кеулей жону, алмастық-кеулей жону және арнайы деп бөледі.

Машина жасауда горизонталь-кеулей жону станоктары аса кең таралды, оларда кеулей жону, бұрғылау, үңгілеу, ұңғымалау, жонғылау, цилиндрлік беттерді қыру және шет жақ беттерін жону жолымен ірі және орташа габаритті корпустық тетіктер (редукторлар корпустары, сорғылар және т.с.с.) дайындамаларын өңдейді.

Координаталық-кеулей жону станоктары эталондық тетіктерде және кондукторлық тақталарда аса дәл тесіктерді өңдеуге арналған. Қазіргі заманғы үстелді, маңдайшаны және кеулей жону бастиегін жылжыту механизмдерінде оптикалық бөлу құрылғылары бар коор­динаталық-кеулей жону станоктары координаталық өлшемдердің 1 мкм-ге жететін дәлдігін қамтамасыз етеді.

Алмастық-кеулей жону станоктарында тесіктерді алмас және қатты қорытпалы кескіштермен түпкілікті өңдеу жүргізіледі. Тесіктер бетінің осы станоктарда өңделген цилиндрлік пішіннен ауытқуы 3…5 мкм-нен аспайды.

 


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 1395 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Зара әрекеттесуі | Кесумен өңдеу кезіндегі жылу процестері | Кескіш құралдың тозуы | Ралдарға арналған материалдар | Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы | Сандық бағдарламалы басқаруы (СББ) бар станоктар | Түрлері | Және оның технологиялық мүмкіндіктері | Дайындамаларды жонумен өңдеу технологиясы | Сұлбалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Олданылатын кескіш құрал және жабдықтар| Ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)