Читайте также:
|
|
Беттерді қажақты өңдеудің негізгі сұлбаларын көрсетуге болады: сыртқы және ішкі дөңгелек, планетарлы, ойып орнатылатын, тереңдік, жазық түзу сызықты және дөңгелек, центрсіз, фасондық беттерді ажарлау және т.б. (21.59-сурет). Барлық ажарлау тәсілдері кезінде ажарлайтын дөңгелекті айналдыру басты қозғалыс болып табылады, ал беріс қозғалысының сипаты ажарлау сұлбасымен анықталады.
а– жазықтық; б-сыртынан дөңгелек ажарлау; в – іштен дөңгелек ажарлау;
Ds в - вертикаль берісі; Dr - басты айналмалы қозғалыс; Ds пр - бойлық орын ауыстыру берілісі; Ds.п - көлденең беріс қозғалысы; Dr - дөңгелектің диаметрі
21.59-сурет – Ажарлау сұлбалары
Жазық түзу сызықты ажарлау дөңгелектің шетімен немесе шет жағымен жүзеге асырылады. Бойлық беріс қозғалысы түзу сызықты (21.59, а -сурет) немесе дөңгелек (и, к) болуы мүмкін. Ажарлау кезінде дөңгелектің вертикаль берісі Ds в жүзеге асырылады. Егер дөңгелектің ені өңделетін беттің енінен кем болса, онда дөңгелекке әрбір бойлық жүрістің аяғында көлденең берісті береді. Дөңгелектің шет жағымен ажарлау аса өнімді, бірақ дәлдігі аз.
Сыртынан дөңгелек ажарлау сыртқы осьтік симметриялық беттерді (цилиндрлік, конустық, бунақтарды және т.с.с.) өңдеу үшін қолданылады. Ажарлауды центрлерде бойлық және көлденең беріс тәсілдерімен жүзеге асырады. Бойлық беріспен сыртынан дөңгелек ажарлау кезінде құрал – басты айналмалы қозғалысты Dr (21.59, б -сурет), дайындама сондай-ақ айналмалы қозғалысты (дөңгелек берісті) Dr жасайды, ал дайындамамен бірге үстелге Ds пр осінің бойында бойлық орын ауыстыру беріледі. Бойлық орын ауыстырудың аяғында ажарлайтын дөңгелекке оны кесу тереңдігіне t орнату үшін дайындама осіне перпендикуляр көлденең Ds.п беріс қозғалысы беріледі. Осы ажарлау тәсілі дайындаманы өңдеудің максимум дәлдігін қамтамасыз етеді.
Іштен дөңгелек ажарлау кезінде кәдімгі (21.59, в -сурет) және планетарлы ажарлауды ажыратады. Кәдімгі іштен ажарлау кезінде барлық қозғалыстар бойлық беріс арқылы сыртынан ажарлау кезіндегі қозғалыстарға ұқсас. Дөңгелектің диаметрі D дөң дайындаманың ажарланатын тесігінің диаметріне байланысты таңдалады: D дөң = (0,75…0,95) D д.
Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тісті доңғалақтарды өңдеудің таза әдістері | | | Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары |