Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісті доңғалақтарды өңдеудің таза әдістері

Читайте также:
  1. Адам тістерінің қазіргі заман әдістерімен зерттеу.
  2. Басқару әдістері.
  3. Бірінші тұрақты азу тістің түбірінің қалыптасуы қай жаста аяқталады?
  4. Кейінге қалдырылып емдеу әдістеріне қай пломбалық материалды қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
  5. Осымша зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
  6. Тұрақты тістің ұрығын қай кезде жұлып тастайды?
  7. Тетік бетінің түзілу әдістері

Тісті доңғалақтардың жұмыстық бетін әр түрлі тәсілдермен: тіс қырумен, тіс жануыштаумен, тіс ажарлаумен және т.б. қосымша өңдейді. Бұл операциялар тісті таза өңдейтін арнайы станоктарда жүргізіледі.

Қыру – тіс жоңғылаудан немесе тіс қашаудан кейін сыртқы және ішкі ілінісі бар шынықпаған (HRC 32 қаттылығына дейін) түзу сызықты және қисық сызықты цилиндрлік доңғалақтардың тістерін таза өңдеудің тиімді және кеңінен қолданылатын тәсілі. Қыру кезінде тіс қырғыш 2 (21.56-сурет) және өңделетін доңғалақ 1, саңылаусыз іліністе бола тұрып, оның айналу осьтері қиылысатын бұрандалы берілісті білдіреді. Тіс қырғыш қисық тісті доңғалақты білдіреді, бірақ тістердің бүйірлік беттерінде тарақ түріндегі ұсақ кішкене тістердің (бунақтардың) 3 бар болуы оны кескіш құрал етеді.

Шевер осьтерінің және тісті доңғалақтың қиылысуы (бұрыш 5…15о) нәтижесінде тіс ұзындығы бағытында сырғанау қозғалысы пайда болады, бұл жоңқаны кескіш кішкене тістермен кесілуін туды­рады. Бүйірлік беттен кесілетін жоңқаның талшық түріндегі жіңішке пішіні болады. Жоңқаны алу үшін қажетті доңғалақ тістері мен тіс қырғыштың бүйірлік беттері арасындағы қысу күші оларды үстелді радиал беріс кезінде жақындату жолымен қамтамасыз етіледі.

 

1 – өңделетін доңғалақ; 2 – тіс қырғыш; 3 – кішкене тістер

21.56-сурет – Дискілік тіс қырғышпен қыру

Үстелдің бойлық берісі кезінде тісті тәждің бүкіл ені өңделеді. Өңдеу процесінде тіс қырғыш металл қабатын кесіп қана қоймай, сонымен бірге өңделетін бетті тегістей отырып, оны тістердің артқы бетімен қысады. Тіс қырғыш тістерінің тұрақты биіктігі болады және тістер негізіндегі тесіктің жанында аяқталады. Бұл тесіктер бунақтар­ды кесу кезінде тарақтың еркін шығуы үшін, СОЖ ағынының өтуі және қыру кезінде жоңқаның жылдам жойылуы үшін қажет. Қыру тісті доңғалақтар дәлдігін 7…5 дәлдік квалитеті аралығында және беттің Ra = 1,25…0,63 мкм кедір-бұдырлығында қамтамасыз етеді.

Доңғалақ 2 қисық тісті доңғалақ түрінде орындалған, қажақты тісті жануышпен 1 ілінісіп айналады. Өңделетін тісті доңғалақ, айна­лудан басқа, өз осінің бойында қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайды. Айналу бағыты үстелдің әрбір жүрісі кезінде өзгереді. Тіс жануыштау уақыты айтарлықтай аз болғандықтан, процестің өзі жоғары өнімділікпен сипатталады. Жануыштау үшін арнайы әдіпті қалдырмайды, негізінде ол 0,01…0,03 мм-ге тең. Тіс жануыштау тістерінің бүйірлік беттерінің Ra = 0,63…0,32 мкм жоғары емес кедір-бұдырлығын алуға және өңдеуді 2…1 квалитет дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді.

Тіс ажарлау – шыныққан тісті доңғалақтарды таза өңдеудің аса кең таралған әдісі. Бұл әдісті жоғары дәлдік және тісті доңғалақтарды термиялық өңдеу нәтижесіндегі тістер «жетектемесімен» тудырылған елеулі қателіктерді жою талап етілген жағдайларда қолданады. Алайда тіс ажарлау процесі қымбат тұрады және өнімділігі аз болады.

Тіс жануыштау – шыныққан тісті доңғалақтардың жұмыстық бетін таза өңдеу процесі (21.57-сурет). Тіс жануыштау процесінде тісті доңғалақ 2 қисық тісті доңғалақ түрінде орындалған, қажақты тісті жануышпен 1 ілінісіп айналады.

 

 

1 – жануыш; 2 – тісті доңғалақ

21.57-сурет – Тіс жануыштау процесінің сұлбасы

Өңделетін тісті доңғалақ, айналудан басқа, өз осінің бойында қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайды. Айналу бағыты үстелдің әрбір жүрісі кезінде өзгереді. Тіс жануыштау уақыты айтарлықтай аз болғандықтан, процестің өзі жоғары өнімділікпен сипатталады. Жануыштау үшін арнайы әдіпті қалдырмайды, негізінде ол 0,01…0,03 мм-ге тең. Тіс жануыштау тістерінің бүйірлік беттерінің Ra = 0,63…0,32 мкм жоғары емес кедір-бұдырлығын алуға және өңдеуді 2…1 квалитет дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді.

Тіс ажарлау – шыныққан тісті доңғалақтарды таза өңдеудің аса кең таралған әдісі. Бұл әдісті жоғары дәлдік және тісті доңғалақтарды термиялық өңдеу нәтижесіндегі тістер «жетектемесімен» тудырылған елеулі қателіктерді жою талап етілген жағдайларда қолданады. Алайда тіс ажарлау процесі қымбат тұрады және өнімділігі аз болады.

Қазіргі уақытта цилиндрлік тісті доңғалақтардың бірнеше тіс ажарлау сұлбасын қолданады (21.58-сурет): пішінді дөңгелекпен көшіру, қажақты бұрамдықпен үздіксіз домалату, екі ажарлайтын дөңгелекпен өңдеу және екі жақты конустық дөңгелекпен өңдеу.

а – пішінді дөңгелекпен көшіру; б – қажақты бұрамдықпен үздіксіз домалату;

в – екі ажарлайтын дөңгелекпен өңдеу; г – екі жақты конустық дөңгелекпен өңдеу;

1 – қажақты құрал; 2 – тісті доңғалақ

21.58-сурет – Цилиндрлік тісті доңғалақтардың

тіс ажарлау сұлбалары

Көшіру әдісімен ажарлау мынадан тұрады: доңғалақ 2 тісінің толық пішінін (21.58, а -сурет) пішінді дөңгелек 1 түрінде қажақты құралмен ажарлайды. Ажарлайтын дөңгелектегі тістің пішіні оны арнайы құралмен түзету жолымен құрылады. Сонымен, тіс пішінінің геометриялық дәлдігі дөңгелектің жұмыстық бетінің дәлдігіне және өңделетін бетке қатысты оның орнына байланысты болады.

Көшіру әдісінің артықшылықтары – өңдеудің жоғары өнімділігі және дәлдігі; кемшіліктері – станокты күрделі және көп еңбек етуді қажет ететін жөнге келтіру. Сонымен қоса, өңдеуге арналған елеулі әдіптерден өңделетін бетте күйіктер тым жиі пайда болады, олар өз кезегінде ажарлайтын жарықшақтар тудыруы мүмкін. Көшіру әдісі шыныққан тісті доңғалақтарды өңдеудің 8…7 квалитет аралығында­ғы дәлдігін және Ra = 2,5…1,25 мкм кедір-бұдырлығын қамтамасыз етеді.

Бұрамдық түріндегі қажақты құралмен 1 үздіксіз домалату әдісімен ажарлау (21.58, б -сурет)сұлба бойынша тіс ажарлауға ұқсас, бірақ бұрамдық жонғыштың орнына өңделетін тісті доңғалақ 2 тістерімен іліністе айналатын, бір немесе екі рет кіретін қажақты бұрамдықты қолданады. Бұрамдық, тісті тәжге үздіксіз ойып орнаты­лып, тістердің пішінін құрайды.

Әдістің негізгі артықшылықтары: үздіксіз кесу процесімен қол жеткізілетін жоғары өнімділік және тетік түзу және кері бағыттарда қозғалғанда пішінді бір мезгілде екі жақты өңдеу болып табылады. Әдіс өңдеудің жоғары дәлдігіне (7…6 квалитет) қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Екі ажарлайтын дөңгелекпен ажарлау мынадан тұрады: тәрелке пішінді әрбір ажарлайтын құрал (дөңгелек) 1 (21.58, в -сурет) доңғалақ 2 тісінің өзінің бүйірлік қабырғасын өңдейді. Әдіс жоғары дәлдікті (6…4 квалитет) қамтамасыз етеді. Кемшіліктер санына жоғары емес өнімділікті және қолданылатын технологиялық жабдықтар мен жабдықтаудың елеулі күрделілігін жатқызу керек.

Екі қабырғалы конустық дөңгелекпен ажарлау (21.58, г -сурет) өңделетін доңғалақ 2 тістері пішінінің ажарлайтын құралдың 1 түзу бүйірлі пішіні бойынша домалатылуына негізделген. Домалату қозғалысы өңделетін доңғалақтың өз осінің айналасында қайтымды-ілгерілемелі қозғалуынан және оның бойлық орын ауыстыруынан тұрады. Әдістің артықшылығы жоғары өнімділігі және өңдеу дәлдігі (6…5 квалитет), станокты қайта жөнге келтірудің қысқа уақыты және кең әмбебаптылығы болып табылады. Әдісті үлкен модульді тісті доңғалақтарды жасау үшін қолдану мақсатқа сәйкес болады.


Дата добавления: 2015-07-26; просмотров: 939 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ерекшеліктері | Және қолданылу саласы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды қашау станоктарында өңдеу | Станоктарында өңдеуге арналған кескіш құрал | Дейтін станоктар типтері | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу | Жонғыштар түрлері, олардың элементтері және геометриясы | Және қолданылу саласы | Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу сұлбалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тісті доңғалақтар дайындамаларын өңдеуге арналған әдістер және құрал-cайман| Және оның технологиялық мүмкіндіктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)