|
3.4. Темір жол желісі қисықтардың радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңістердің тіктігі жөнінде желінің бекітіліген жос-пар-жобасы мен пішініне сәйкес болуы тиіс.
3.5.Станциялар, бекеттер және озу пунктілері горизонтальді алаңшаларда орналасуы тиіс. Жекелеген жағдайларда олардың 0,0015-тен тік емес, ал қиын жағдайларда 0,0025-тен тік емес етіп орналастырылуына жол беріледі.
Ерекше қиын жағдайларда барлық типтегі бекеттер мен озу пункте-рінде, не болмаса өздерінде локомотивтің немесе вагондардың манев-рі және құрамнан ағытылуы және құралған поездардың ажыратылуы қарастырылмаған бойлық немесе жартылай бойлық типтегі аралық стан-цияларда немесе «ҚТЖ» ¥К» АҚ рұқсатымен станциялық алаңшаның ше-гінде 0,0025-тен асатын еңістерге жол беріледі. Пайдаланудағы станциялар-да қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан жағдайда және вагондардың не-месе құрамдардың (локомотивтің) өздігінен жылжып кетуінің алдын алу шарал арының шарттары орындалған жағдайда «ҚТЖ» ¥К» АҚ рұқсатымен 0,0025-тен асатын, алайда 0,010-нан тік емес еңістерге жол беріледі.
Станцияларда, бекеттерде және озу пунктілерінде немесе құрылым-дардың (локомотивсіз) өздігінен жылжып кетуіне жол бермеу үшін өздерінде локомотивтердің вагондардан ағытылуы және маневрлік операцияларының жүзеге асырылуы қарастырылатын жаңадан салынған және қайта құрылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектегіш стрелкалардың жағына қарай бағытталған қарсы еңістері бар бойлық пішінге ие болуы және оның жоба-лау нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
Вагондардың басқа жолдарға поездарды қабылдау және жөнелту марш-руттарына өз бетімен шығып кетуінің алдын алу үшін сақтандырғыш тұйықтарын, қорғағыш стрелкаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкірлердің, лақтырғыш стрелкалардың ораналастыры-луы, сондай-ақ вагондарды бекіту үшін тұрақты құрылғыларды қолдану қарастырылуы тиіс.
Станциялар, айырықтар және озу пунктілерінің еңістерде орналасқан барлық жағдайларында белгіленген салмақтық нормадағы поездардың ор-нынан қозғалуының шарттары және поездарды локомотивтердің қосымша тежегіштерімен ұстап тұру шарттары қамтамасыз етілуі тиіс.
3.6. Станциялардың, айырықтардың және озу пунктілері, сондай-ақ
жекелеген парктер және тартымдық жолдар түзу телімдерде орналасуы
тиіс. Қиын жағдайларда оларды радиусы кем дегенде 1500 м қисықтарда
орналастыруға жол беріледі. Ерекше қиын жағдайларда қисықтың ради-
усын 600 м-ге дейін, ал таулы жағдайларда - 500 м-ге дейін азайтуға жол
беріледі.
3.7. Басты және станциялық жолдардың, сондай-ақ темір жол иелігінде-
гі темір жолдың кірме жолдарының жоспар-жобасы мен пішіні мерзімді
құрал-саймандық тексеруден өткізілуі тиіс.
Жолдардың жоспар-жобасын және пішінін құрал-саймандық тексеру, тиісті техникалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және сұлбалық жоспарларын құрастыру бойынша жұмыстарды орындау үшін жобалау институттарын, жобалау-зерттеу және жобалау-сметалық топтарды тарта отырып «ҚТЖ» ¥К» АҚ Жол департаментіне жүктеледі.
Жол дистанцияларында мыналар болуы тиіс:
жол шаруашылығының дистанцияларындағы қолда бар барлық құрылыстары мен құрылғыларының сызбалары мен сипаттамалары, сон-дай-ақ тиісті стандарттар мен нормалар;
станциялардың масштабтық және сұлбалық жоспаралары, жолдың локомотивтерг айналатын барлық басты және станциялық жолдардың, сұрыптау дөңестерінің, сондай-ақ темір жолдың кірме жолдарының бойлық пішіндері.
Сұрыптау телімдік және жүктік станциялардағы сұрыптау дөңестерінің, дөңесасты және пішінделген тартымдық жолдардың бойлық пішінде-рі кем дегенде үш жылда бір рет тексерілуі тиіс. Барлық станциялардың жолдарының қалған ұзындықтарында пішін кем дегенде 10 жылда бір рет тексеріледі. Станциялардағы басты жолдардың бойлық пішіні жолдардың күрделі және орташа жөндеу мерзімінің кезінде тексеріледі. Тексерудің нәтижелері бойынша пішіндерді түзету жөніндегі нақты мерзімдер бел-гіленеді. Жоспар-жоба мен пішіннің өзгеруін әкелетін жолдың қайта құрылуы және басқа жұмыстар жүргізілетін жол телімдерін жұмыстарды жүргізушілер оларды аяқтап болғаннан соң, тексерге отырып жол дистан-циясына, ал станцияларда сонымен қатар станцияның бастығына тиісті құжаттаманы өткізеді.
Станцияның аумағында жаңа объектілерді тұрғызғанда, пайдалану-да-ғыларын кеңейткенде немесе басқа орынға ауыстырғанда, осындай жұмыстарды жүргізуші кез келген ұйым станцияны пайдалану барысындағы дамуына объектінің таңылуын белгілейтін атқарушылық құжаттаманы кіді-ріссіз жол дистанциясының директорына және станцияның бастығына тап-сыруы тиіс.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 803 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ | | | Рылысы және жасанды құрылыстары |