Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылысы және жасанды құрылыстары

Читайте также:
  1. Абайсыздық және оның түрлері.
  2. Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы
  3. Ажарлағыш шарық тастар және қажақты материалдар
  4. Ажарлайтын станоктардың типтері және қолданылу салалары
  5. Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
  6. Алыпты және патологиялық тістеулер.
  7. Андай төменде көрсетілген затты анестетиктің құрамына қосқан кезінде оның әсерін күшейтеді және пролонгируют?

3.8. Жолдың түзу телімдеріндегі үстіңгі жағындағы жер төсемінің ені
жолдың жоғарғы құрылысына сәйкес болуы тиіс. Қолданыстағы желілерде
олардың қайта құрылуына дейін жер төсемінің ені кем дегенде біржолды
желілерде - 5,5 м, қосжолды желілерде 9,6 м, ал жартастық және құрғатқыш
топырақтарда кем дегенде: біржолды желілерде - 5,0 м, қосжолды желілер-
де - 9,1 м болуына жол беріледі. Жер төсемі жиегінің үстіңгі бетіндегі ең аз

ені жолдың әр жағынан 0,4 м болуы тиіс.

Радиусы 2000 м-денкем қисық телімдерде жер төсемі белгіленген норма-лар бойынша кеңітіледі.

Жаңадан салынып жатқан темір жол желілері мен екінші жолдар үшін жер төсемінің үстіңгі бетінің ені Құрылыстық нормалар мен Ережелердің талаптарына сай болуы тиіс.

Сулар жайылатын жерлердегі жер төсемі жиегінің қыры қатты желдер кезіндегі соғылатын толқындардың максимальді биіктігінен кем дегенде 0,5 м-ге жоғары болуы тиіс.

3.9. Жолдың түзу телімдеріндегі және радиусы 350 м және одан да үлкен
қисықтардағы рельстердің қалпақшаларының арасындағы жолтабаны
енінің номиналдық өлшемі - 1520 мм болады.

Едәуір тіктеу келетін қисықтардағы жолтабан ені:

349-дан 300-м-ге дейінгі радиусы кезінде - 2530 мм, сонъщ ішінде темірбе-тонды шпалдарда - 2520 мм, 299 м-лік жзне одан кем радиусы кезінде -1535 мм болуы тиіс.

Кешенді түрде рельс-шпал торламасының ауыстырылуы жүргізілмеген темір жол желілерінің телімдерінде және жолдарда радиусы 650 м-ден аса-тын жолдың түзу және қисық телімдерінде жолтабан енінің номиналдық өлшемі - 1524 мм болуына жол беріледі.

Бұл ретте, едәуір тіктеу келетін қисықтардағы жолтабан ені:

650-ден 450 м-ге дейінгі радиусы кезінде - 1530 мм, 449-дан 350 м-ге дейінгі радиусы кезінде 1535 мм, 349 м жэне одан кем радиусы кезінде 1540 мм болып цабылданады.

Жолдың түзу және қисық телімдеріндегі жойылуын қажет етпейтін жолтабан енінің номиналдық өлшемдерден ауытқуының мөлшері та-рылымы бойынша - 4 мм-ден, кеңеюі бойынша +8 мм-ден, ал қозғалыс жылдамдықтары 50 км/сағ және одан төмен болып белгіленген телімдерде тарылма бойынша - 4 мм, ал кеңеюі бойынша +10 мм-ден аспауы тиіс.

 

Келтірілген мәндерден асатын ауытқуларды жою тәртібін «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

Жолтабаны енінің 1512 мм-ден кем және 1548 мм-ден астам болуына жол берілмейді.

1996 жылға дейін төселген темірбетонды шпалдардағы түйіспесіз жолды пайдалану тәртібін «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

3.10. Түзу телімдердегі жолдың екі тіндеріндегі рельстер қалпақшала-
рының төбесі бір деңгейде болуы тиіс. «ҚТЖ» ¥К» АҚ тиісті нұсқаулығымен
белгіленген нормаларға сәйкес жолдардың түзу телімдерінде рельстің бір ті-
нін екіншісінен 6 мм-ге биіктете ұстауға рұқсат етіледі. Жолдың қисық телім-
деріндегі сыртқы пішінінің биіктемесі қисықтың радиусына және одан өтетін
қозғалыс жылдамдықтарына байланысты «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

Сыртқы рельс тінінің биіктемесі 150 мм-ден аспауы тиіс. Қажет болған жағдайларда басты жолдың қисық телімдерінде сыртқы рельс тінінің мак-симальді биіктемесі Министрліктің рұқсатымен 150 мм-ден де жоғары бо-луына жол беріледі.

Рельстік тіндердің орналасу деңгейіндегі жолдардың түзу және қисық телімдеріндегі белгіленген нормалардан рұқсат етілетін ауытқуларының мәндерін «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

3.11. Аса ірі және маңызды жасанды құрылыстардың тізбесін және оларға
бақылу жүргізу тәртібін, сондай-ақ жер төсемінің деформацияланып немесе
күрделі инженерлік-техникалық жағдайларда жатқан телімдерін бақылау
тәртібін «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

«ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы бекіткен тізбе бойынша көпірлер мен тон-нельдер бақылаулық-габариттік құрылғылармен қоршалады, хабарландыру сигналын берумен және бөгегіш бағдаршамдарымен жабдықталады.

Жасанды құрылыстар «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілеген нормалар бойынша өртке қарсы қолданылатын құралдармен жабдықталуы тиіс, ал қажет болған жағдайларда оларды тексеруге арналатын айлабұйымдар болуы тиіс.

Барлық көпірлер жүккөтергіштігі бойынша «ҚТЖ» ¥К» АҚ бекіткен қолданыстағы есептік нормалардың және тиісті нұсқаулықтардың негізінде жіктемеленуі тиіс.

3.12. Темір жолдың және құрылыстардың күйін бақылау үшін жолдарда
жолөлшегіш вагондар мен арбашалар, ақаутапқыш вагондар, ақаутапқыш
автомотрисалар, ақаутапқыш арбашалар, ақаутапқылық зертханалар,
көпірлік, тоннельдік жол зерттеуші, габариттік-зерттеуші, сынақтық,
жөндеу-зерттеу-сүңгуірлік станциялар қолданылуы тиіс.

Басты жолдарды жолөлшегіш вагондарымен тексерудің мерзімділі-гін жылдамдықтары 60 км/сағ асатын жолаушы таситын поездар жүретін маршрут бойынша кем дегенде айына екі рет «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 546 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР. ГАБАРИТ | Алпына келтіру құралдары | МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ | Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады. | Автоматтық жәнежартылай автоматтық жол блоктауы | Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары | Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар | Техникалық қызмет көрсету | Yen;РЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жолдың жоспар-жобасы мен пішіні| Рельстер және бағыттамалық бұрмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)