Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
  7. Бап. Қосылған құн салығын қайтару

 

1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге қайтару: Z080000100
1) егер осы Кодекстің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімде;
2) салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер қосылған құн салығын төлеуші салық кезеңі ішінде қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебіне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкін.
Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушінің осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтаруға құқығы бар.
3. Егер осы баптың 4-тармағында және осы Кодекстің 274-бабында өзгеше белгіленбесе, салықтық тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңі ішінде қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күн ішінде жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсатында:
1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;
2) осы Кодекстің 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды;
3) нөлдік ставка бойынша салық салынған айналым болған кезде, осы Кодекстің 243-245-баптарына, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
4. Осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процентті құрайтын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушіге, қайтару туралы талап көрсетілген қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген кезден бастап алпыс жұмыс күні ішінде қайтару жүргізіледі.
Осы тармақтың мақсатында:
1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актісі;
2) осы Кодекстің 243-245-баптарына, сондай-ақ 276-11 - 276-13-баптарына сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар;
3) осы Кодекстің 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшін негіз болып табылады.
5. Қосылған құн салығының асып кетуі:
1) мыналар:
шағын бизнес субъектілері;
шаруа немесе фермер қожалықтары;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші-заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге;
2) осы Кодекстің 267-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтарылмайды.
6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушіге осы Кодекстің 603-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есепке жатқызу жүргізілмейді.
7. Салық төлеушінің декларацияда қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетілген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижесі туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуіне жатады.
Егер салық төлеушіге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына бұрын өсімпұл есебіне жатқызу және аудару арқылы жүргізілген болса, салықтық тексеру кезінде расталмаған, салық төлеушіге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін өсімпұл салықтық тексерулердің нәтижесінде хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 603-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде салық төлеушінің осы сомаларды аударған күнінен бастап әр күн үшін өсімпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады. Z080000100
Ескерту. 273-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.01.21 N 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 187 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы | Бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету | Бап. Бөлек есептеу әдiсi | Бап. Шот-фактура | Бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру ерекшеліктері | Бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібi | Бап. Салық декларациясы | Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығын қайтару| Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)