Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

Читайте также:
  1. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  2. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  3. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою
  6. Бап. Қосылған құн салығын қайтару

 

1. Мынадай шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда:
1) салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса;
2) салық салынатын айналым мөлшері мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтiнiшке мынадай құжаттар:
1) салық төлеушi куәлiкті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің түпнұсқасы;
2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органдары салық төлеушіні осы баптың 2-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күні мұндай салық төлеушінің салық органына салықтық өтініш берген күні болып табылады.
Салық органдары салық төлеушіге салық төлеушінің салықтық өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан мынадай:
1) салықтық өтініш берген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін салық төлеушінің салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асып түскен;
2) мұндай салықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жылдың бастапқы кезеңі үшін салық төлеушінің салық салынатын айналымының мөлшері осы Кодекстің 568-бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асып түскен жағдайларда бас тартады.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебі көрсетіле отырып, салық төлеушіге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жіберу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етіледі.
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны ұсынудың белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң ұсынбаған;
2) жазбаша түсіндірме ұсыну үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, мұндай салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;
3) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;
4) соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде қосылған құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған;
5) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда салық төлеушiні хабардар етпестен жүргізіледі.
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша:
осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай анықталған күннен бастап;
осы баптың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;
салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап;
салық органы дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен:
осы баптың 4-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;
осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін - қылмыстық іс-әрекет басталған күннен бастап;
осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап шығарылды деп танылады.
7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалы, өкілдігі арқылы резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда – осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;
4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шығарылған күннен бастап жүргізеді.
8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңге қосылған құн салығын төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.
Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне дейін тоқтатыла тұрады.
11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
Ескерту. 571-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(қолданысқа енгізілу тіртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Куәгерлердің қатысуы | Бап. Жалпы ережелер | Салық төлеушi ретiнде тiркеу | Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі | Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру | Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау | Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк| Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)