Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы

Читайте также:
  1. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  2. Азақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.
  3. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  4. Емтихан қабылдаушыға: критерийді қолдана отырып, студенттің дағдысын бағалаңыз
  5. Мемлекеттiк емтихан сұрақтары.
  6. Студенттің аты-жөні:___________________________________тобы_______ курсы______ Мамандығы_________Пәні_______________Күні___________

Адамзат тарихында қай кезең ең ежелгі деп есептеледі? Палеолиот, тас ғасыры

2. Жер бетінде алғашқы адам қашан пайда болды? Палеолит, 2 млн. жыл бұрын аса

3. 1927 жылы жердің қай аймағында синантроп табылды? Қытай, Пекин маңында Джоу-Коудян

4. Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі палеолит

5. Қазақстан террриториясын ежелгі адамдар қай уақыттан бастап қоныстанды? 700-800 жыл бұрын

6. Қазақстанның қай аймағынан адамдардың ең ежелгі тұрақтары табылды? Қаратау жотасы

1958 ж. қай облыста Х.Алпысбаев жетекшілігімен ең ежелгі палеолит тұрақтары табылды? Жамбыл обл, Талас ауд, Берің Тәңір

Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған

«Экзогамия» термині нені білдіреді? Өз ру ішінде неке болуға тыйым салу

Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: Аң аулау, терімшілік

Матриархат термині нені білдіреді? Әйелдің басшылық етуі

Микролит дегеніміз не? Тастан жасалған сына еңбек құралы

Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді қай кезеңде үйренді? Неолит

Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолит

Қай дәуірде матриархат орнына патриархат келді? Неолит

«Патриархат» термині қандай мағынаны береді? Ер адам басшылығы

Қазақстанда қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 18-18 ғасыр, б.з.д 2-3 мың жыл бұрын

«Андронов мәдениеті» атауы қайдан шыққан? Андронов селосы, оңт.Сібір

Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанға қандай мәдениет таралды? Беғазы-Дәндібай

Қола неден құралады? Қалайы және мыс

Көшпелі мал шаруашылығына өтуде малдың қай түрі басым болды? Жылқы мен қой

Қазақстанның қай аймақтарында ежелгі металлургия дамыған? Жезқазған маңайы

Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралды? Қазақстан, Сібір, Орта Азия

Қазақстан территориясында қай тайпалар алғашқы бірлестіктерді құрды? Сақтар

Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. 7-4 ғасыр

Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз: Орта Азия мен Қазақстан

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолын мамандар қалай атайды? Дала жолы

Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта сақтардың жерінен өткен Дала жолы материктің қай аймақтарын байланыстырды? Қытай және Қара теңіз

Қазақстанның қай бөлігінде сақ-парадарайа тайпалары мекен етті? Арал теңізі маңы, Сырдария маңы

Қай тайпаларды шошақбәріктілер деп атады? Тиграхауда

Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу

Ежелгі авторлардың қайсысын «Тарихтың атасы» деп атайды? Геродот

«Тарих» атты 9 томды еңбектің сақтарға арналған 4-ші томын ежелгі грек авторларынан кім жазды? Геродот

«Алтын адам» табылған Есік қорғаны Қазақстанның қай облысында орналасқан? Алматы обл.

Археологтардың қайсысы «Алтын адам» табылған Есік қорғанын тауып, зерттеді? Акишев Кемал

Акинак дегеніміз не? Сақтардық қысқа қылышы, семсер

Аңыз бойынша сақ патшасы Томиристің бұйрығымен жаулап алушылар ішінен кімнің басы шабылды? Кир

Александр Македонскийдің бұйрығымен сақтардың жерінде салынған қала қалай аталады? Александрия Эсхаты

Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? Абайдың Ескендір поэмасында

Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль

Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: Гуньмо

Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Жетісуда б.з.д. 177ж

Шыңғысханды император етіп жариялаған бүкіл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206

Отырар қаласының монғол әскерлерінен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5 ай

Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар еліне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан

ХІІ-ХІV ғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципі: Сол және Оң қанаттарға бөлу

Жошы ұлысы мен Алтын Ордада империя кімнің меншігінде деп есептелді? Хан руының

1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешім қабылданды. Ол жорықты кім басқарды? Бату

Көшпелі Өзбек мемлекеті қашан құрылды? 15 ғ-ң 20-жылдары (1428)

Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық маңайы

XIV ғ. орта кезінде Шағатай мемлекеті екіге бөлінді. Батыс бөлігін Мәуераннахр деп атаған, ал Шығыс бөлігі қалай аталды? Моголстан

Атақты "Тарихи Рашиди" атты еңбектің авторы: Мұхамед Хайдар Дулати

Орта Азия жерінде мемлекеттің негізін қалап, XV ғ. бас кезінде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшін ұзақ уақыт күрес жүргізген: Шайбани

XIV ғ. орта кезінде Моғолстанның саяси өмірінде қай тайпалар басшылары ерекше рөл атқарды? Дулат

Ақ Орда мен Көк Орда атаулары қай ұлыстың әртүрлі бөлігін құрады? Жошы ұлысының

Өзінің қарсыластарымен ұзақ күрестен кейін, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеуші болған кім? Ақсақ Темір

Алтын Ордада хан жарлықтары қай тілде жазылды? Түрік тілінде

Ақ Орданың астанасы қай қала? Сығанақ

Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс

XVғ. ортасында Әбілқайыр ("Көшпелі өзбек") хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі кімдердің арасында болды? Жошы мен Шайбани

1480 ж. Жәнібектің орнына хан болған: Бұрындық хан (Керейдің баласы)

XV-XVІІ ғ.ғ. қазақ қоғамы қандай екі әлеуметтік топтан тұрды? Ақсүйек пен қарасүйек

Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан

Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға қолдау жасап, көмек көрсеткен қолбасшы: Жалаңтөс Баһадүр

"Жеті Жарғы" заңдар жинағын құрастыруға қатысқан, көптеген толғаулардың авторы, Ұлы Жүздің биі: Төле би

ХVХ-ХVІІ ғғ. "Ұлыстың ұлы күні" деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз

Жошының ұлы Орда Ежен Ордасы қай жерде орналасты? Ертісте

Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Айтылғандардың бәрі

Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек

Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір

XIII ғ. екінші жартысы-ХІV ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәдениеттің құлдырауының себептері: Айтылғандардың бәрі

Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет

Қазақ хандығының құрылуының объективті алғышарттары: Айтылғандардың бәрі

Билігінің соңғы жылдарында Бұрындық хан қайда кетуге мәжбүр болды? Мәуреннахрға

1594 ж. Мәскеу патшасы Федорге қазақ елшілігін бастап барған кім? Құл-Мұхаммед

Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздар

Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан

Қандай оқиға 1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? 1218 ж. Отырар апаты

Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221

Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224

Қазақстан территориясы Монғолдың 3 ұлысының құрамына енді, кіші ұлы Төлеге қай жерлер берілді? Монғолия жері

Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227

Алтын Орда мемлекетінің негізін салған кім? Батый хан

Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық

Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Сығанақ қаласы қандай рөл атқарды? Астана болды

Неге Баласағұн қаласы Шыңғысханға соғыссыз берілді? Шапқыншылық тұтқиылдан болды

Деректерде Бату әскері қалай аталды? Татарлар

Алтын Ордада салықты кім жинады? Басқақтар мен даруғалар

Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан

Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428ж

Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза

Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді? Князь

Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? 15-16 ғғ.

Көрсетілген Қазақ хандығының қалаларынан діни орталықты көрсетіңіз: Яссы (Түркістан)

Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды? Орыс хан

Батыста феодалдық жер үлесі бенефиций, Ресейде - поместье, ал Шығыста қалай аталды? Сойырғал

Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457ж

Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468ж

ХVІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасымхан

Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510

ХVІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан

Ағасы қайтыс болғанда оның әйелі інісіне тұрмысқа берілетін дәстүр қалай аталады? Әмеңгерлік

Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым хан

Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен

Қай жазба дерегі үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет береді? Сыма-Цань тарихи жазба

«Кангюй» термині тарихи деректерде алғаш қашан айтыла бастады? Б.з.д. 2 ғ.

Көптеген деректердегі пікірлер бойынша ғұндар: Түрік тілдес

Бұмын қаған титулын қай жылы алды? 552 ж.

Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553-572 жж.

582-603 жылдар қандай кезең? Түрік қағанатын ыдырауға алып келген бүлік

Батыс Түрік қағанатының астанасы: Суяб

Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715-738 ж.

Қимақ мемлекетінің мұрагерлері: Қыпшақтар

Иқта, (Издольщина), уакф (вакф), коммендация. Жер иеленудің бұл түрлері қай мемлекетте кеңінен таралды? Қарахан мемлекетінде

Қай халықтық жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ

Кімдердің әскери қолбасшысына сюбашы титулы берілді? Оғыздарға

Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз мемлекетінің

Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен (немесе қарақытайлар)

Ертедегі түрікілерде «мемлекет» сөзінің баламасы: Ел

«Он оқ бұдын» деп: Батыс Түрік қағанатының тұрғындары

Қара.. және Сары... – бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түргештер

Бірінші Түрік қағанатының ақсүйектері арасында таралған әлемдік діндердің бірі: Буддизм

XI ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керейлер

Алғаш ежелгі түркі жазбасы ескерткіштері қашан ашылды? 1721-1722 ж.

Түркі сына жазбасын оқыған: У.Томсон

Ежелгі түркі алфавиті қанша белгілерден тұрады? 37-38 белгіден тұрады

В.В.Радлов алғаш түркі ескерткіштерінің мәтінін қай жылы жарыққа шығарды? 1894 ж.

Көпшілікке танымал түркі сына жазба ескерткіштерінің орналасқан жері: Моңголияда

М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029-1101 ж.

Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870-950 ж.

Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу бойында

Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан

«Түрік» сөзі нені білдіреді? Күшті

Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс

Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581-583 ж.

Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603-704 ж.

Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552-603 ж.

Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары (не қарапайым халықты қарабұдұн д.а.)

«Түрік» этнонимі қай жылнамаларда кездеседі? Қытайда

Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704 ж.

«Халықтар шайқасы» қай жылы болды? 1751 ж. Атлах шайқасы.

Керей мемлекеті қай ғасырда құрылды? Жазба деректер Х ғ. кездеседі.

Керейлер христиан дінін қай жылы қабылдады? 1007 ж.

 

Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756-940 жылдар.

«Тәңірі» дегеніміз: аспан.

Б.з.д. VI-XII ғасырлар Қазақстан тарихында қандай кезең? Түрік кезеңі.

Тұтық дегеніміз: Аймақ (үлестік аймақ)

Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20

Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: IX-XI ғғ.

Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942-1205 жылдар

Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: (ХI ғ. басы – 1219 ж.) 11-13 ғ. басы

Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: IX-XI ғ. басы

Қимақ қағанатының астанасы: Имақия.

Қарахандар мемлекетінің астанасы: Баласағұн Бұқара.

Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент.

«Түрік» этнонимі алғаш қашан атала бастады? 542 ж. Қытай деректерінде кездеседі.

Түрік қағанатының негізін қалаған: Бұмын қаған.

Батыс Түрік қағанатының негізін неше тайпа құрады: 10 тайпадан тұрды.

Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603 ж.

VII ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Түнжабғы.

704 ж. Жетісудағы билікті алған түркі тайпалары: Түркештер.

Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үшелік қаған.

ІІІыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4 ұлысқа.

Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек пен Жәнібек.

Шыңғысханның заңдар жинағы: Жасақ (Ұлы «Яссы»).

Алтын Ордада қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды? Өзбек хан тұсында.

Бұл қаған елді әрқайсысы 7 мың әскерден тұратын 20 түтікке бөлген: Үшелік.

Қыпшақтар шаруашылығының негізгі түрі: Мал шаруашылығы.

«Жүз» термині нені білдіреді? Тарихи шаруашылық аймақ.

Ақ Орданың құлауы қай мемлекеттермен байланысты? Әмір темір.

Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Жайық-Еділ арасы.

Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348 ж.Тоғұлық-Темір.

Бөгенбай батыр басшылығындағы орталықтанған қазақ қолын құру туралы шешім қабылдаған 1710 жылғы кұрылтай қай жерде болды? Қарақұмда.

ХVІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті жарғы.

"Жеті жарғы" заңдар жинағы бойынша көп жағдайда қандай жазалау шаралары қаралды? Құн төлеу.

Қазақ қоғамының қай тап мүшелері би сотының қарауында болмады? Сұлтандар.

"Жеті жарғы" заңдар жинағы қай хан тұсында жасалып, қабылданды? Тәуке хан тұсында.

"Жеті жарғы" зандар жинағын жасауға төмендегі қайраткерлердің қайсылары ат салысқан? (Төле би, Әйтеке, Қазыбек)

Қазақ қауымының қай тобы "ақ сүйек" қауымына жатқан? Төре, қожа.

Қазақ қауымында кімдерді "қожалар" деп атаған? I ислам миссионерлер-ң ұрпағы.

Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Тек қана төрелер.

Қазақ қоғамында сот билігі қызметін кім атқарды? Билер.

ХVІІІ ғасырдың I ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғария.

Қай жыл "Ақтабан шұбырынды" деп аталды? 1723 ж. (1727 ж.)

1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр хан қандай мақсатпен Еділ қалмақтарына қарсы жорық жасады: Қал лар үшін.

Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім-ай.

1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып кім сайланды? Әбілхайыр хан.

1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы шайқаста қазақтар кімге қарсы соғысты? Жоңғарларға қарсы.

XVІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті? 1726 ж. Бұлантыда.

1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы

Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720 ж.

Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді үлкен жеңіске жетті? Бұланты өзені 1726 ж.

1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы

Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720 ж.

Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730 ж.

Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731 ж. Кіші жүз

1731-жылы 10-қазанда Кіші Жүз ханының ордасына Анна Иоановнаның елшісі ретінде орыс шенеунігінің қайсысы келді? Тевкелев

Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731 ж. 19 ақпан.

Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734 ж. 10 маусым (июнь).

Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734 ж.

Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кириллев

Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды? 1864 ж.

А.И.Тевкелеев кім еді? Кіші жүзге жіберілген елші

Қай қазақ ханы Ресей империясының ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр

Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы

Қазақ жерін отарлау саясатын Ресей патшалығы неден бастады? Әскери қамал салу

Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748 ж.

1748-жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші Жүздің ханы болып кім сайланды? Нұралы сұлтан

Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы қашан қабылданды? 1756 ж.

Абылай ханның билік құрған жылдары: 1771-1781 ж.

Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр

ХVІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай сұлтан

Екатерина IІ Абылай ханды қазақ жерлерінің қай бөлігінің билеушісі ретінде таныды? Орта жүз ханы

Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүзде билік басына кім келді? Уәли

XIX ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Уәлиханов

Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758 ж. Цинь империясы

Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі

«Көрінбес қозғалысының» (партизан қозғалысының) ұйымдастырушысы кім болған? Сапура деген қазақ қызы

Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды? 1773-1775 ж.

Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? Сырым Датұлы

Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783-1797 ж.

Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан

Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы ханды

1786-жылы Кіші жүз ханы Нұралының биліктен кету себебі неде? Барон Игельстром реформа басталуы

С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797 ж. Есім хан

1783-1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары: Нұралы ханды биліктен тайдыру

Кіші жүздегі Игельстром реформаларының негізгі мақсаты? Хандық билікті жою

Барон Игельстромның реформасының нәтижелері қандай болды? Реформа жүзеге асқан жоқ

Ішкі (Бөкей) Орда қай жылы құрылды? 1801 ж.

Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Бекіністің тылында орналасты

Ішкі (Бөкей) Орда Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Орал мен Еділ арасында

1801 жылы Ішкі Ордасының билеушісіне тағайындалған кім? Бөкей сұлтан

Қай жылдары Ішкі (Бөкей) Орданы Жәңгір хан биледі? 1823-1845 ж.

1812 жылы Наполеонға қарсы Отан қорғау соғысында қазақтар қандай әскери-ұлттық құраманың қатарында болды? Башқұрт-қазақ

XIX ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір

Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады

Жәңгір хан саясатының қай мәселелердегі әрекеті Ішкі Орда тұрғындарының наразылығын туғызып, көтеріліске итермеледі? Жер реформасы. Әдістер мен қорытындысы

Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін кім басқарды? Исатай мен Махамбет

1836-1838 жылдары Бөкей ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Шаруалар

Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің ең ірі шайқастары қай жерлерде болды? Ақбұлақ өзеніндегі, Тастөбе.

Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ

1822-1824 жылдары бір орталықтан басқаруға арналған реформаның негізгі мақсаты қандай? Кіші және Орта жүздегі хандық билікті жою

1822-1824 жылдардағы реформа қандай құжаттар негізінде жүргізілді? Сібір қырғыздарының жарғысы, Орынбор қырғыздарының жарғысы

«Сібір қырғыздары туралы Жарлыктың» авторы кім? Сперанский

«Сібір қырғыздары туралы Жарлығына» байланысты Орта жүз жері қалай атала бастады? Сібір қырғыздарының аймағы

Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822 ж.

«Сібір қырғыздары Жарғысы» бойынша дәстүрлі билер соты қандай өзгеріске ұшырады? Билер соты шектелді

«Орынбор қырғыздарының Жарғысы» қай жылы қабылданды? 1824 ж.

«Орынбор қырғыздарының Жарғысына» қандай жаңа жоспарлар еңгізілді? Ара қашықтыққа бөлу

Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824 ж.

Ішкі (Бөкей) Ордадағы хандық билік қашан жойылды? 1845 ж.

Ішкі (Бөкей) Ордасының соңғы ханы кім болды? Жәңгір хан

Ішкі (Бөкей) Ордасында хандық билік жойылғаннан кейін жоғарғы билік кімнің қолына көшті? Уақытша орыс кеңесіне көшті

К.Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1837-1847 ж.

К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қай жүздің қазақтары қатысты? 3 жүз

К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? Бүкіл ҚЗ

Қай жылы К.Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841 ж.

К.Қасымұлы кімдердің қолынан қаза тапты? Қырғыз манаптары

Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836 ж. Солт.ҚЗ оппозиция қозғ. жетекшісі

XIX ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұхаммедұлы

Верный әскери бекінісінің негізі қай жылы қаланды? 1854 ж.

1853 жылы орыс әскерлері жаулап алғаннан кейін Ақмешіт бекінісі қалай аталды? Перовск

XIX ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысының басталуы

1864 жылы Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерін біріктіру шараларында полковник Черняевтың экспедициялық корпусы құрамында қазақтың қай ақсүйегі болды? Ш.Уәлиханов

Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864 ж. Шымкентті алуы.

«Сырдария және Жетісу обылыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы қабылданды? 1867 ж.

1867 жылғы уақытша Ереже бойынша Сырдария және Жетісу обылыстары қай генерал-губернаторлыққа бағыңды? Түркістан

Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Омбы.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлыққа өтті? Батыс Сібір

1868 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Ташкент

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасы қай әкімшілік аймаққа еңгізілді? Астрахань

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтарды әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызмет етуге шектелуі неден көрініс алды? Болыс басқарудан артық орын ала алмады

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша соттар жүйесінің төменгі сатысы қалай аталды? Билер мен қазылар

1870-1873 жж. қазақ шаруаларының көтерілістері Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды? Маңғыстау

Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару қашан басталды? 19 ғ. 80 жылдары

«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1886 ж.

1891 ж. қабылданған облыстарды басқару туралы Ережелерге сай қандай генерал-губернаторлық құрылды? Дала

1891 ж. құрылған Дала генерал-губернаторлығының орталығы қай қала болды? Омбы

XIX ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? Олар 15 жылға салықтан босатылды, мал үшін несие алды

Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871 ж.

1881-1884 жж. қандай акт негізінде Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуі жүзеге асырылды? 1881ж. Санкт-Петербург

1881 ж. Санкт-Петербор келісімінде Іле аймағының ұйғыр және дұнған тұрғындары үшін қандай артықшылықтар қарастырылады? Әр адамға 4-5 десятина қазақ н/се қытай азаматтығын алу

1881-1884 жж. Шығыс Түркістаннан Жетісуға қандай халықтардың өкілдері қоныстанды? Ұйғыр, Дүнген

Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептер алғаш рет қашан және қайда ашылды? 19 ғ.

XIX ғ. Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды? Ұсақ шенеуліктер дайындау

XIX ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медреселер

Ш.Уәлиханов өмір сүрген жылдары: 1835-1865 ж.

Ш.Уәлиханов аталған оқу орындарының қайсысын бітірді? Омбы кадет корпусы

Ш.Уәлиханов өзінің еңбек жолын бастауда аталғандардың ішіндегі қандай лауазымда болды? Батыс Сібір г-г адъютанты

Ш.Уәлиханов ориенталистика саласындағы еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды? Ресей импер. Географ. Қоғам. Алтын медалі

Қандай ғылыми еңбек Ш.Уәлихановқа бүкіл әлемдік танымдынық әкелді? Қытайдың Нянь-Лу пров. 6 шығ. Қаласы мен 6 шардың жағдайы туралы

Ш.Уәлиханов қай орыс жазушы-демократымен дос болды? Достоевский

Ы.Алтынсарин Қазақстанның қай облысында мектеп инспекторы лауазымын атқарды? Торғайда

Ы.Алтынсариннің бастамасымен Торғай облысында қандай түрдегі оқу орындары ашалды? Орыс-қазақ мектептері мен училищелері

ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қай қазақ қайраткерінің бастамасымен қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орны ашылды? Ы.Алтынсарин

«Қырғыз хрестоматиясының» авторы кім? Алтынсарин

Ы.Алтынсарин төменде көрсетілген қай шығарманың авторы? Қырғыз хрестоматиясы

Абай Құнанбаев қандай оқу орнында оқыды? Семейде Ахмет Риза медресесі

Көрсетілген шығармалардың қайсысын Абай жазды? Ескендір поэмасы

Абайдың қай шығармасында оның философиялық-этикалық көзқарастары толық бейнеленген? Қара сөздер

Қай орыс жазушыларының шығармаларын Абай қазақ тіліне аударды? Пушкин, Лермонтов, Крылов

XIX ғ. екінші жартысындағы қай қазақ композиторлары «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерінің авторы? Құрманғазы

Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбет кім болды? Күйші, композитор

XIX ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбектің авторы: Левшин

XIX ғ. қай Ресей ғалымы Жетісудың табиғатын зерттеді? Семенов Тян-Шанский

А.С.Пушкин 1833 ж. Пугачев көтерілісіне материалдар жинау үшін Қазақстанның қай қаласына келді? Орал

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? М.Дулатов

Қазақ тіліндегі мерзімді басылым қашан шықты? 19 ғ. аяғында

1888-1902 жж. қазақ тілінде қандай газет шығарылды? Дала уалаяты

XIX ғ. аяғында Қазақстанда қандай өндіріс саласы дамыды? Тау-кен және тау зауыты

Орынбор-Ташкент темір жолы құрылысы қашан салынды? 1901-1905 ж.

XX ғ. басында Қазақстанда қандай темір жол торабы болды? Орынбор-Ташкент

1905 ж. желтоқсанда қандай өнеркәсіпте тау-кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы болды? Успен кенішінде (руднигінде)

1905 ж. желтоқсан толқулар барысында Успенск руднигінің жұмысшылары қандай ұйым кұрды? Орыс-қазақ одағы

Патша үкіметі атына петиция қабылданған қазақтардың Қоянды съезі қашан болды? 1905 ж. 25 шілде

Қандай оқиға қазақ зиялыларын ұлт-азаттық көтеріліс сахнасына шыққандығы жөнінде хабардар етті? Қоянды петициясына дайындық

Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар: Бөкейханов, Қаратаев, Тынышбаев

Қазақ қайраткерлерінің қайсысы Выборг қаласындағы I Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелерінің жиналысына қатысты және халыққа үндеу жазып, сол үшін үш ай түрмеге қамалды? Бөкейханов

II Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алып сөйлеген қазақ депутаты: Қаратаев

Столыпин реформасы қай жылдары жүзеге асырылды? 1906-1912 ж.

XX ғасырдың басындағы Столыпин реформасы қандай мәселеге арналды? Аграрлық мәселе

ХХ ғ. бас кезінде Столыпин реформасы кезінде қазақтардан қанша жер Көші-қон қорына алынды? 17 млн.

1917 жылға дейін Қазақстанда жалпы шарулар қоныс аударуы басталған кезеңнен қазақтардан қоныс аударушылар қорына қанша жер үлесі тартылып алынды? 45 млн. десятина жер

«Айқап» журналының алғашқы саны қашан жарық көрді? 1911 ж. қаңтар

«Айқап» журналының редакторы және шығарушысы кім болды? М.Сералин

«Қазақ» газетінің алғашқы саны қашан жарық көрді? 1913 ж.

«Қазақ» газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? 1913-1918 ж.

«Қазақ» газетінің бас редакторы кім? Байтұрсынов

1916 ж. қазақтар көтерілісінің шығуына не себеп болды? Қазақтарды тыл жұмысына әскерге алу

Қазақстанда ер адамдарды тыл жұмысына алу туралы патша жарлығы қашан шықты? 1916 ж. 25 маусым

Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан қашан жойылды? 1920 ж. наурыз

Біртұтас қазақ Кеңес мемлекетіне қазақ жерінің бірігуі қашан аяқталды? 1924 ж.

1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін кім басқарды? Р.Зенкович

Сырдария облысында ең алғаш рет Кеңес өкіметі қай қалада орнады? Перовск

Ресей қол астындағы Түркістан автономиясын жақтаған, сталинизмді сынап бірнеше еңбек жазған ірі қоғам қайраткері? М.Шоқай

Өзін қазақ елінің үкіметі атаған «Алашорданы» тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1919 қазанда

Күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі Қазақстанда қай жылдары болды? 1929-1931 ж.

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққандар қандай идеяны талап етті? Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату

Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмысын кім басқарады? Т.Рысқұлов

Қай жылы Бүкілқазақстандық Кеңестер съезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен өзгерту» туралы қаулы қабылдады? 1925 ж.

Қашаннан бастап БК П(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И.Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды? 1925 ж.

Ф.Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды? 1925-1933 ж.

1932 ж. шілдесінде республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты» кімге жолданған еді? Голощекинге

«Алжир» деген лагерьде қандай адамдар қамауда болды? Халық жауларының әйелдері

Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған: Мирзоян

Айтылған халықтардың ішінде Қазақстанға алғашқы көшірілгені қайсысы? Кәрістер

Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді? Жергілікті жағдай ескерілмеді, отырықшылықты пәрменді жүргізді

«Үш жүз» партиясының басшылары қандай саяси бағыт ұстады? Социалистік бағыт

Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? Орынбор

Қазақ халқының 1000 әні мен «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» жинағын шығарған композитор, әрі этнограф кім? Затаевич

Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай елдің құрамына енуі қажет еді? Үлкен Түркістан

«Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру» деген ұғым нені білдіреді? Кәсіпорындарды соғыс өнімін шығаруға көшіру

1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның қай аймағында соғыс жағдайы енгізілді? Орал, Гурьев

Қазақ ҚСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? Сәтбаев

Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш? Т.Бигелдинов

Кеңестер Одағы Батыры атағын алған ең жас қазақ? Елеусізов

Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі: 19 ғ. 20-40 ж. Қазақстан

Қай жылы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық- ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылды? 1952 ж.

Қай жылы Семей полигонында алаш ядролық сынақ өткізілді? 1949 ж.

Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы? 1954 ж.

Қазақстан Компартиясының VІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнынына Қазақстан Компартиясының ОК I хатшысы болып сайланған: Пономаренко

КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон қандай үш облыстың түйіскен жерінде болды? Семей, Павлодар, Қарағанды

1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерінің қанша мөлшері жыртылды? 6,5 млн. га

Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз: Барлық аталғандар

1953 жылы 27 қазанда темір жол тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады. Осы жол төсемін атаңыз: Мойынты-Шу

1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігін құрушылардың бірінің есімін атаңыз: Әуезов Мұрат.

КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қандай баға берілді? Ұлтшыл жастар бүлігі деп бағаланды

Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты? 1979 ж. маусым 16-19

Алғаш кеңестік «Невада-Семей» қозғалысының бастамасы қашан салынды? 1989 ж. ақпан

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қашан қабылданды? 1991 ж. 16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан бекітілді? 1992 ж. 4 маусым.

Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің қызмет орны туралы қаулыны қашан бекітті? 1990 ж. сәуір 24.

1990 ж. 25 қазанында қандай тарихи оқиға болды? Декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына мүше болып қашан қабылданды? 1992 ж. наурыз 2.

ҚР Президенті Қазақстанның астанасы Ақмола болуы жөніндегі қаулыға қашан қол қойды? 1995 ж. қыркүйек

Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? 1995 ж.

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес басқарудың қай түрі бар? Президенттік

Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14

«Кіші Қазан» идеясын ұсынған кім? Голощекин

Қазақстанда индустрияландыру неден басталды? Табиғат байлығын зерттеуден

Ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына қай облыстар кірді? Жетісу, Сырдария

Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болды? 1920-1924 ж.

Түркістан-Сібір темір жолын салу қашан басталды? 1927 ж.

Қазақстанда ұжымдастыруды қай уақытта аяқтау жоспарланды? 1932 ж.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай болды? Жаулап алынбаған жерлерді қайтару: тәуелсіздік үшін күрес.

«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерін атаңыз? Сәдуақасов

"Алаш" партиясы қашан құрылды? 1917 ж.

ІV Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет қалай аталды? Түркістан автономиясы

Азамат соғысы кезінде Ә.Жанкелдин экспедициясы қай майданға қару-жарақпен жәрдем көрсетті? Ақтөбе

Алаш үкіметінің жетекшісі кім болды? Бөкейханов

«Үш жүз» партиясының басшысы кім болды? Тоғысов

Қазақстандағы азамат соғысы қашан аяқталды? 1920 ж.

1941-1942 жылдары Қазақстанға қанша фабрика-зауыттар көшірілді. 220

Кеңес Одағының батыры Н.Әбдіров кім болды? Ұшқыш

Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституция қашан қабылданды? 1937 ж. наурыз

XX ғ. 80 ж. Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитетті кім басқарды? М.Шаханов

Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылданды? 1979 ж. көктем.

1975 жылы Олжас Сүлейменовтың қай кітабы жарық көрді? АЗиЯ

Президенттің «Қазақстан-2030 бағдарламасында» айтқанындай болашақ ұрпақ қандай қасиеттерге ие болатынын тандап алады? Барлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы қашан ұсынылды? 1994 ж.

1954 жылы Қазақстанда қандай оқиға болды? Тың жерлерді игеру

1920 жылы қандай оқиға болды? Қазақ АКСР құрылды

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда қандай оқиға болды? Президентті сайлау

1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастар не үшін бас көтерді? Қайта құрудың демокр-қ принципі үшін

Қазақстанда 30-жылдары жаппай аштық қандай саясаттың салдарынан болды? Ұжымдастыру саясаты

Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? 1946 ж. маусым.

1979 жылы Целиноградтағы бұқаралық толқудың себебі неде? Неміс автономиясын құруға күрес.

1958 жылы Қазақстанның қай жерінде әлеуметтік мәселенің шешілмеуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік болды? Теміртау

«Артымызда Мәскеу» атты кітаптың авторы кім? Момышұлы

Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан қанша адам қырылды? 1,5-2,1 млн.

Қазақстандағы көшпелі шаруашылық қашан түпкілікті жойылды? 1930 ж.

1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы кім? Ж.Жабаев

Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтар саны: 497

Қазақстанда бірінші Педагогиқалық институт қашан ашылды? 1928 ж.

Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандықтар саны қанша? 4

1964-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің I хатшысы кім болды? Қонаев

Семей ядролық полигоны қашан жабылды? 1991 ж. 28 тамыз

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму бағдарламасы қай жылы жасалды? 1997 ж. қазан

Ресейден Қазақстанға саяси жер аударынғандар қандай идея таратты? Демократиялық

Қазақстан Республикасында 2005 жылы 4 желтоқсанда қандай оқиға өтті? Президент сайлауы

Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заң қашан қабылданды? 1997 ж. 11 шілде.

Қазақ КСР Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? 1990 ж. 25 қазан.

Қай жылы Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып өзгертіліп, одақтас республика ретінде КСРО құрамына енді? 1936 ж. 5 желт.

Қазақ ақсүйегі, экономист, ұлттық либералды-демократиялық қозғалыстың жетекшісі: Бөкейханов

1920 жылы құрылған Қаз АКСР Орталық Комитетін кім басқарды? Меңдешов

1916 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы басшысы? Иманов

Туркістан-Сібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды? 1931

Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтіні қашан қабылданды? 1992 жылдың 7 желтоқсанында (2006 ж. қаңтар).

Қай жыл ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы болып жарияланды? 1998 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1991ж 12 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1997 ж.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды? 2004

1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформалары Қазақстанның қай өңірінде көтеріліс тудырды? Орал, Торғай, Маңғыстау

1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүздің басқарудың орталығын көрсетіңіз: Орынбор

1822 жылғы Жарғы бойынша Орта Жүздің территориясы қандай бөліктерге бөлінді? Округ-болыс-ауыл

Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды? 1865 ж.

Ірі ұлт-азаттық көтеріліске қолбасшылық еткен, XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны: Махамбет

ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның қай бөлігі Ресей империясының құрамына еңген жоқ? Жетісу

XX ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры немен айналысты? Жерді тартып алумен

Қазақ мәдениетінінң дамуында Абайдың еңбегі неден көрініс тапты? Жазба әдебиеттің негізін салушы

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты: Қазақ жерлерін жаулап алып билік жүргізу. (Сырдария бойынд.қалаларды жаулау).


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 583 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
D) Будды| Предмет и задачи курса истории Казахстана

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.125 сек.)