Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.

Читайте также:
  1. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  4. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.

Албырт балық тәрізділер (Salmoniformes) - сүйекті балықтар отряды. Ұзындығы 2,5 мм-ден 1,5 м дейін. Дене скелеті және бас сүйегі толық сүйектенбеген. Жоғарғы жақ сүйектерінің шеті, жоғарғы жақ сүйектері және алдыңғы сүйектерінен құралған. Ашық торсылдақтылар. жүзбеқанаттары тікенексіз. Құрсақ жүзбеқанаттары 7-15 сәуледен құралған, арқа қанаты жалғыз, оның соңында көптеген түрлерінің майлы жүзбеқанаттары болады. Қабыршақтары циклоид типтес. Бүйір сызықтары жақсы жетілген. Албырт балықтардың 27 тұқымдастары белгілі; олардың арасында албырт балықтар тұқымдасы, ақсахалар, қараауыздылар, корюшкала сланксалар, күмістілер, шортандар, умбриелар, даллилер, галаксиелер, гоностомалар, жылтырбастылар т.б. бар. Тұщы су, өткінші теңіз жағалауы және терең Су балықтары. Әлемдік мұхиттың солтүстік және оңтүстік жарты шарларының салқын, қоңыржай және тропикалық суларын мекендейді. ТМД-ның тұщы Сулары мен теңіз жағалауларында 16 тұқымдастары таралған. Албырттар, ақсақалар, қараауыздылар, корюшкалар, сланксалар; Охот және Беренгов теңіздерінде, Тынық мұхитта жағалауын мекендейді, Камчатка мен Куриль аралдары жағалауларында, үлкен терендікте Bathylagidae, Stomiatidae және жылтырбас тұқымдастары таралған. Албырт балықтәрізділер кәсіпшілік, қолдан өсіру және қорғау, жерсіндіру, көбейту және спорттық аулаудың маңызды балық түрлері болып саналады Бекірелер-Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті –шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған (бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері), ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре, шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.

Азақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз?

Қазақстан суқоймаларынан жылма-жыл 80 мың тн-дай балық ауланады. Ең көп ауланатындар –тұқытәрізділер отрядының өкілдері, олардың үлесі барлық аулаудың 80%-н алады. Екінші орынды қорының көптігі бойынша майшабақтәрізділердің өкілдері алады. Олар тек Каспий теңізінен ауланған. Жылдық аулау үлесі 45 мың тн-ға дейін жеткен. Қазір теңізде балық аулау қысқарғандықтан жылына бірнеше тн-сы ғана ауланады. Үшінші орында алабұғатәрізділердің өкілі көксерке алады. Республика бойынша жылма-жыл 4-8 мың тн ауланады. Балқаш алабұғасы да кәсіптік жолмен ұсталады. Ал төртінші орында–жайын. Республика бойынша 2,5-4 мың тн жайын дайындалады. Негізінен ол Каспий-Жайық және Балқаш суалабтарына ауланады. Дегенменде Республикамыздың суқоймаларында жылма-жыл балық аулау мөлшері өзгеріп тұратыны белгілі және ол облыстар бойынша да ауытқып тұрады. Тұқытәрізділерден – қасқа ақмарқа (жерех щуковидный), арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрікқанаты (остролучка чуская), күтім (кутум), іле қарабалығы (іле популяциясы); Алабұғатәрізділерден – балқаш албұғасы (балқаш-іле популяциясы) және Скорпентәрізділер отрядынн – шатқал тастасалағышы (подкаменщик чаткальский). Бұл балықтардың басым көпшілігі (7) Арал-Сырдария бассейнінде, 5 түрі –Каспийде, 4 түрі – Балқаш-Алакөл бассейнінде, 3 түрі – Ертіс бассейнінде және 2 түрі – шу бассейнінде мекендеген.

 

53. Ресурстық қосмекенділердің түрлерінің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз. Қосмекенділер алғашқы құрлыққа шыққан және ең көне төртаяқты Анамниялар тобына жататын омыртқалы жануарлар. Бұлар палеозой эрасының девон кезеңінде бұдан 350 млн жыл бұрын пайда болған. Қазіргі қосмекенділердің Әлемде соңғы деректер бойынша (Frost,2011) 6686 түрі белгілі. Олар 3 отрядқа бірігеді: Құйрықсыздар (Ecaudata, seu Anura) -5900-дей түр, Құйрықтылар (Caudata) – 600-дей түр және Аяқсыздар (Apoda) -186 түр. Ал Қазақстанда алғашқы 2 отрядтың 12 түрі кездеседі (құйрықсыздардан 9 түр, құйрықтылардан 3 түр).Бұлар 5 тұқымдасқа және 5 туысқа бірігеді.

Қазақстанда қосмекенділердің түрлік құрамы өте аз. Бұл біздің республикамыздың ландшафтық-климаттық жағдайларына байланысты және территориямыздың басым көпшілігі аридтік (құрғақшылық) кеңістікте орналасқан. Түрлік құрамның жартысына жуығы Қазақстанның басқа мемлекеттермен шекаралас аудандарында тараған. Бұлар солтүстік, негізінен еуропалық түрлер болып табылады. Олардың қатарына қызылбауыр шұбарбақаны (краснобрюхая жерлянка), тарбақаны (чесночница), шөпбақаны (травяная лягушка), сібір бұрыштістісін (сибирский углозуб) жатқызуға болады. Бұлар республикамыздың батысы мен солтүстігіндегі орманды-дала зонасындағы ылғалы биотоптарда кездеседі. Сұр немеесе кәдімгі құрбақа республикамыздың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және шығысында тараған. Сүйіртұмсық бақа орманды-дала зонасынан бастап оңтүстікте Торғай, Қарағанды, Аякөз пен Алакөлге дейін мекендейді. Ал Жетісу бақатісі (семиреченский лягушкозуб) тек Жетісу Алатауының биік белдеулеріндег салқын суларда ғана кездеседі. Ал қызылаяқ бақа немесе орталықазиялық бақа (центральноазиатская или сибирская лягушка) XX-ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Балқаш өңірінде кең тараған-ды. Бірақ ғасырдың аяғында саны кеміп, таралу аймағы тарылып, өте сирек кездесе бастады. Нәтижесінде Қазақстан республикасының Қызыл кітабының барлық басылымдарына (1978; 1991; 1996; 2010) енгізілді. Бұған басты себептер – тіршілік ортасын меңгеру (мысалы, Қапшағай су электр стансасын салу) және сол кезде саны көбейген және мекендеу ортасы кеңейген жасыл бақаның бәсекелестігіне шыдамауы да мүмкін. Қалған 3 түр (көлбақа, жасыл бақа және Певцов құрбақасы немесе Даната құрбақасы) республикамыздың оңтүстік бөлімінде кең тараған, саны көп.

Қосмекенділер ресурстарын пайдалануына қарай шартты түрде дәрі-дәрмек шикізатын алатын ресурстар, тағам ретінде пайдаланылатын ресурстар, ғылым мен білім саласында пайдаланатын ресурстар, экологиялық маңызы бар ресурстар және эстетикалық тұрғыда пайдаланылатын ресурстар деп бөлуге болады.

Амфибияларды жаппай аулау жайындағы алғашқы мәліметтер Жетісу Алатауының эндемигі – Жетісу бақатісіне қатысты. XIX-ғасырдың өзінде-ақ бұл қосмекенді Қытаймен сауда-саттық жасауда басты нысан болған. Қытай саудагерлері бақатісті халық медицинасында пайдалану үшін көптеп сатып алғаны белгілі (Параскив, 1953). Амфибиялардың арасында ең көпсандысы көлбақа болып табылады. Осы бақаның және басқаларының ресурстарының көп немесе аз болуы суқоймаларының жағдайына тікелей байланысты. Ертеректе көлбақа кең көлемде ауланды. Қазақстанда жылма-жыл оның 200-250 мыңдай басы дайындалды. Медицина мен ғылыми-зерттеу мекемелер үшін 1978-1993 жылдар аралығында 3 млн 356 мың данасы ұсталды. Осындай көлемде аулауды қазір де, болашақта да жүзеге асыруға болады, өйткені шектен тыс аулау жоқ, олар кең таралған және саны жоғары. Деседе бұлардың кейбір экожүйелерде ауылшаруашылық зиянкестері болып табылатын омыртқасыздардың санын реттеуші екендігін де ескеруіміз керек. Мысалы, Индияда амфибияларды шектен тыс аулау зиянкестердің санының көбеюіне алып келді, оның нәтижесінде пестицидтерді көптеп қолдануға тура келеді. Келесі көпсанды түр –жасыл құрбақа.Ол болашақта у дайындаудың негізгі нысаны болмақ. Өйткені құрбақалардың паротидаларынан (құлақмаңы бездері) у алу қазіргі таңда ғалымдарды қызықтыруда. Мысалы, 1987, 1988 және 1993 жылдары осы мақсат үшін бұлардың 8500 данасы ауланған. Ал бақалардың ғылыми-зерттеу мекемелерінде және білім ордаларында зерттеу нысандары ретінде пайдалану және террариумдерде ұстау Сіздерге таныс. Қазіргі таңда көпсанды қосмекенділерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұлар ылғалы бар жерлерде тіршілігін жалғастыра алады (тек көбею кезінде ғана су мөлшері көп болуы керек). Жаңа суқоймаларының пайда болуы, мысалы шалшық сулар, құдықтар мен скважиналардың маңындағы шағын көлдер, жол бойындағы шұңқырлардағы жаңбыр суы, тақырды жерлерде пайда болатын хақтар және т.т. қосмекенділер үшін өте таптырмайтын орындар. Бұл жерлерде жасыл құрбақалар уылдырықтарын шашады, өніп-өседі. Шөлді аймақтарға амфибиялардың тереңдеп енуіне мысалы, Алматы қаласынан 70 км жерде пайда болған Сорбұлақ көлі. Бұл жерде соңғы 10 жылда көлбақаныңөте күшті популяциясы пайда болды. Бұл - таптырмайтын ресурс көзі. Деседе қосмекенділердің табиғаттағы өміршеңдігі өте сирек 10 жылдан асады, ал террариумде кейбір амфибиялар бірнеше ондаған жылдар өмір сүруі мүмкін. Мысалы, бақалар мен құрбақалар қолда ұстағанда 16-36 жыл, тритондар 28-30 жыл, ал бір отты саламандраның 43 жыл өмір сүргені белгілі. Бұл айтылғандар қолда өсіріп-бағуда ескерілуі керек.

Қазақстанның амфибиялары мен рептилияларын қорғауды күшейту үшін мынандай іс-шараларды жүзеге асыру керек. Олар: 1- барлық түрлерге және сирек, жойылып кету қаупіндегі түрлерге мониторинг жасау; 2-арнайы рұқсатсыз аулауға тиым салу; 3- айыппұл салу жүйесін қалпына келтіру; 4-сирек кездесетін түрлерді қолда өсіру;5-ғылыми –зерттеу мақсаты үшін аздаған даналарын ұстау; 6-үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізу.

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 616 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз. | Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы. | Асем сурагы кайда | Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. | Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз. | Асем сурагы кайда дурыста озиннин истегениннин барин карап шык | Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Асем ози истеиди| Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)