Читайте также:
|
|
Эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары өсімдіктердің 150 – 200-ге жуық түрлерінен алынады. 1500-ден астам эфир майлары зерттелген. Олардан 500-ден аса қосылыстар бөлініп алынды, жеке эфир майлары құрамында 5 – 20 түрлі қосылыстар болады. Эфир майлары өсімдіктердің жапырағы, сабағы, гүлі, тамыры, т.б. органдарында бос күйінде немесе гликозидтер түрінде болады. Олар өсімдіктерден су буымен айдау, төмен температурада қайнайтын еріткіштермен шаймалау және қысу, т.б. әдістер арқылы алынады. Эфир майлары қалыпты температурада мөлдір, оңай қозғалатын немесе тұтқыр, түссіз немесе сары, жасыл, қоңыр сұйықтық. Ауада жарық әсерінен тез тотығады, шайырланады және өзінің иісін өзгертеді. Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады.Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген.
27. Балды өсімдіктер және олардың шарушылықтағы маңызы:
Ара шаруа-ы ауыл шаруа-ң маңызды қосымша шаруа-ы б.с. Ара шаруа-ы көптеген ауыл шаруа-қ дақыл-ң өнімділігін арттыуда ж/е мал азықтық шөптерге қатысты тұқым қуалау-н дамытуда бағалы тағам өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді падалануда ж/е де пайдалы мед.қ препарттар өндіруде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктерден шырынды ж/е тозаңды жинап аралар оны ұяларына лаып барады. Ұяларында шырынды балға айналдырады, ал тозаңдарды пергаға – ересек аралардың қорегі, олармен аралардың личинкалары да қоректенеді. Бал және перганы пайдаланған аралар воск-балауыз өндіреді. 1жылда араның отбасы 90 кг бал пайдаланады. 90 кг-нан қалған бал ж/е балауыз псеканың тауарлық өнімі б.с. Ара шаруа-ң маңызы тек өнім, яғни бал аулауда ғана емес, бал өндіруден басқа бақшалардың, егістіктердің, баулардың өнімділігін арттырады. Өсімдіктер аралармен тозаңданғанда өнімнің мөлшері ғана емес сапасы да артады. Мысалы, арамен тозаңданатын күнбағыста толық пісіп жетілген тұқымдар – 85,3%, ал тормен қоршап жауып қойған күнбағыста толық пісіп жетілген тұқымдар мөлшері - 40% болған, ал торды қосымша дәкемен қоршап жауып қойғанда 14,2% ғана болған.
Балды өсімдіктер бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Егіс даласының балды өсім-р (қарамық, күнбағыс, мақта, анис ж/е щалфей); 2. Шалғындағы балды өсім-р (беде, қазтамақ, сиыр жоңышқа, гүлкекіре, боз кілем, қайызғақ шөп, қойжелкен, қазтабан ж/е т.б); 3. Бау – бақшалардағы балды өсім-р 3 топқа бөлінеді: 3.1. Жеміс ағаштар ж/е жидек бұта-р (таңқурай, қарлыған, шие, қараөрік, алма, алмұрт ж/е т.б.); 3.2. субтропикалық аймақта өсетін балды өсім-р (құрма, малина, шабдалы, миндель, өрік ж/е т.б.); 3.3. Бақшадағы ж/е көкөністік балды өсім-р (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз); 4. Орман алқабының балды өсім-і 2 топқа бөлінеді: 4.1. Ағаш түрлері (жөке ағашы, үйеңкі, қарағаш, тал, шетен, терек, емен, қайың ж/е т.б.); 4.2. Шөптесін өсім-р (күрең ат, сабынкөк, күнгелді, сарыраушан ж/е т.б.).
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 616 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | | | Асем сурагы кайда |