Читайте также:
|
|
Жер бетіне пайда болған 150 млн жыл ішінде құстар біздің планетамыздың барлық учаскелерінде кездесетін болды. Олар барлық материктерде, мұхит аралдарының көпшілігінде, ашық мұхит айдындарында кездеседі. Қазір Жер шарында 8400-ден 8800-ге дейін түр тіршілік етеді деп есептейді. Түсінікті болу үшін біз орташа санын 8600 түр бар деп есептейміз. Олар 28 отрядқа, 174 тұқымдасқа, 2350 туысқа бірігеді. Ал Қазақстан территориясында 18 отрядқа, 59 тұқымдасқа, 218 туысқа бірігетін 500-дей түр кездеседі.Осы құстардың Қазақстан территориясында ұялайтындары 390 түр (78%), олардың 138 түрі (35%) қыс айларында кездеседі, ал қалған 65%-ы –жыл құстары болып табылады. 50-60 түрі көктемгі келу, күзгі қайту мезгілерінде біздің республикамыздың территориясы арқылы ұшып өтеді, дем алады, қоректенеді. Құстарды түрлі мақсаттарға пайдалануы бойынша мынандай ресурстық топтарға бөледі. Олар: 1-кәсіптік-аңшылық ресурстар; 2- әуесқойлық жолмен ауланатын түрлер; 3-шикізат алатын түрлер; 4-саятшылық түрлер; 5-эстетикалық маңызы бар түрлер; 6-экологиялық маңызы бар түрлер, ауыл және орман шаруашылықтары зиянкестерінің санын реттеуші түрлер ресурстары және т.т. Бұл ресурстық түрлер мекендеу ортасына қарай: 1-су құстары; 2-сумаңы құстары; 3-құрлық құстары; 4- орман құстары деп бөлінеді. Олардың құрылымында және биологиясында, этологиясында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігіне қарасты Зоология институтының мамандарының деректері бойынша 2010 жылы құрлардың саны – 871020. Тауықтәрізділер отряды –Galliformes.Пішіні және мөлшері жағынан алуан түрлі қүстар - салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін ауытқып түрады. Жер шарына кең тараған. Бүлардың арасында отырықшыжәне жыл қүстары бар. Көптеген тауықтәрізділер спорттық аңшылықтың нысандары. бұлардың түмсығы қысқа, аяқтары күшті және артқы саусағы қысқарған. Өңешінде көлемді жемсауы болады. Соқыр ішек және өт қапшығы болады. Жабын қауырсындарында жанама өзек болады, қауырсындануы тығыз. Тауықтәрізділердің қанаты қысқа әрі жалпақ. Бүлар жақсы үша алмайды. Огрядқа 85 туысқа жататын 253 түр жатады, бүлар 8 түқымдасқа бөлінеді. Тауықтәрізділердің екі отряд тармағы (тауықтар мен гоациндер) морфологиялық және экологиялық жағынан бір-бірінен өте жақсы ажыратылады. Құр тетктестер — тауықтәрізділер отрядына жататын орман құсы. Қазақстанда Жайық өзенінен Ертіс өзеніне дейінгі орманды аймақтарда мекендейді. Алтай, Тянь-Шань Жетісу (Жоңғар) Алатауларында да кездеседі. Қалба Алтайында, көбінесе Марқакөлде итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Дене тұрқы 53 — 57 см, салмағы 1,2 — 1,8 кг. Қоразы ірі, түсі қара, қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Мекиені қара шұбар келеді. Құр — отырықшы құс. Құр полигамды, бұтаның, ағаштың түбінен шұңқыр қазып, ұясын жерге салады, оған ағаш бұтағын, жапырақ, кейде мүк және қауырсын төсейді. Аналығы 4 — 12 жұмыртқа салады. 23 — 25 күнде балапан шығарады. Негізгі қорегі — өсімдіктер. Балапандары алғашқы аптада қоңыздармен, дернәсілдер және жұлдыз құрттармен, құмырсқалармен, қандалалармен, өрмекшілермен, масалармен, шыбындармен қоректенеді. Құр (еті) — жабайы құс. Құр етінен сорпа қайнатқанда ұшадан омыртқа сүйектеріп алып тастау қажет. Өйткені ол қайнаған етке ащы дәм береді.
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | | | Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз. |