Читайте также:
|
|
Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды. Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Дәрілік шикізатын дайындауда1963 жылы Ташкент серпентарийі үшін Шу-Іле өзендерінің аралығында және Іле өзенінің жағалауынан 30 мың дала сұржыланы ауланды. Іле өзенінің бойынан 4-5 адам күніне 900-1000 жылан ұсталды. 1962-1963 жылы маусым-шілде айларында Отар стансасынан 1000-нан аса сұр жылан ауланғаны белгілі (Богданов, 1965). Бұл цифрлар шындыққа жата ма, жоқ па, белгісіз? Қазір бұл жерде жыландардың санының азаюына байланысты дайындалмайды. Осындай уы үшін ауланатын екінші жылан – бозжылан Барсакелмес аралынан да ауланды. Соңғы кезде улы жыландарға, соның ішінде дала сұржыланы мен бозша жыланға деген сұраныс көбейе бастады. 1985 жылы Охотзоопром өзінің серпентарийін ашты және 3 жылдың ішінде 400 бозша жылан ауланды. 1991 жылы бозша жыланға қажеттілік 400 бас, ал 1992-1993 жылдары – 900 –ге жетті. 1988 жылы 100 дала сұржыланы ұсталды, ал 1992 және 1993 жылдары қажеттілік – 1600 данаға жетті. Өкінішке орай, Қазақстанда улы жыландарға санақ жұмыстары жүргізілмейді және олардың ресурстары жайында деректер жоқ. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: Соқырлар тұқымдасы (1 түрі), Айдаhарлар тұқымдасы (2 түрі), Сарыбас жыландартәрізділер (12 түрі), Сұржыландар (2 түрі), Бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік етеді.
33. Сүңгуір үйректер, олардың биологиясы мен экологиясы ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіру Сүңгуір үйректер (лат. Aythya) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын құс. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржайжәне суық белдемдерін мекендейтін 7 түрі бар. Қазақстанда 4 түр 1алакөз сүңгуір үйрек. (A. nyroca) – Зайсанда, Іле – Шу атырабында, Сырдария өзендерінің аңғарларында; 2көк сүңгуір үйрек (A. ferina) (дене тұрқы 50 см-дей, салмағы 0,7 – 1,1 кг, қоразының басы және мойны жирен, арқасы көгілдір сұр түсті) негізінен республикамыздың солтүстік бөлігінде, Алакөл ойысында; 3.айдарлы сүңгуір үйрек (A. fuligula) – Қазақстанның солтүстігінен оңтүстік-шығысына дейінгі жерлерде; 4.теңіз сүңгуір үйрек (A. marila) кездеседі.
Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері жәнеомыртқасыздармен қоректенеді. Әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланады.
Сүңгуір үйректер - су кұстарының туыс тобы, үйрек тұқымдастарына жатады. Артқы саусақтарында тері қалақтары болады, үйректің сүңгуіне мүмкіндік береді. Қызыл сүңгуір, қара тұрпаң кең таралған.
Бұл үйректердің көпшілік түрлері солтүстік ендікте тараған. Өзен үйректерінен бұлардың өзгешелігі суы терең, өсімдігі азырақ суларда, теңіздерде көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы да жақсы сүңгіп, күндіз коректенеді. Қоректерін судың терең жерінен іздейді. Су ішінде тез қоғалып жүретін ұсақ жануарларды ұстап жейді.
Ұяларын салғанда сүңгуірлердің бірнешеуі бірігіп жерге, кейбір түрлері (гогольдер) ағаштардың қуысына салады. Қыс-таған және түлеген кезде бірнешеуі бірігіп топталып жүреді. Еті кәдімгі үйректердің етінен қатты, нашар исі болса да, олардың көпшілігінін, кәсіптік маңызы бар.
Кейбірсүсүңгуір үйректердің терісі қалың болады. Ондай құстардың қауырсыны мен терісін сылып алып, илеп, түрлі киімдер — бас киім, муфта тігеді. Олар әрі жеңіл, әрі жылы болады. Үйректердің жұмыртқасын пайдалану ертеден келе жатыр. Бірақ, бұл кәсіптік құстардың азайып кетуіне себеп болады Сүңгуір үйректердің аулау кәсібін өркендету үшін, оларды аулау ғана емес көбейту шаралары да қолданылады. Сондықтан да, оларды жыл маусымының белгілі бір уақытында ғана аулап, көбею ке-зінде жылдың басқа маусымдарында аулауға тыйым салынады.
Үйректерді Ауылшаруашылығы құстарына жатқызуға да болды.. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін үйректердің мәні зор,. Үйректер өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түсед
. Үйрек қолға үйретілген құстарға жатады. Үйрек төзімді құстар қатарына жататындықтан, тақтайдан тығыз етіп жасалған қоралар олар үшін әрі арзан әрі қолайлы болып саналады. Оның едені жерден сәл жоғары етіп жасалуы керек. Әрбір қораны екіге бөлген тиімді болар еді: біріншісін - үлкендеу етіп демалыс пен серуендеу үшін, екіншісін - кішілеу әрі аздап қараңғылау етіп құстардың дамылдап отыруы мен жұмыртқа салуы үшін. Үйрек өсірудегі ең маңызды нәрсе таза төсеніш пен міндетті түрде ауаны желдетіп тұру болып табылады.Әрбір құстың ұясын жасанды түрде бір-бірінен бөлек ету үшін шөп, сабан, қурай, құрақ сынды немесе басқа да шөптермен жауып немесе қоршап қою керек. Үйрекшаруашылығы Үйрек шаруашылығы - ет өндіру үшін үйрек өсіретін құс шаруашылығының бір саласы. Қазақстанда үйрек шаруашылығын құру 1960-1970 жылдары Қытай мен Англиядан Пекин үйрегін әкелуден басталды. Солардың негізінде Қазақ аймақтық құс шаруашылығы тәжірибе станциясы жоғары өнімді "Медеу" атты үйрек шығарумен тікелей айналысты. Бұл үйректің 49 күндік балапаны 3 кг салмаққа жетіп, 6,5 айлығында жыныстық қабілеті жетіледі. Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат - олардың жұмыртқасы мен етін алу.
Үйректерді жұмыртқа шығаруға отырғызудың қолайлы мезгілі - наурыз айының аяғы, сәуірдің ортасы. Осы уақытта олардың жұмыртқа тууы тоқтап, жұмыртқа басу түйсігі пайда болады. Ерте жарып шыққан қаз бен үйрек балапандарының өсу кезеңі ең қолайлы мезгілмен тұспа-тұс келеді, себебі дәл осы уақытта олар жас, құнарлы шөппен қоректене алатын болады.Қаздар мен үйректер жұмыртқа басатын орын қараңғылау, таза, иіссіз, температурасы 12 º С-ден төмен болмауы керек. Жұмыртқа басу барысында құс қорада тыныштық болу керек, сондықтан өзге құстарды басқа жерге орналастырған дұрыс. Үйректер көбінесе жұмыртқа салған ұяларында ғана жұмыртқа басады. Егер жұмыртқаларды басқа жерге ауыстыратын болса, олар жұмыртқа басуын тоқтатуы мүмкін. Үйрек балапандарын мұндай жолмен өсіру барысында жасанды жылытудың қажеті жоқ
Ырғауылдар тұқымдасына жататын құсатардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
Қырғауылдар тұқымдасы (Phasіanіdae), тауықтәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұқымдастың ерекшелігі: танау тесігі қауырсынмен жабылмаған. Жіліншіктері түксіз, көпшілік түрлерінің қоразының жіліншіктерінде мүйізді өсіндісі бар. Танау тесігін тері қаптары жауып тұрады. Қазақстанда Қырғауылдар Тұқымдасының 6 туысқа бірігетін 8 түрі бар. Ең жиі кездесетін түрі — қырғауыл (Phasіanus colchіcus). Қазақстанда өзен жағалауындағы — тоғайлы, қамысты-қопалы жерлерді, Арал теңізінен, Алакөл ойпаңына дейінгі шөлді аймақтарды мекендейді. Олар тау беткейлерінде бұта өсімдігі жақсы өскен және алуан түрлі шөптесін өсімдіктер өскен жерлерде кездеседі. Қоразының құйрық қауырсындары өте ұзын, әрі қызғылт, қою жасыл, күлгін түсті. Мекиені қоңыр сұрғылт түсті. Қанатының ұзындығы 245 мм, салмағы орта есеппен 1150 г-дай.
Қырғауылтектестерде 175 түр (48 туысқа бірігеді) бар, олар әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда көп. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын 12 түр ұялайды. Қазақстанда 8 түр кездеседі, ал 7-і: кәдімгі қырғауыл, сүр және сақалды шіл, гималай және алтай ұлары, бөдене (бытпылдақ) және кекілік мекендейді..Тұқымдас ішіндегі қатынас шат-шытырман, бірақ бірнеше топты:
америкалық бөденелер;
ескі дүние бөденелері;
шілдер, кекіліктер,ұларлар;
аргустар, тауыстар (павлин); қырғауылдар, нағыз тауықтар,трогопандар
топтарын ажыратуға болады.Үй тауықтарының тұқымдары жабайы күйінде Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейтін банкив тауығын (Gallus gallus) қолға үйрету нәтижесінде пайда болған деп есептейді.
Шілдер (лат. Perdix) – тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдасына жататын құстар. Қазақстанда 2 түрі: сұр шілі(P. perdix), сақалды шіл (P. daurica). Соның ішінде ең жиі кездесетіні – сұр шілі, оның 8 түр тармағы бар. Бұлар республиканың барлық аймағында мекендейді, тек шөлді, биік таулы жерлерде кездеспейді. Дене тұрқы 35 см, аталығының салмағы 500 г, аналығы – 350 г. Сыртқы қауырсыны сұрғылт, онда көлденең жолақты қара дақтары, бүйірінде қоңыр жолақтары бар, басы мен мойны қызғылт сары түсті, бауыры – ақ және онда таға тәрізді қоңыр таңбасы болады. Ағаш басына сирек қонақтайды, жерде жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде қанатын жиі-жиі қағып, өзінше дыбыс шығарып, ұшып кетеді. Топтанып жүреді. Отырықшы құс. Жерді шұқырлап ұяжасайды да, оған құрғақ шөп төсейді. Ұяға 12 – 25 жұмыртқа салып, оларды аналығы мен аталығы 25 күндей шайқайды. Өсімдік тұқымымен, бүрімен, жәндіктермен (қоңыз, құмырсқа, тағы басқа) қоректенеді. Зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. Кәсіптік маңызы бар бағалы құс, әуесқойлық жолмен көп ауланады.
Бөдене — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістіктежерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейдежәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады. Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Құрамында – фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. Басқасын айтпағанда, адам ағзасының ауру-сырқауға қарсы қабілетін күшейтеді, ағзадағы темір радионуклидтерді шығарады екен.Бөдене асырау өте жақсы, қызықты, денсаулыққа пайдалы іс. қанша ауруға ем.Мысық асырағанша өзімізге пайдалы, халқымызға пайдалы іспен айналыссақ боладығой. тұқымын балдарымызға жегіссек, жапонияда бала бақшалардың бәрінде балаларға беріліп тұрады екен. Ал Қазақстанда бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса қазақстанның болашағы келешек денсаулығы мықты, өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында деп есептеймін.
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 414 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | | | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. |