Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз.

Читайте также:
  1. Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.
  2. Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз
  3. Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.
  4. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.

Жыртқыш құстардың санын негізінен жаяу, автокөлік, ұшақ немесе тікұшақ және сұрақ-жауап анкетасын пайдалану арқылы анықтайтын бірнеше әдістері бар. Олар: 1-бағыт (маршрут) бойынша санау; 2- белгілі бір тұрақты аудандарда санақ жүргізу; 3- астық элеваторында санақ жүргізу; 4- автокөлікпен есептеу; 5- тікұшақпен есептеу; 6- сұрақ-жауап анкетасын толтыру бойынша есептеу.

Сұрақ-жауап анкетасын пайдалану арқылы сирек кездесетін жыртқыш құстардың санын анықтау. Бұл әдіс негізгі санақ жұмыстары жүргізетін әдістерге қосымша болып табылады. Десе де, арнайы дайындалған анкеталарды корреспонденттерге жіберіледі және жергілікті тұрғындардан ауызша не жазбашы түрінде жауап алынады.

Бұл әдістер сол территорияларда мекендейтін жыртқыш құстардың нақтылы санын анықтаумен қатар, олардың демографиялық көрсеткіштерін де (тұқымдылығы, ұялардың тағдыры және т.т.) бақылауға мүмкіндік береді. Ал бұл деректер ұялаудың тиімділігін, олардың санын шектеуші факторларды анықтап, түрді дер кезінде қорғау шараларын қабылдауға жағдай жасайды.

Санақ жұмыстарын жыртқыш құстар кең тараған аудандарда әртүрлі мезгілде ұйымдастырады. Мысалы, ителгіні ұялау кезінде, сәуір-мамыр айларында, құстар ұялау учаскелерінде жақсы байқалатын кезде жүргізеді, ал ұшақтармен жазда және күзде де ұйымдастыруға болады. Бүркітті көктемде, далалы аудандарда 10 сәуір – 10 мамыр аралығында, ал таулы аудандарда – мамыр-маусымда жүргізген тиімді болып табылады. Аққұйрық субүркітін санау 2 кезеңде: көктем мен жазда жүргізеді. Көктемде Қазақстанның Оңтүстік аудандарында 15 сәуір-10 мамыр, ал қалған аудандарда мамыр айында жүргізген дұрыс. Жазғы санақ жұмыстарын, олар суқоймаларының жағалауларына жиналған кезде, балапандарын қоса есептеу үшін 20 шілде – 10 тамыз аралығында өткізеді. Қыс айларында ақбөкендерге, су және жағалау құстарына, доңыз бен елікке санақ жүргізгенде, аққұйрық субүркітінде қоса есепке алады. Ал Каспий теңізінде бұл жыртқыш құсты Каспий түленіне аулау алдында санақ жүргізгенде (қаңтар-ақпан) есепке алуға болады.

Санақ жұмыстары тапсырыс беретін мекеме мен орындаушы мекеменің өзара келісіп берілген бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады. Бұйрықта орындаушылар, жұмыс атқарылатын аудандар, санақ жүргізу мерзімі мен санақ жүргізілетін құстың түрі көрсетіледі. Егер санақ жұмыстары ұшақпен жүргізілетін болса, онда тапсырыс беруші мекеме және ұшақ иелері арасында келісімшарт жасалады. Онда ұшу жұмыстарын орындауға тапсырыс беріледі, ұшу жұмыстарын орындайтын аудан мен есепшілердің тізімі көрсетіледі. Автокөлікпен санақ жүргізу үшін 2-3, ал ұшақпен – 5 маман қатысуы керек.

Санақ жұмыстары ашық күндері жүргізілуі тиіс.

Дала жағдайында жүргізілген санақ жұмыстары туралы ақпараттар әртүрлі әдістерді пайдаланғанда түрліше жазылады. Мысалы, таулы жерлерде бағыт (маршрут) бойынша іздеу жұмыстары күнделікке мына төмендегідей түрде жазылады: күні, тау жотасының, шатқалының аталуы, оның ұзындығы, есептеу алабының ені, уақыты және кездескен ұя, территориялық жұп, жеке құс маршрут аяқталған соң бұл мәліметтер арнайы кестеге толтырылады Автокөлікпен санақ жүргізгенде күнделікке санақ жүргізілген күн, маршруттың басталған орны мен аяқталған жері, уақыты, километражы (спидометр бойынша), кездескен жеке құс, ұя және территориялық жұптар, кездескен уақыты мен орны (мекен, спидометр көрсеткіші, GPS көрсетуі). Санақ жұмыстары аяқталғаннан соң бұлар арнайы кестеге толтырылады.

Ұшақпен санақ жүргізгенде есепшілер 2 жақтан журналға құстардың кездескен уақыты, саны және көзге түскен ұяны тіркейді. Ал санақ жұмыстарының жетекшісі ұшқыштар кабинасында отырып, штурман қызметін атқарып, картаға маршрутты салады, кездескен орынды белгілейді, ұшу биіктігі мен жылдамдығын анықтайды. Санақ жұмысы аяқталған соң арнайы кесте толтырылады.

Санақ жұмыстары кезінде алынған мәліметтер (алғашқы толтырылған кестелер) бір кестеге жинақталады. Ұялар және территориялық жұптар картаға түсіріліп, жыртқыш құстар ұялайтын территория белгіленеді. Құстардың мекендейтін территориясының ауданы курвиметр көмегімен немесе миллиметрлік қағазбен барлық даралардың санын қосу арқылы анықталады (1-кесте).

1-кесте. Алматы облысындағы кейбір аудандардағы ителгі (бүркіт, аққұйрық субүркіті) саны

Учаскенің атауы Санақ жүргізілген территорияның ауданы, км² Есепке алынған саны 10 км²-гі саны, тығыздығы
      1,2
      1,5
      2,0
      1,5
Барлығы:     1,5

Осылайша жыртқыш құстың (құстардың) популяциясының санақ жүргізілген территориялардағы орташа тығыздығын анықтаған соң, картаға түсірілген контур бойынша бұл құстың (құстардың) мекендейтін территориясының ауданын анықтап, нақтылы территорияда (ауданда, облыста, республикада) оның (олардың) санын есептеп шығаруға болады.

Су құстарына санақ жүргізу. Бұл топқа жататын құстарға санақ жүргізуді сұңқылдақ аққуды- Cygnus cygnus L., мысалға алып қарастырайық. Өйткені бұл құсты басқа су құстарымен шатастыру мүмкін емес. Қазақстанда кездесетін бұл құсты 2 топқа бөледі. Олар - ұялайтындар және ұшып келіп-кететіндер. Ұялайтын құстар жайындағы ақпараттар өте құнды: бұл құстар ұлттық байлығымыз болып табылады.

Миграция кезінде сұңқылдақ аққулар Қазақстанда көптеп кең көлемде кездеседі. Осыған орай санақ жұмыстарын Каспий теңізінің Шығыс және Солтүстік-ғыс жағалауларында Жайық өзенінің атырауын қоса, Еділ өзені атырауының қазақстандық бөлігі мен Каспий теңізінің оған іргелес жатқан жағалауларында, Жайық өзенінің алабы, Еділ-Жайық өзендерінің аралығындағы суқоймаларында, Тобыл, Обаған, Есіл, Ертіс өзендерінің алқаптары мен оларға көршілес көлдерде, Жем, Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде, Ырғыз бен Торғай өзендерінің төменгі ағыстарында, Кіші Арал мен оған іргелес жатқан Сырдария өзенінің атырауында, Алакөл көлдерінде, Балқаш көлінің шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауларында, Іле өзенінің атырауларында сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялайтын жұптарын, жұмыртқалары бар ұяларын және маусымның аяғы – шілденің басында балапандарын есептеу үшін жүргізеді.

Миграция жасайтын сұңқылдауық аққуларды есепке алудың тиімді әдісі белгілі бір бағытта (маршрутта) санау болып табылады. Нақты жағдайларға байланысты маршрут жаяу, қайықпен, автокөлікпен, кейбір кездерде авиокөлік те пайдаланады.

Ұялайтын популяцияларға санақ жүргізгенде ауданы 0,1-0,5 га болатын учаскелер таңдалып алынады, ол суқоймасында қамыстың аз-көп болуына байланысты. Санақ жүргізілетін нақтылы ауданның шекарасы анықталған соң суқоймасын тексеріп, ондағы жұмыртқалары бар ұяны не құстарды санайды. Бір ұяда бір жұп аққу болатыны белгілі. Осыларды еске ала отырып, суқоймасына экстраполяция жасап, санын анықтайды.

Ұялайтын популяцияның санын анықтаудың екінші сатысы – балапандарын есептеу. Әдетте, бұл санақты балапандары 1 айдан асқан кезде, яғни Қазақстанның оңтүстік бөлігінде шілде, ал солтүстігінде – шілденің аяғы – тамыздың басында жүргізіледі. Осы уақытқа дейін кейбір балапандар

ата-енесінен ажырап қалады, кейбіреулері, біршама үлкендері, бірігеді. Осыған орай, бұл кезде жеке суқоймаларында жаппай санақ жұмыстарын

жүргізіп, соңынан алынған мәліметтерді қосып, құстардың балапандарымен қоса жалпы санын анықтайды.

Алынған мәліметтер (миграция кезінде жиналған құстар, ұялар немесе балапандар) картаға түсіріледі, соңынан түрдің таралу ауданының шекарасы анықталады. Сұңқылдақ аққудың санын есептеу санақ жұмыстарының барлық деректерін (құстардың саны, зерттелген территориялардың ауданы) қосу арқылы жүзеге асырылады, жеке суқоймалары үшін аққулардың орналасу тығыздығын анықтап, одан соң барлық зерттелген аймақ үшін орташа тығыздығы шығарылады (2-кесте).

Сұңқылдақ аққудың зерттелген суқоймаларындағы саны

 

Маршрут не суқоймасы Есепке алынған территория ауданы, км² Есепке алынған саны 10 км²-гі тығыздық
       
       
       
      3,7
Барлығы:     3,5

Зерттелген аймақта (өзен алабы, көлдер жүйесі) орташа тығыздығы анықталған соң, аққу қоныстанған жеке суқоймаларының ауданын есептеп, белгілі ауданы бойынша құстың аймақтағы жалпы санын есептеп шығару қиынға соқпайды.

 

 

Терісі бағалы аңдарға,мысалы ондатрға,және сирек кездесетін тұяқты жануарларға,мысалы арқарға,санақ жүргізу әдістерін сипаттаңыз.

Ондатрдың санын анықтау үшін кеміргіштің өзін емес, олардың баспанасын немесе семьясын есепке алады. Санақты ондатрдың иесі бар және иесіз баспаналарын білумен қатар, кейбір суқоймаларында бірге тіршілік ететін су тышқаны мен жұпардың баспаналарынан ажырата алуда керек.Ондардың санын есепке алу көктемде, иесі бар баспаналарды (олар екі ондатрға тән) санау және күзде, аулау алдында семьялық учаскелерді, сол сияқты семьяның саны мен құрамын санауға негізделген.Қазақстанның суқоймаларында ондатрға санақ жүргізуді сәуір-мамыр айларында атқарған жөн. Өйткені бұл мезгілде қыстап шыққан кеміргіштер жан-жаққа тарап үлгереді және жұп құрайды.Санақ жүргізбестен бұрын есепшілер (олардың басшысы) атқарылатын жұмыстың көлемін анықтау үшін картографиялық және ведомстволық материалдармен (онда ондатр мекендеуге жарамды суқоймаларының ауданы көрсетілген) танысады және сұрақ-жауап арқылы қосымша деректер жиналады.

Ондатр мекендейтін суқоймалары жайында мәліметтер жинау кезінде және оларды зерттеу үшін мына деректер анықталады:

Суқоймасының немесе учаскенің ауданы, өзеннің ұзындығы, жағалау түрлері мен сипаттамасы. Суқоймаларының әртүрлі учаскелеріндегі тереңділік анықталады;

Су режимі: су сапасы (тұщы, кермек, ащылау, тұзды немесе тым тұзды, жаңа су немесе тоспа су), ағыны, су тасу биіктігі мен оның ұзақтығы, мерзімі, мұз басу және еру, мұздың қалыңдығы, суқоймасының тартылу дәрежесі;

Жағалау және су өсімдіктерінің өсуі, олардың түрлері және т.т.Жиналған мәліметтер суқоймасының сызба-нұсқасына түсіріледі.

Ондатр санын анықтау жұмыстарына тәжірибелі аңшылар, қорықшылар қатысады. Әр топта кем дегенде 2 адам болуы керек. Санақ жұмыстарын жүргізуге ауа-райының ерекше маңызы жоқ. Деседе күшті жел, нөсер жауын, қалың бұлт және т.б. теріс әсер етуі мүмкін. Ең бастысы ашық күн және жақсы ауа-райы болуы қажет.

Көктемде иесі бар әрбір баспана бір семья ретінде есептелінеді және күзде бұл інде немесе үйшікте ондатрдың саны 10-ға жетеді. Суқоймаларын зерттегенде баспанасынан басқа маршрутта кездескен ондатрдың басқа да тіршілік әрекеттерін ескеру керек. Оларға: қоректену алаңы, қорегінің қалдығы, нәжістерін тастайтын жері жатады. Осы белгілердің жиынтығы ондатр семьясының мекендейтінін көрсетеді. Егер ондатрдың мекендеу тығыздығы жоғары болса, онда әр семьяның учаскесі әрбір 80 м-ге сәйкес келеді.

Жағасында қамыс-құрақ өскен су қоймаларында санақ жүргізгенде жағалаудан ашық айдынға дейін, одан кейін қайтадан жағаға қарай қайықпен жүзіп, кездескен ондатр ұялары мен үйшіктерін есепке алады. Бұл жағдай санақ жүргізу бағытының ені 50 м- ден (оң және сол жағы 25 м -ден) аспауы керек. Алынған материалдарды өңдеген кезде нәтижесі км жағалау ұзынтықтығына есептейді.Санақ нәтижесі су қоймаларының жеке типтері бойынша экстраполляцияланады.

Ал тұяқты жануарлардың санын негізінен жаяу, автокөлік, ұшақ немесе тікұшақ және сұрақ-жауап анкетасын пайдалану арқылы анықтайтын бірнеше әдістер бар. Олар: 1 - белгілі бір бағытта (маршрутта) ізі бойынша салыстырмалы санақ жүргізу; 2 - белгілі бір тұрақты ауданда санын анықтау; 3 - орам телімі бойынша (поквартальный) санақ жүргізу; 4- қуу арқылы санын есептеу; 5 - өрістеуші тұяқтыларды санау; 6 - тұяқтылардың көп жиналатын жерлерінде (суатта, тұздықта, қоректену учаскелерінде, қыстауда) есеп жүргізу; 7 - жай көзбен шолып, санын анықтау; 8 - күйек кезінде есеп жүргізу; 9 - автокөлікпен санақ жүргізу; 10 - ұшақтарды пайдаланып санақ жүргізу; 11 - сұрақ-жауап анықтамасын пайдалану арқылы, санақ жүргізу.

Тұяқты жануарлардың өздеріне тән биологиялық және экологиялық ерекшеліктері бар. Осыған орай, оларға санақ жүргізгенде ерекшеліктеріне баса көңіл аудару керек және жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдердің ыңғайлысын таңдап алып, пайдаланған дұрыс.

 

 

21.Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып,қорғап сақтаудың негізгі жолдарына сипаттама беріңіз.

Пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдаланып,қорғап сақтаудың негізгі 2 жолы бар:

1.Өндірістік популяциялары бар жоғары өнімді учаскелер есепке алынуы және тұрақты бақылауда болуы керек.

2.Шикізаттық өсімдіктерді мәдиелендіру.Бірақта пайдалы өсімдіктерді мәдиелендіру процесі өте ұзақ және шығыны көп, яғни экономикалық жағынан тиімсіз.Өйткені оларға суарылатын,құнарлы топырақты жер керек.

Ал біздің республикамызда мұндай жерлер өте аз.Мұндай жерлердің көп бөлігіне ауыл шаруашылық дақылдары,бау-бақшалар егілген.Сондықтан адамдарға өте қажетті тағамдық өсімдіктердің орнына әлі тиімділігі толық дәлелденбеген дәрілік өсімдіктерді егуге халықтың, мемлекеттің рұқсат бере қоюы өте қиын нәрсе.

Сондықтан пайдалы өсімдіктерді қорғап сақтаудың логикаға сиятын,халық қолдайтын тәсілі-ол сол табиғатта бар пайдалы өсімдіктердің қорын өте ұқыптылықпен ғылыми тұрғыдан дұрыс пайдалана білу.Республикамызда бірнеше ірі химиялық өндіріс орындары бар болғанымен,елімізде медициналық және фармацевтикалық өндірістер мықты ғылым потенциалын әлі құра алған жоқ.Соңғы жылдары бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды.Мысалы,Қарағанды қаласында фитохимия ғылыми-зертеу институты ашылды,алғашқы отандық препараттар шығарыла бастады.Профессор М.Қ.Кукеновтің (1999)ойынша, Қазақстаның ботаник-ресурстанушыларының алдында болашақта мынадай міндеттер тұр.

1.Қазақстан және оның жеке региондары флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін зертеуді жалғастыра беру.

2.Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктердің ресурстық сипатамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болы керек 1) экологиялық-фитоценотикалық 2)фитохимиялық ерекшеліктері 3)ресурстық көрсеткіштері 4)экономикалық бағасы 5)пайдаланудың тиімділігі және т.б

3.Жоғарыда келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамыздағы бар өсімдіктер ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.

4.Республикада бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау.Ол бағдарламада республиканың әр регионы үшін қандай саланы және өндірісті қамту қажет екендігін көрсету.

5.Біріңғай ғылыми-өндірістік орталық құру.Ол орталық өсімдіктер шикізатын жинаудан бастап,соңғы өнім алғанша жүргізілетін жұмыстардың барлығын үйлестіру керек

6.Шикізатты жинау,кептіру және сапасына қойылатын талапттар туралы жасалған барлық инструкциялардың қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.

7.Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жинау және бұрын зертелген өсімдіктерді сын көзбен қарап тексеру.

8.Шаруашылық үшін бағалы қасиеттері және белгілері бар перспективті өсімдіктерді тереңірек зерттеу.

9.Шикізат ресурстары таусылған өсімдіктерді толық айырбастай алатын жаңа шикізат көздерін іздеу.

10.Ресурс сақтайтын жерттеу тәсілдерін,жинау технологиясын,шикізатты толық пайдалануды қамтамасыз ететін тәсілдерді жасау.

11.Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктердің терең жерсіндіру жұмыстарын күшейту.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 939 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз? | Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай? | Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз | Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз? | Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз. | Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы. | Асем сурагы кайда | Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз.| Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)