Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ресурстық су құстарының ситематикасы. Таксономиялық белгіліерін сипаттап беріңіз.

Читайте также:
  1. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
  2. Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз?
  3. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  4. Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз.
  5. Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз?
  6. Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.

Жер бетіне пайда болған 150 млн жыл ішінде құстар біздің планетамыздың барлық учаскелерінде кездесетін болды. Олар барлық материктерде, мұхит аралдарының көпшілігінде, ашық мұхит айдындарында кездеседі. Қазір Жер шарында 8400-ден 8800-ге дейін түр тіршілік етеді деп есептейді. Түсінікті болу үшін біз орташа санын 8600 түр бар деп есептейміз. Олар 28 отрядқа, 174 тұқымдасқа, 2350 туысқа бірігеді. Ал Қазақстан территориясында 18 отрядқа, 59 тұқымдасқа, 218 туысқа бірігетін 500-дей түр кездеседі.

Осы құстардың Қазақстан территориясында ұялайтындары 390 түр (78%), олардың 138 түрі (35%) қыс айларында кездеседі, ал қалған 65%-ы –жыл құстары болып табылады. 50-60 түрі көктемгі келу, күзгі қайту мезгілерінде біздің республикамыздың территориясы арқылы ұшып өтеді, дем алады, қоректенеді. Құстарды түрлі мақсаттарға пайдалануы бойынша мынандай ресурстық топтарға бөледі. Олар: 1-кәсіптік-аңшылық ресурстар; 2- әуесқойлық жолмен ауланатын түрлер; 3-шикізат алатын түрлер; 4-саятшылық түрлер; 5-эстетикалық маңызы бар түрлер; 6-экологиялық маңызы бар түрлер, ауыл және орман шаруашылықтары зиянкестерінің санын реттеуші түрлер ресурстары және т.т.

Бұл ресурстық түрлер мекендеу ортасына қарай: 1-су құстары; 2-сумаңы құстары; 3-құрлық құстары; 4- орман құстары деп бөлінеді. Олардың құрылымында және биологиясында, этологиясында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік түмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді.
Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әр- бір түрінде түрліше болады.Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймышақ безі жақсы жегілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.Сүңгуірлер — өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен та-бады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді. Сол сияқты чистиктер де жақсы сүңгиді. Жер бетімен нашар қозғалады. Құрлыққа тек қана ұя салу, балапан басу кезінде ғана шығады. Нашар ұшады, кейбір түрлері тіпті ұшпайды. Ұясын су жағаларынан қашықтатпайды. Сүңгуірлерге: қайрлар, балта тұмсықтар, гагарлар, поганкалар жатады.Ауада — суда кездесетін кұстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тумсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Сонымен қатар жақсы жүзеді. Кейбір түрлері ғана сүңги алады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, кұйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады.Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен шағалалары,.
Жерді және суды мекендеуші — құстар тобына: үйректер, аққулар, қаздар жатады. Олар ұясын су коймаларынан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда еулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы — сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі.
Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бө-ліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Отырған жерінен бірден тік жоғары көтеріліп, жақсы ұшады. Бұталы, шөптесін су қоймаларында жиі кездеседі. Қаздардың сулы ортамен байланысы шамалы. Су жағасына ұялағанымен суға өте сирек түседі. Құрлықтағы өсімдіктердің тұқымымен, көк жасыл бөліктерімен қоректенеді. Аузындағы “сүзгі аппараты” үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.

 

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы. | Асем сурагы кайда | Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. | Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз. | Асем сурагы кайда дурыста озиннин истегениннин барин карап шык | Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз. | Асем ози истеиди |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.| Ресурстық тауықтәрізділердің систематикасы таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)