Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асем сурагы кайда дурыста озиннин истегениннин барин карап шык

Читайте также:
  1. Асем сурагы кайда
  2. Барин-Исаевич на фронте
  3. Боевой карапакс Магистратума МКIII, Хакс-Отрлак
  4. О фронтовых «лишениях» Солженицына или Барин-Исаевич на фронте

Бөлімі: Жақтылар - Gnathostomata

Класы: Сүтқоректілер немесе аңдар – Mamalia, Theria

Кластармағы: Аңдар - Theria

Инфракласы: Жоғары сатыдағы аңдар немесе плеценталылар – Eutheria, seu Placentalia

Отряды: Жыртқыштар - Carnivora

Тұқымдасы: Иттектестер – Canidae

Бұл тұқымдасы барлық материктерде тараған және 35 – ке жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 40 см – ден 160 см – ге жетеді. Басының тұмсық бөлімі ұзарған. Құлақ қалқандары үлкен, үшкірлеу, сирек қысқа және дөңгеленген. Сезім мүшелерінен иіс сезу және есту жақсы жетілген. Құйрығы әдетте ұзын. Аяқтары ұзын (жалды қасқыр) немесе қысқа (жанаттәрізді ит). Саусақпен жүретіндер: алдыңғы аяқтары 5, артқылары 4 саусақты. Тырнақтары доғал және аздап иілген. Қорегі – түрлі омыртқалылар, кейде өлекселер, сирек – омыртқасыздар. Ашық жерлерде мекендейді. Жылына 1 рет көбейіп, 4 -7 ұрпақ алып келеді. Көптеген түрлерінде аталықтары күшіктерін тәрбиелеуге қатысады. Иттектестер тұқымдасына жататын қазақстанда кездесетін аңдардың көпшілігі кәсіптік маңызы бар аңдар болып табылады. Олар негізінен бағалы терісі үшін ауланады. Сонымен қатар олар кеміргіштерді жеп ауыл шаруышылыңына пайда келтіреді. Иттектестердің пайдасы мен қоса зияны да бар. Олар құс шаруашылығына үлкен қауіп төндіріп, зиян келтіреді. Сонымен қатар олар оба және де тағы басқа жұқпалы аураларды таратушылар болып табылады. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және Eсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 – 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады.

Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.

Бұғылар тұқымдасына жататын тұяқтарныда еркектердің маңдай сүйектерінің туындысы болып саналатын тармақталған мүйіздер болады. Олар жылма жыл түсіп, қатадан өскенде мамық жүнді тері қатпары жауып тұрады. Мүйіздері жетіліп сүйектене бастағанда оны көлкерген тері қатып ұзына бойы жарыла бастайды. Бұғылар тұқымдасының бұғылар туысына марал атты сүтқоректі жатады. Марал- бұғы тұқымдасының ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 227-244, бұқасының шоқтығының биіктігі 142-155см, салмағы 416кг, ал ұрғашыларынікі 176кг дай. Маралдың дәрілік шикізатын беретін мүйізі еркегінде ғана болады. Басқа бұғылардан ерекшелігі маралдығ мүйізі алтын бұтақты. Марал Қытай мен Моңғолияда, Алтай мен Саянда, Байкал көлінің маңында таралған. Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей аудандарында кездеседі.

Маралдар шағын табын құрып тіршілік ететін жануарлар. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін жерлеріне байланысты. Күзде салқын түссе үлкен топтар бірте бірте ыдырап, 2-5тен топтанып, жылы орман ішін жайлайды. Қыста таудың етегіне қарай түссе жазда таудың жоғарғы белдеулеріне қарай көтеріледі.

Жайылуға кешке қарай шығып түні бойы жайылады. Тойынған сон жан жағы жақсы көрінетін жотаның биіктеу жеріне жатып демалады. Көктемде жанарлар тау беткеййлерінде күндіз жайыатын болса, жазғы қонсорғыш насекомдардың қорктенуі кезінде тек түнде ғана шығады. Негізгі қорегі – шөптесін және бұталы өсімдіктер. Олардың жапыратар, бүршіктерін азық етеді. Маралдың азық құрамына үй жануарлары жемейтін улы өсімдіктер де кіреді. Шаруашылықтағы маңызы. Маралдар аа бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін алтын мүйізі үшін аланатын аң. Әсіресе сүйектенбеген жас мүйізі жоғары бағаланады. Бұл пантыны тау женьшені деп атайды. Бұдан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан тамырлар

 

 

жүйесіне, тері, бұлшық етке, тыныс алу жүйесіне т.б органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі. Көктемде панты жетілген кезде маралдың қанының шипалық қасиеті бар. Одан пантогематоген препарат дайындалады. Шығыс медицинасында маралдың ұрығы, құйрығы, сіңіріде әртүрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.

Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.

Қазақстан территориясында сүтқоректілердің Әлемдік териофаунаның 4%-н құрайтын 178 (180) түрі мекендейді. Олар 34 тұқымдасқа, 89 туысқа және 8 отрядқа бірігеді.Соның ішінде кеміргіштер отряды 15 Тұқымдас, 41туыс,82 түрді біріктіреді. Кеміргіштер отрядына жататын сүтқоректілердің арасында ашық алаңда (суырлар, сарышұнақтар, қосаяқтар, құмтышқандар және.т), топырақ арасында (соқыр тышқандар, момақан тышқан), ағаш-бұта арасында не ағаш сүлбесінде (ұшар, тиін, қарақастар), жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы-нутрия) тіршілік ететіндер бар. Осындай ортада мекендеуге бейімделген ерекшеліктері болады. Республикамызда XX-ғасырда сұр тиін (белка-телеутка) ойдағыдай жерсіндірілді. Ол Ертіс өңіріндегі ормандардан ұсталып, Орталық және Солтүстік Қазақстанның қарағайлы ормандарына, сол сияқты Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының қылқан жапырақты ормандарына жіберілді. Бұрында бұл жерлерде тиіндер болмаған, ал қазір бұлар жаңа қоныстарына, соның ішінде Алматы қаласындағы Ботаника бағы, ҚазҰУ қалашығы, Баум тоғайы, Демалыс және мәдениет паркінде және т.т. ойдағыдай бейімделді. Қала тұрғындары және қонақтар үшін эстетикалық мәні бар ресурс болып табылады. Енді ресурстық маңызына тоқталар болсақ, адам баласы Жер бетінде пайда болысымен-ақ күн көру үшін (тамақ, киім) жабайы аңдарды аулауды үйрене бастады.Адам баласы осы кезге дейін жабайы аңдарды түрлі мақсаттарға пайдаланды, яғни бұлардың басым көпшілігі ресурстық түрлердің қатарына жатады.

Сүтқоректілерді пайдалануға байланысты мынандай ресурстық топтарға бөледі. Олар: 1-аңшылық ресурстар (бұлар а-кәсіптік жолмен ауланатын және ә-әуесқойлық не спорттық жолмен ауланатын ресурстар деп бөлінеді); 2-бағалы терісі үшін ауланатын ресурстар; 3- дәрі-дәрмек алатын ресурстар;4-ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстары; 5-санитарлық-эпидемиологиялық маңызы бар ресурстар; 6-экологиялық маңызы бар ресурстар және т.т.

Кеміргіштер (суырлар, сарышұнақтар, ондатр, тиіндер, жұпар, құндыз және т.б) бағалы терісі үшін ауланатын сүтқоректілердің ресурстық түрлеріне, дәрі-дәрмек алуға шикізат беретін түрлердің ресурстарына,ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстарына жатады. Бұлардың қатарына түрлі тоқалтістер, момақан тышқан, қаптесерлер, тышқандар, сарышұнақтар, атжалмандар, аламандар, сарықоржындар (пеструшки), құмтышқандары және құндыз, егеқұйрықтар және т.т. жатады.Кеміргіштер санитарлық-эпидемиологиялық ресурстар қатарына да жатады. Біздің елде, обаға қарсы күресетін мекемелер ашылған. Онда қызмет жасайтын медиктер мен зоологтар кеміргіштердің қоныстарын (әсіресе құмтышқандарының 4 түрі мен суырлардың 3 түрі) үнемі бақылап, эпизоотияның алдын алу шараларын ұйымдастырады. Ал көптеген түрлердің биологиялық түр ретінде экологиялық маңызы болатыны барлығымызға да түсінікті.

Енді Қазақстандағы суыр кәсібіне тоқтала кетсек. Қазақстандағы суыр кәсібі 1947 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Кәсіп көп уақыттан бері жүргізілмеген жерлерде суыр жанұялары өліп жатыр, себебі кәрілер жастарға көбеюге мүмкіндік бермейді. Ал кәсіп жүргізіліп жатқан аумақтарда суыр популяциясы азаймайды және оған қоса тұмау мен оба секілді аурулардың таралуын болдырмайды. Кәсіптің басқа да негізгі себебі – суыр майы. Ол медицина мен парфюрмерияда кеңінен қолданылады, көптеген емдік қасиеттерге бай және теріге өте пайдалы болады. Суырдың терісі өте жылы болады және соңғы кезде үлкен сұранысқа ие. Суыр еті өте таза және айтарлықтай дәмді.

 

 

Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.

Қымыздық(Rumex) — таран тұқымдасына жататын көп жылдық және бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларының шалғындарында, өзен-көл жағалауында, тастақты тау бөктерінде, субальпі және альпі шалғында өсетін 24 түрі кездеседі. Гүлі қос және дара жынысты, қос үйлі, түсі қызғылт, сары не қызыл.[1] Аталығы 6 (ішкі гүл қоршауының арасында қосарланып жетіледі). Аналығы 1 не 3 жеміс жапырағынан тұрады. Бір ұялы, онда бір тұқым бүршігі болады. Қымыздықтың арасында жиі кездесетін, емдік маңызы бар түрі — кәдімгі Қымыздық (R. аsetosa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағы ірі, сағақты. Аталық гүлдерінің гүл қоршауы ұзын. Аналық гүлі сыртқа қарай қайырылып, гүл сағағына жанасады. Қызыл, сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — үш қырлы жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұзындығы 1,5 — 2 мм, ені 1 мм). Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сондай-ақ, белок, темір және өте көп мөлшерде С витамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қымыздықты бауыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейтуге, қан тоқтатуда пайдаланылады. Жапырағынан салат жасайды.[2]

 

Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?

Орамжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрібар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді.Жемісі – бұршаққын, кейде жаңғаққа ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (капуста, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар.

 

 

Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының, дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып, атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.

Систематика: Бөлім: Magnoliophyta,Класс Magnoliopsida, Тұқымдас: Cucurbitaceae –тыквенные –асқабақ тұқымдасы,Туыс: Bryonia –Пересупень –Итжүзім, Түр: Bryonia alba- сырт дән итжүзім. Тұқымдасқа сипаттама: Қосжарнақтылар класына жатды. Бұлар бақша өсімдігі. Асқабақ қарбыз қауын қияр – бақшада өсетін қос жарнақты өсімдіктер Қазір бақша өсімдіктерінің 900 түрі белгілі.Қазақстанда 9 түрі бар бұл өсімдікткердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшілігі- шөптекті бір жылдық өсімдіктер Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктердің бір түрі .Туысқа сипаттама Асқабақтұқымдасына жатаатын көп жылдық шөптесін өсмдік Дүние жүзінед, орта Азияда Батыс еуропада,және жер орта теңізі аймағында кезедесетін12 түрі белгілі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарындағы жазық жерлер тау аңғарларында, сондай- ақ орман шетімен бұталары арасында өсетіін 3 түрі бар. Олардың ішінде реликті түрі өте сирек. Тамыры жуан, түйнекті сабағы көп бұтақты, шырмалып өседі. Етжеңді, төмен жағғындажапырақтары ірі болады. Бір үйлі, сарғыш жачыл гүлі дарра жынысты. Тұқымынан көбейеді Сәуір мамыр айларында гүлдеп, маусымында жемісі піседі.Жемісі шар тәрізді қан жасыл түсті жидек. Бұл өсімдіктің тамырынан алынатын құрғақ ұнтақты жануарлардың әр түрлі жарасын емдеуге қолданылады. Түрге сипатттама. Ит жүзімнің тағы бір түрі. Ит жүзімнің тамырында улы брионин, бреин глюкозиттері, шомыр крахмал, балауыз,Минералды тұздар, органикалық қышқылдар болады.Оны халық медицинасынданесеп жүргізетін, қақырық түсіретін, ауруды бәсеңдететін және қан тоқтататын дәрі ретінде пайдаланылады.Тұқымында эфир майы (1,5-2,1 %) болғандықтан сабын қайнатуға қолданылыады, сондай-ақ гүлінен аралар бал жинайды.

 

 

Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.

Бұршақтар тұқымдасы (бобовые - Fabaceae).Бұршақтар тұқымдасында 12 мыңдай түр, 490 туыс бар. Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор. Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, бұталар және ағаштар жатады. Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында(горох - Pisum) ол кәдiмгi жапырақтардан көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән. Мысалы беде(клевер - Trifolium), жоңышқа(люцерна – Medicago), түйежоңышқа(донник - Melilotus) жапырақтары үш кұлақты күрделi жапырақтар. Асбұршақ (горох - Pisum), қытайбұршақ(соя - Glycine), үрмебұршақ(фасоль - Phaseolus), ағаш қараған(карагана древовидная – Caragana arborescens), ақ акация (робиния - Robinia), сиыржоңышқа (вика - Vicia) жапырақтары қауырсын тәрiздi күрделi жапырақтар. Бөрiбұршақтың (люпин - Lupinus) жапырағы саусақсалалы күрделi жапырақ.

Егiн шаруашылығы тәжiрибесiнде — бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшелiктерiнiң маңызы аса зор. Мысалы, олардың тамырларында түйнектер түзiледi. Топырақтан бұршақ тұқымдас өсiмдiктер тамырларының клеткаларына тамыр түктерi арқылы бактериялар өтедi. Олар ауадағы бос азотты бойына сiңiредi. Бактериялар тамыр клеткаларының бөлiнуiне жөне көлемiнiң ұлғаюына әсер етiп, нәтижесiнде түйнектер түзiледi. Организмдердiң екеуiне де пайдалы мұндай селбесудi симбиоз деп атайды (гректiң "симбиозис" — селбесiп өмiр сүру деген сөзiнен алынған). Өсiмдiк қураған соң топырақ құрамындағы азоттың мөлшерi, яғни топырақтың кұнарлылығы артады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлық мүшелерi белоққа бай болады

Бұршақтар тұқымдасының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка - Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Жоңышқа (люцерка - Medicado), түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет - Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.

Беде [1](Тrіfolіum) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Солт. жарты шардың қоңыржай белдеулерінде, сирек Оңт. Америка мен тропиктік Африкада кездесетін 200-ге жуық түрі белгілі. Республиканың барлық жерінде, шалғындықтарда, ойпаң жерлерде, өзен, жолбойларында, тау бөктерлерінде өседі. Беде туысы (клевер). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасыңда 65 түрі, ал Қазақстаңда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық қүрлықтарыңца (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық жөне біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жиі тараған түрі – қызылбас Б. (Т. pratense). Оның биікт. 15 – 50 см-дей, сабағы жұмыр, тамыры жуан болады. Жапырағы күрделі, 5 – 9 жапырақшалары бар. Гүлі ұсақ қызыл, қызғылт, сары не ақ түсті, шар тәрізді домалақ немесе сопақша келген шашақ гүлшоғырға топталған. Жемісі – бұршақ, оның 1 – 2, кейде 3 – 6 дәні бар. Мамыр – тамыз айларында гүлдейді. Б-ні таза күйінде немесе еркек шөппен, бидайықпен, тарғақшөппен қосып себеді. Бұл жағдайда ол мол өнім береді әрі мал сүйсініп жейді. Б-нің құрамында протеин, каротин, витамин, азотсыз заттар, клетчатка, май, күл және фосфор көп болады, жылына 3 – 4 рет орылады. Беденің топырақтың сортаңданбауына, эрозияға қарсы күресте тигізетін әсері зор, сонымен қатар гүлдеген кезінде одан жақсы бал жиналады

 

Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.

 

Тұқымдасы - Scraphulariacea (Норичневовые)

Туысы – Verbascum(аюқұлақ)

Дәрілік түрі, мысалға - V. Blattaria(улы аюқұлақ)

Еккі жылдық өсімдік, Биіктігі – 30-120 см, сабағы жалаңаш, тік келген, жоғарғы жағы бүйір бұтақтарына байланысқан, жапырақтары отырыңқы, ұзындығы 5-8мм. Жемісі безді қорапша. Су жағалауындағы құмда өседі, бақшада да кездеседі. Семей, мойынқұм, түркістан, алтай жерлерінде кездеседі. Жалпы таралу аймағы: сібір, орта азия, кіші азия. Практикалық маңызы:өсімдік атына байланысты белгілі ерекшелігі - оның гүлі мен жапырағынана жасалған ұнтақты тарақандар мен көптеген жәндіктерге қарсы күресуде қолданады, және тағы бір мәліметтер – оның психобелсенді қасиетері бар. Дәрілік түрі, мысалға - V. thapsus(кәдімгі аюқұлақ) – екі жылдық, биіктігі 150см. Өсі мдіктің ссабақтары түгелімен қалың түкпен қапталған. Сары гүлдері шоғыр болып топтасып, жоғарғы ұшында орналасқан. Практикалық маңызына келетін болсақ – жапырақтары мен гүлдері қақырық түсіріп, жөтелді кетіретін, ауруды басатын, қабынуды басатын қасиеті бар. Сонымен қоса – демікпеге, тұмауға, бронх ауруларына өзіндік емдік қасиеттері бар. Гулдері мен жапырағын сондай-ақ жарақаттанған жерлерге, жараларға басуға болады. Жоғарыда айтып өткендей, барлық аюқұлақтар психобелсенді, седативті қасиетттері бар. Сондай-ақ темекінің құрамына да қосады, себебі тыныс алу жолдарының тітіркенгіштігін басады.

 

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 557 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз? | Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз. | Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз. | Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз. | Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы. | Асем сурагы кайда | Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.| Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)