Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асем сурагы кайда

Читайте также:
  1. Асем сурагы кайда дурыста озиннин истегениннин барин карап шык

Дәрілік өсімдіктер дамуының қазіргі кездегі сатысында зерттеудің бағытын жаңа әсерлі де маңызды дәрілік түрлерді зерттеу мен табуға бағыттау керек. Ғалымдардың зерттеулерінде бірнеше әдістер қолданылады. Халық медицинасының тәжірибесін кеңінен зерттеу. Қазіргі ғылыми медицинада қолданылып жүрген барлық өсімдіктер дерлік халық медицинасынан алынғандар. Халық медицинасында қолданылып жүрген өсімдіктерге ерекше мән берудің жаңа болашағы бар өсімдіктерді іздеуде әсері зор. Халық медицинасының өсімдіктерін зерттеудің алғашқы сатыларына жататындар: а) арнайы немесе жолай экспедицияларды пайдаланып (этнографиялық) халықтан сұрастыру, өсімдіктер жайында білетіндермен танысу, үлгілерін алу арқылы мәліметтер жинау; б) әдеби мәліметтер жинау үшін корреспонденттік жүйе ұйымдастыру. Алдымен зерттелінетін өсімдіктің емдік көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе биологиялық) зерттеу мәліметтердің дұрыстығын растайтын болса, онда ары қарай өсімдікке фармакогностикалық (ең алдымен фитохимиялық), технологиялық (жеке қосылыстарды бөліп қарау немесе препарат қосылыстарын табу), фармакологиялық (табылған препараттардың негізінде терең зерттеу) ең соңынан клиникалық зерттеулер жүргізіледі. Ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді терең зерттеу. Осындай қазіргі ғылыми деңгейдежүргізілген жәнеөсімдіктің химиялық құрамы туралы түсінікті тереңірек дамытатын зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген өсімдіктердің қолдану аймақтарын өзгертіп отырады. Бұл қадамға ғалымдарды халық медицинасының мәліметтері итермелейді, бұл өсімдіктер өз кезінде ғылыми медицинада қолданылған бертін келе ұмыт бола бастаған болуы мүмкін. Мысалы, МФ II (1871) сүйелшөп шөбі, авран шөбі, мелиса жапырақтары мен қара қарақат жапырақтары және сабыншөптің тамырлары ресми түрде қолданылған. Қазіргі кезде олардың көбісі Мемлекеттік реестрге қайта енгізілді.

Филогенетикалық әдіс. Бұрыннан белгілі болғандайботаникалық жағынан туыстас өсімдіктер химиялық құрамы жөнінен ұқсас болады да ұқсас фармакологиялық әсер көрсетеді. Бұндай биологиялық заңдылықтар жаңа дәрілік өсімдікті іздеудегі жұмыстарды мақсатты әрекеттерге бағыттап, еңбекті нәтижелі етуге көмектеседі. Отандық ғалымдар өсімдіктерді зерттеу барысында өсімдіктердің систематикалық жағдайы мен олардың химиялық құрамы арасындағы байланыстар мәселесіне көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл мәселелерді зерттеу барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Мұнда хемотоксономиялық заңдылықтардан басқа өсімдіктердің биохимиялық белгілері мен филогенетикалық қатынастары арасындағы толық параллелизмнің болмауы көрініс табады. Бұдан басқа химиялық конвергенция құбылысы, яғни филогенетикалық байланысы жоқ әртүрлі топ өсімдіктерінде ұқсас заттардың болуы да байқалады. Көптеген шикізат көздерінде күннен күнге өсіп отырған қажеттіліктердің артуы ресми түрге енгізілген кейбір өсімдіктерді ғана дайындаумен шектелуге байланысты болып отыр. Мұндай амалдар дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына кедергі жасайды. Филогенетикалық әдісті пайдаланып жақын туыстарды зерттей отыра өсімдік шикізаттарының түр құрамын кеңейте түсу керек. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерінің түр құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін экспериментальдық мәліметтер бар, мысалыға жалынгүл түрлерін, сасықшөп, шәйқурай, термопсис, жөке және басқа да түрлерді. Әсіресе, Орта Азиядағы мемлекеттер мен Қазақстанда, Қиыр Шығыс флорасында қабылданған дәрілік өсімдіктер өспейтін, ал оған жақын түрлер өсетін елдерде бұл мәселелер маңызды орын алады.

«Елеу» әдісі. Бұл әдіс белгілі бір ауданда немесе жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді жаппай дала жағдайындағы фитохимиялық талдау арқылы негізгі биологиялық белсенді заттарды анықтауда қолданылады. Болжам бойынша мұндай зерттеу барысында яғни, «аналитикалық елеуден өткізілген» өсімдіктерден болашағы зор алкалоидты, жүрек гликозидті, сапонинді, эфир майлы және басқа да белсенді заттар табылады.«Елеу» әдісі бір кездері өте танымал әдіс деп табылып, көптеген экспедициялар зерттеуге шығып отырған. Бұл әдіс болашақта өсімдіктерді іздеуде белгілі бір кезеңде маңызды орын алған. Дегенмен бұл әдіс көп еңбекті қажет ететін, қымбат әрі эмпирикалық ретінде күрделі. Қазіргі кезде экспедициялар халық медицинасында кең қолданылатын белгілі бір түрге жататын және де өзінен көп үміт күттіретін түрлерді ғана жинайды. ТМД елдерінің медицина тәжірибесіндегі өсімдіктерден басқа фармакогностар шығыс медицинасына да көптеген қызығушылықтар танытады. Тарихи кейбір жағдайларға байланысты бұрынғы атақты шығыс медициналық жүйесінің ерекше іздері қалды: Орта Азия мен Кавказда – ежелгі араб медицинасының, Бурятияда – тибеттік, Қиыр шығыста – қытайлық және т.б.

 

 

 

29. Қазақстан ботаниктері ресурстанушылардың алдына қойған міндеттері қандай?

Ресурстану ботаника ғылымының жас бір саласы.Қазақстандағы ресурстану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, профессор Кукенов ойынша, Қазақстандағы ботаник ресурстанушылардың алдында болашақта мынадай міндет тұр:

Қазақстан және оның жеке региондарының флорасындағы пайдалы өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін зерттеуді жалғастыра беру;

Әрбір жеке шикізаттық өсімдіктің ресурстық сипатамасын жасау, оның ішінде міндетті түрде болу керек:

1. Экологиялық-фитоценотикалық;

2.Фитохимиялық ерекшеліктері;

3.Ресурстық көрсеткіштері;

4.Экономикалық бағасы;

5.Пайдасының тиімділігі;

3. Жоғарыды келтірілген көрсеткіштердің бәріне талдау жасаудың негізінде республикамызда бар өсімдіктің ресурстарын тиімді пайдаланудың жүйесін жасау.

4. Республикамызда бар шикізаттар негізінде ұзақ жылдарға арналған бағдарлама жасау;

5. Біріңғай ғылыми өндірістік орталық құру;

6. Шикізатты жинау кептіру және сапасына қойылатын талаптар туралы жасалған барлық инструкцияның қатал орындалуын тұрақты бақылауда ұстау керек.

Жергілікті халық пайдаланатын жеке өсімдіктердің пайдалы қасиеттері туралы мәліметтер жиілеу және бқрын зерттелген өсімдіктерді сын көзбен қарау.

Шаруашылық үшін бағалы қасиеттрі және емдік қасиеттері бар перспективті өсімдіктердің тереңірек зерттелуі.

Табиғатта тапшы және сирек кездесетін пайдалы өсімдіктерді терең жетілдіру жұмысын күшейту.

 

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 326 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пайдалы өсімдіктер классификациясын атаңыз? | Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі жолдары қандай? | Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындай әшкерелендіру жолдары мен әдістерін көрсетіңіз | Ресурстық маңызы бар балықтәрізділер, олардың қорын тиімді пайдалану және қорғау шараларын тиімді пайдаланыңыз? | Ресурстық маңызы бар қосмекенділер ,олардан алынатын өнімдерді, олардың маңызын және қорғау шараларын сипаттаңыз. | Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз. | Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз. | Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы.| Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)