Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Асем ози истеиди

Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз.

Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae) — қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ҒА-ның Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді), т.б. Итмұрындеп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды.

Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын

 

Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.

Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы —парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

 

Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз.

Бұршақтар, Fabaceae тұқымдасын кей кездері Leguminaceae деп те атайды.Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор.Олар азықтық,жем-шөптік,бал жинайтын,сәндік,дәрі-дәрмектік,т.б. өсімдіктердің топтарын құрайды.Бұршақтар тұқымдасының азықтық,жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алкалоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка — Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет — Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.Негізгі өмірлік формалары:ағаштар,бұталар,көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай,тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан,ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі.Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор.Мысалы,олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады.Бұршақтар тұқымдасының 120мыңдай түрі бар (490 туысы бар,олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Жоңышқа латынша атауы «Trifolium» -үш жапырақ дегенді білдіреді.300-ге жуық түрі белгілі.Жапырағы үш құлақты,ұзынша келген.Гүлшоғыры-көп гүлді шашақ.Жемісі-көптұқымды бұршақ.Жоңышқа-республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл.Малға пішен,балғын көк майса,кептіріліп ұнтақталған,сүрлем күйінде беріледі.Ылғал және жылу сүйгіш дақыл.Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді.Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады.Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса,жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жапырақтарын қолданады.Жаз бойы гүлдейді.Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары,оны суық тигенде,өкпе ауруына,қан тазалауға,қан аздыққа,безгек ауруларына қарсы қолданады.

 

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 274 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аақстан құстары, олардың русурстық топтары қорын тиімді пайдалану мен қорғау шараларын сипатаңыз. | Су құстары мен сирек кездесетін жыртқыш құстарға санақ жүргізу әдістерін салыстырыңыз. | Шынымайлы өсімдіктер типтері және пайдаланылуын сипаттаңыз. | Эфир майлары өсімдіктер және олардың шаруашылықта маңызы. | Асем сурагы кайда | Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз. | Азақстан жыландары , олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз? | Ртектестер тұқымдасына жататын құстардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін жіәне ресурс ретінде маңызы. | Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз. | Асем сурагы кайда дурыста озиннин истегениннин барин карап шык |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.| Азақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)