Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  4. Дәрілік өсімдіктерді жинау,кептіру және өсімдік шикізатын жинау күнтізбесін атаңыз.
  5. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  6. Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .
  7. Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі

1. Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:

2. Ақпараттық жүйенің түрлері

Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмейтін сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала – бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір – бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны.

Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.

Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын – ала сатып алу және т.с.с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруға болады.

Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны. Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.

Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:

ü ақпаратты сақтау,

ü ақпаратты енгізу және өзгерту;

ü ақпаратты көру және іздеу;

ü берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;

ü кез – келген формада есеп құжатын алу;

ü ақпараттың дұрыстығын қадағалау.

АЖ – ні екі класқа бөлуге болады.

Ø Ақпаратты іздеу жүйесі – берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысалы, қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат ғана керек.

Ø Мәліметтерді өңдеу жүйесі – мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метереология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауа – райы болжамы керек.

Ақпараттық жүйенің түрлері

Ақпараттық жүйелер келесі түрлерге бөлінеді: фактографиялық, құжаттық, құжаттық – фактографиялық.

1. Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі объект жайлы мәліметтердің (атрибуттардың) дәл мәндері тіркеледі. Бұл жүйенің негізгі идеясы – объект жайлы барлық деректер (адамдардың аты – жөндері және заттардың атаулары, сандар, мерзім КК.АА.ЖЖЖЖ түрінде) беріледі. Фактографиялық АЖ – дегі ақпараттар қатаң құрылыммен беріледі, өйткені бұл компьютерге мәліметтерді бір – бірінен айыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап береді.

2. Құжаттық ақпараттық жүйесінде қандай да бір формалданған іздеу аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (статьялар, кітаптар, рефераттар, заң мәтіндері және т.б.) мен графикалық объектілерден құралады, бірақ қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап бермейді. Жүйенің мақсаты – қолданушының сұранысына жауап ретінде сұраныстағы шартты қанағаттандыратын құжаттардың тізімін беру болып табылады. Мысалы, «синергетика» сөзі бар барлық статьялардың тізімін беру.

3. Құжат – фактографиялық жүйеде аралас жүйенің мәліметтері бөлек мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады.

Сонымен, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара байланысын ескере отырып, объектілер жайлы деректерді өңдеу болып табылады. Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар, ал объектілерді маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс – АЖ – нің іргелі түсініктері болып табылады.

Ø Объект (маңыздылық) – бұл нақты өмірде бар және бір – бірінен айыруға болатын «нәрсе», яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын тәсілдерден тұратын «нәрсені» объект деп атауымызға болады. Мысалы, әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай – ақ адам, мектептегі сынып, фирма, химиялық қосындылар және т.с.с. бола алады. Нақты өмірді бейнелейтін абстрактілі түсініктер де объект бола алады. Мысалы, оқиға, өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер және т.с.с.

Ø Атрибут (мәліметтер) – бұл объектіні сипаттайтын анықталған көрсеткіш және бұл объектнің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мысалы, фирма шығаратын өнім объект болсын. Бұл өнімнің мәліметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы және т.с.с. бола алады.

Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өйткені компьютерде құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат – бұл мәліметтердің көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мысалы, мәтіндік файлдар компьютердің ұтымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін «құрылымсыз» немесе «әлсіз құрылымды» ақпараттардан тұрады.

Дәріс №4.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1396 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Деректер базасының жүйесі | Деректер моделі. Негізгі концепциялары. | Локальды көріністі модельдеу, модель элементтерінің агрегациясы және жалпыламасы. | Интернетпен жұмыс істеуге арналған компоненттер. | ТTable жиынының ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы: Деректер базасы. Деректер базасының архитектурасы| Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)