Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .

Читайте также:
  1. Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .
  2. Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі
  3. Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .
  4. Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау .
  5. Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі .
  6. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

АЖН

Дәріс сабақтарының тезистері

 

Дәріс 1. Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар.

 

Экономикалық ақпараттық жүйелер (ЭАЖ) теориясы ақпарат бірліктерін, ЭАЖ-гі берілгендер модельдерін, ЭАЖ-ні сипаттаудың құрылымдық қасиеттерін оқытады. ЭАЖ теориясының түсініктері мен әдістері ЭАЖ-ні талдау мен құруда, яғни ЭАЖ мен берілгендер қорының құрылымын және жүйедегі берілгендерді ұйымдастыру әдістерін анықтауда қолданылады. Пәнді оқып, меңгерген маман теорияның негізгі түсініктерін нақты жұмыста (жүйені техникалық жобалау және жұмыс жобасы кезеңдерінде) пайдаланумен қатар, ”Берілгендер қорын жобалау”, ”Экономикада ақпараттық жүйелерді жобалау” және т.б. осы сияқты арнайы пәндерді оқып үйренуде дұрыс қолдана білуі қажет.

Экономикалық ақпараттық жүйелер теориясы ақпараттық жүйелердегі ақпаратты ұйымдастыру, сонымен қатар ЭАЖ-ді жобалау, пайдалану және дамыту процестерін тиімді жүзеге асыру мәселелерін оқытады.

Экономикалық ақпаратты өңдеу процесінің жекелеген компоненттері ұйымдастыру мен өзара әрекеттесудің жоғарғы дәрежесіне жетіп, енді нақты экономикалық объектте ақпаратты өңдеу құралдарының барлығын “Экономикалық ақпараттық жүйе” түсінігіне жинақтауға мүмкіндік береді.

1.1 Ақпарат түсінігі

Кең мағынада ақпаратқа бір ғана нақты анықтама беру мүмкін емес.Бір жағынан, ақпарат ресурс ретінде (еңбек ресурсы, материалдық,қаржылық ресурстар сияқты) қарастырылуы мүмкін: бұл мағынада ақпарат-заттың, энергияның немесе ақпараттың өзінің түрленуімен байланысты процестерді жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа мәліметтер. Екінші жағынан, ақпарат көзі және қолданушысы бар ақпараттандыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады: мұнда ақпарат-соңғы қолданушының білім қорын кеңейтуші мәліметтер.

Ақпараттың үш кезеңін бөлуге болады:

1) ақпараттың қабылдануы -мәліметтердің адам санасында оның түсініктер мен құндылықтар жүйесінде көрініс табуы;

2) құжаттағы ақпарат- қандай да бір физикалық тасығышта белгілер түрінде тіркелген мәліметтер;

3) беріліп жатқан ақпарат- ақпарат көзінен қабылдаушыға берілу кезінде қарастырылып жатқан ақпарат.

Ары қарай тек 2 және 3 кезеңдерді қарастырамыз.

Ақпараттың көпшілігі белгілер түрінде жиналады, беріледі және өңделеді. Белгілер-бұл ақпаратты тасымалдай алатын, жіберуші мен қабылдаушы арасында мағынасы келісілген белгілер (сигналдар). Аталған келісімдері бар белгілер жинағы белгілер жүйесі деп аталады.

Ақпарат жіберу көзінен қабылдаушыға дейінгі жолында бірнеше өзгертушілерден-код беруші, кодты қайта қалпына келтіруші құрылғылардан, ЭЕМ және т.б өтеді. Бұл кезде ақпараттың мағыналық қасиеттері маңызды болмай, ”ақпарат” түсінігі одан кеңірек “берілгендер” түсінігіне айналады.

Берілгендер – өзара логикалық байланысқан тұжырымдар, деректер немесе сандар жиыны. Лексикалық қатынастар тіл құрылымындағы тұрақты байланыстарды көрсетеді (бүтін-бөлік, тип-түр). Мәліметтердің жекелеген бөліктері арасындағы байланыстар синтаксистік қатынастармен көрсетіледі. Олар айнымалылар болып табылады.

Экономикалық ақпарат – бұл материалдық игіліктерді өндіру, тарату, айырбастау және тұтыну сияқты экономикалық процестер туралы ақпарат. Оны өңдеу үшін салыстырмалы түрде логикалық операциялары (реттеу, теріп алу, түзету) басым болатын қарапайым алгоритмдер қолданылады.

Экономикалық ақпарат келесі белгілер бойынша жіктеледі:

- жүйеге қатысы бойынша – енетін, шығатын, ішкі;

- уақыт белгісі бойынша – болжамды, ретроспиктивті (есепке алынған), мерзімді,мерзімсіз;

- функционалды сипаты бойынша – яғни экономикалық объекттің функционалды жүйелері бойынша, мысалы, еңбек ресурстары, қаржы, жоспарлау, есепке алу,т.б.

Өңделу кезеңдерінің барлығына ортақ ақпарат өлшемін анықтау мүмкін емес, сондықтан ақпарат көлемі ретінде өңделетін белгілер саны алынады. Бірақ бұл көрсеткіш ақпараттық процестердің тек сыртқы жағын ғана сипаттайды.

1.2 Жүйе түсінігі

Жүйе деп бір бүтін ретінде әрекет ететін өзара байланысқан элементтер кешенін түсінеміз.Кез-келген жүйе келесі компоненттермен анықталады:

1. құрылым – жүйе элементтерінің жиыны және олардың өзара байланысы;

2. ену және шығу – жүйеге енетін немесе жүйеден шығатын материалдық ағым немесе мәліметтер ағымы. Енетін ағым-{xi} параметрлер жинағы, бұл параметрлердің мәндері барлық енетін ағымдар бойынша Х вектор функциясын құрайды. Қарапайым жағдайда x=f(t), ал маңызды жағдайларда –x=φ(x(t),t). Шығу функциясы Ү осыған ұқсас анықталады.

3. жүйенің әрекет ету заңы – Ү=F(x) функциясы.

4. мақсаты мен шектеулер. Жүйенің жұмыс істеу процесі u1,u2,…,uN айнымалыларының жиынымен сипатталады. Олардың бір бөлігі (әдетте біреуі) экстремалды мәнді қолдауы тиіс,мысалы,максимум u1. Бұл жағдайда u1=(x,Y,u2,u3,…,uN)-мақсатты функция болып табылады. Ол мақсаттың жүйенің жұмыс нәтижелеріне сәйкестілігін анықтайды. Көбінесе мақсатты функцияның жалпы аналитикалық және анық бейнесі болмайды. Басқа айнымалыларға қарапайым немесе функционалды (жалпа жағдайда екіжақтама) шектеулер қойылуы мүмкін.

Жүйенің жалпы қасиеттері келесідей:

1. салыстырмалылығы – элементтер, өзара байланыстар, ену және шығу, мақсаттық функция мен шектеулер құрамы зерттеу мақсатына байланысты.

2. бөлінгіштік - жүйені әрқашан салыстырмалы түрде өз бетінше өте алатын бөліктерге – ішкі жүйелерге бөлуге болады, олардың әрқайсысы өзінше жүйе болып табылады. Мұндай бөлуді жүйенің декомпозициясы деп атайды. Ол жүйені талдауды жеңілдетеді.

3. Бүтіндік – ішкі жүйелер мен элементтердің қызмет ету мақсаттарының жүйенің жалпы мақсатымен сәйкес келуі.

Айта кететін жағдай, кез келген жүйенің қасиеттері оны құраушы элементтердің қасиеттерінен әдетте көп болады.

1.3. Экономикалық ақпараттық жүйе және оның мақсаты

Экономикалық ақпараттық жүйе – нақты өмірдің қандай да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті туралы ақпараттың жиналу, сақталу, өңделу және таратылу қызметтерін жүзеге асыратын жүйе.

Ақпараттық жүйе нақты экономикалық объект үшін құрылып, объект элементтерінің өзара байланыстарының белгілі бір мөлшерде көшірмесін жасауы тиіс.

ЭАЖ-нің мақсаты:

1. Берілгендерді өңдеу мәселелерін шешу – экономикалық объектті басқару үшін жалпы ақпаратты алу (үнемі немесе сауал бойынша) мақсатында экономикалық ақпаратты өңдеу және сақтау;

2. Кеңсе жұмыстарын автоматтандыру – картотека жүргізу, мәтіндік ақпаратты өңдеу машиналық графика, электронды пошта және байланыс;

3. Жасанды интеллект әдістеріне негізделген мәселелер – басқару шешімдерін қабылдау үшін. Олар шешім қабылдауда кәсіпорын мамандарының іс-әрекетін модельдейді.

1.4. ЭАЖ құру және оның қызмет ету қағидалары

1) сәйкестілік-ЭАЖ объекттің берілген тиімділікпен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс;

2) үнемділік-объектте ЭАЖ-ні пайдаланудан түскен экономикалық табыс ақпаратты өңдеуге кеткен шығындардан артық болуы керек;

3) регламенттілік-ақпараттың неғұрлым көп мөлшерін кесте бойынша берілген мерзімдерде өңдеу;

4) өз-өзін қадағалау - берілгендерді өңдеу процестерінде жүйенің қателерді тауып, оны түзете алу қабілеті;

5) интегралдық-ЭАЖ-ге бір рет енгізілген берілгендерді көптеген мақсаттарда көп жақты пайдалану;

6) икемділік-ЭАЖ-нің сыртқы ортаның өзгеру жағдайларында тиімді нәтижелерге жету үшін өзінің құрылымы мен іс-әрекет заңдылықтарын өзгерту қабілеті.

ЭАЖ қызметінің сапасын бағалау келесі критерийлер кешенінде жүзеге асады:

-жалпы жүйе;

-жобалау сатысының жекелеген құраушылары;

-жүйені пайдалану сатысының маңызды компоненттері.

Әрбір критерий жүйенің жобалану немесе қызмет ету нәтижелері мен жүйенің алға қойған мақсаттары арасындағы сәйкестілік дәрежесін санмен анықтайды. Кең тараған типтік мақсаттар мен критерийлерді келесі бетте берілген кестеден көруге болады.

Келтірілген мақсаттардың бір уақытта орындалуы мүмкін емес, сондықтан, әдетте, негізгі критерий ретінде олардың біреуін таңдайды.

1.5. ЭАЖ жіктелуі (түрлері)

1. Мақсаты бойынша:

-Басқарушы ақпараттық жүйелер (кәсіпорындағы технологиялық процестерді басқару);

-Кәсіпорынды басқарушы мамандар ұжымына қызмет етуге арналған әкімшілік-ұйымдастырушылық типтегі жүйелер.

2. Функционалды сипаты бойынша:

АЖ-нің негізгі функциялары: ақпаратты жинау, сақтау және енгізу, түзету, теріп алу, баспаға шығару сияқты өңдеу операциялары. Бұл функциялармен қамтамасыз етілмейтін енгізілген ақпаратты шығатын ақпаратқа түрлендіру үшін қолданбалы бағдарламалар құрылады.

- Берілгендерді өңдеу жүйелері (БӨЖ). Бұл әртүрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламалармен толықтырылған ЭАЖ.

 

 

Қолданбалы бағдарламалар шығарылатын ақпарат элементтерінің мәндерін енгізілген ақпараттың белгілі мәндері бойынша, әдетте,экономикалық объектті басқаруды оптималдау әдістерін қолданусыз есептейді.

Мысалы, жалақы қорын есептеу, статистикалық есеп беру және т.б. БӨЖ басқару объектінің басқару ақпараттық қызмет көрсетеді. Ұсынылған ақпарат негізінде қабылданған шешім басқару объектіне БӨЖ көмегінсіз беріледі.Басқару объектінен басқару органына ақпарат кейде тікелей де берілуі мүмкін.

 

- Автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) – басқару шешімдерінен таңдау жасай алатын БӨЖ.

 

Жүйенің (дербес немесе мамандардың көмегімен) шешім қабылдауы математикалық әдістердің немесе басқару шешімдерін қабылдаумен айналысатын мамандардың іс-әрекетін модельдеудің көмегімен жүзеге асады.

Бұл бағыттың типтік мәселелері: материалдар мен жартылай өнімдер запастарын басқаруды оптималдау мәселесі.

қпараттық іздеу жүйелері АІЖ)- құжаттар жиынынан берілген ақпараттық сауалға жауап беретін немесе қажетті мәліметтері бар құжатты тауып беретін жүйелер.

Индекстеу-бұл келесі екі кезеңнен тұратын процесс:


А) берілген құжатта көрініс тапқан тақырыптарды анықтау;

Б) осы тақырыптарды АІЖ-де келісілген тілде бейнелеу және құжатпен байланысатын іздеу бейнелерінде жазу.

Іздеу құжаттардың іздеу бейнелерін сауалдың іздеу бейнелерімен сәйкестендіру арқылы жүзеге асады. бейнелердің толық немесе ішінара сәйкестігі анықталған кезде құжат сауалға жауап беретін болып табылады да, қолданушыға ұсынылады.

3.ЭАЖ-нің жұмыс режимі бойынша: дестелік және сұхбаттық.Дестелік режим кезінде жүйедегі берілгендер олардың көлемі белгілі бір мөлшерге жеткенше немесе көрсетілген уақытқа дейін жинақталады. Содан кейін жиналған ақпарат тізбектей орындалатын бағдарламалармен өңделеді. Мұндай режимнің мысалы – кәсіпорынның статистикалық есебінің жинақталып, топталуы. Берілгендерді дестелік режимде өңдеудің кемшіліктері: ақпаратты қолданушының өңдеу процесіне қатыса алмауы, басқарылатын объектте шұғыл шешім қабылдау мүмкіндігінің төмен болуы. Сұхбаттық режим қолданушы мен жүйе арасында мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Оның артықшылыға-ақпаратты шұғыл өңдеу дәрежесінің жоғары болуы: қолданушы орындайтын командалар тізбегі қатаң берілмеген, керісінше алдында орындалған командалардың нәтижелеріне байланысты. Бұл жағдай көп вариантты логикалық мәселелерді шешу кезінде өте маңызды. Қолданушының мәселені шешудің неғұрлым тиімді вариантын анықтап, жүйе орындап жатқан іс-әрекеттерді үнемі қадағалап отыру мүмкіндігі бар. Типтік сұхбаттық мәселе ретінде бірнеше тұтынушы арасында ресурстарды үлестіру есептерін қарастыруға болады.

4. Есептеуіш ресурстардың үлестірілу әдісі бойынша локальды (дербес) және ЭАЖ: дербес жүйе есептеуіш қуаты шешілетін мәселелерге сай болатын бір ғана компьютерді қолданады. Таралымды жүйе әдетте жеке компьютерлерде жүзеге асатын және басқа жүйелерге байланыссыз өзінің дербес функцияларын орындай алатын ақпараттық жүйелердің біріккен жиыны болып табылады. Мұндай жүйелерді жасаудың негізгі мақсаты-ақпараттық қор мен есептеуіш ресурстарды ұжымдық қолдану. Жеке ақпараттық жүйелер әдетте бір-бірінен алшақ орналасқан.

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 866 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі | Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері . | Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау . | Атынастардың қасиеттері | Атынастармен орындалатын операциялар | Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі . | Реляциялы берілгендер қорына қол жеткізу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Halloween Comes to America| Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)