Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау .

Читайте также:
  1. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  2. Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .
  3. Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі
  4. Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .
  5. Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі .
  6. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

Берілгендер моделі – сақталып тұрған берілгендер мәндері үшін шарттар жиыны мен берілгендермен орындалатын операциялар, мүмкін ақпараттық конструкциялар жиынын көрсету.

Берілгендердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы берілгендердің сипатталуы мен бейнеленуі қолданбалы бағдарламаларға тәуелді болмауын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты Е.Ф.Кодд ұсынған.

Реляциялы модельдің негізі – қатынас (relation). Ол екі шамалы кестеде белгілі бір шектеуші шарттарды орындау арқылы ыңғайлы бейнеленеді. Кесте адам үшін түсінікті,ыңғайлы.

Қызметкерлер (қатынас атауы)

Аты жөні Қызметі Жасы

 

Отемисова Директор  
Асанов Бухгалтер  
Омаров Инженер 32 (Атрибут мәні)

 

Кортеж(Қатынас жолы)

 

Қатынастар(кестелер) жиыны шынайы өмірдің объектілері туралы берілгендерді сақтау және олардың арасындағы байланыстарды модельдеу үшін қолданылуы мүмкін. Төменде келтірілген сызбада реляциялы модель терминдері келтірілген.

Қатынастар сызбасы: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР (Фамилия, Қызметі, Жасы). Атрибуттар саны- қатынас дәрежесі, кортеждар саны- қатынас қуаты.

Реляциялы берілгендер қоры-өзара байланысқан қатынастар. Әрбір қатынас(кесте) компьютер жадында файл түрінде көрініс табады.

Түсініктердің келесі сәйкестіктері бар:

 

Мән (класс) Қатынас Кесте Файл
Экземпляр(объект) Атрибут Кортеж Атрибут Жол Баған Жазба Өріс

 

Код теориясының ерекшелігі мынада: ол қатынастарға бір қатынастан басқа қатынастарды алуға мүмкіндік беретін (арифметикалық операцияларды қолданған сияқты) операциялар жүйесін ұсынды. Бұл ақпаратты сақталатын және сақталмайтын деп екіге бөлуге, сонымен ЭЕМ жадын үнемді пайдалануға мүмліндік береді.

Қатынастармен орындалатын негізгі операциялар саны 8:

· жиындармен орындалатын дәстүрлі операциялар (бірігу, қиылысу, азайтты, декарттық көбейту, бөлу);

· арнайы реляциялық операциялар:проекция,қосылу және теріп алу(селекция,шектеу).

Қатынастармен орындалатын операцияларды жүзеге асыру тілдерін 2 класқа бөледі:

1) қажет нәтижені алу үшін орындалатын әрекеттер тізбегін сипаттайтын реляциялы алгебра тілдері; бұл процедуралық тілдер.

2) қолданушыға берілгендер қорына «сауал» жасау үшін қажетті, құрамында тек соңғы нәтиже туралы ақпарат болатын, ережелер жиынын ұсынатын реляциялық есептеу тілдері. Мысалы, SQL (Structured Query Language) сауал тілдері.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар . | Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері . | Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі | Атынастармен орындалатын операциялар | Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі . | Реляциялы берілгендер қорына қол жеткізу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .| Атынастардың қасиеттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)