Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі

Читайте также:
  1. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  2. Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .
  3. Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .
  4. Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау .
  5. Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі .
  6. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

Алдыңғы тақырыптарда айтып өткеніміздей,ақпараттың негізгі бірліктері: атрибут пен ақпараттың құраушы бөліктері(АҚБ).

Атрибут бағдарламалау тілдеріндегі айнымалыға сәйкес келеді де атауы мен мәні болады.Атауы- берілгендерді өңдеу процесіндегі атрибуттың шартты белгіленуі.Атрибут мәні- обьекnтің, процестің,құбылыстың нақты жағдайлардағы қандай да бір қасиетін сипаттайтын мөлшер.Атрибуттың барлық мүмкін мәндерінің жиыны(анықталу облысы) осы атрибуттың домені деп аталады.

Формальды түрде Х атты атрибутты (x,z) жұбы түрінде келтіруге болады,мұндағы z- Z жиынның элементі, Z-X атрибуттың домені(анықталу облысы), z-белгілі бір уақыт мезгіліндегі X атрибутының мәні.

Доменді анықтау деген оның аты мен мәндерінің тізімін көрсетуді білдіреді.Егер домендегі мәндер саны көп болмаса,ол тізімді айнымалыларды сипаттау кезінде көрсетуге болады,мысалы, бағдарламалау Pascal тілінде:

type

day =1..31;

month =1..12

year =1900..2000;

Егер мәндерді тізіп шығу мүмкін болмаса,домен үшін оның типі мен қажет болған жағдайда мәнінің ұзындығы көрсетіледі,мысалы:

Var

Family:string[20];

Summa:real;

Соңғы жағдайда фамилиялар доменіне мағынасыз(АБВГР) элементтер де түсіп қалуы мүмкін,бірақ мұндай жағдайлар доменді анықтау кезінде алдын-ала ескеріле бермейді.

Егер доменде белгілі бір класс элементтерін тізіп шығу керек болса,онда обьекттер мен оның класстарының шартты белгілерінен тұратын классификатор жасау қажет.

Топтастыру және код беру жүйелерінің қарапайым түрлері:

1.Топтастыру қажет емес жағдайда обьектер номерленеді де,әрбір обьектінің коды ретінде оның реттік номері алынады.Бұл жүйе реттік деп аталады.

2.Обьекттер жиыны бір белгісі бойынша топтастырылады: обьекттің коды сипаттаманың мәндерінің саны бойынша бөлікке (серияға) бөлінеді, ал әр серия шеңберінде реттік номерлер қолданылады.

3.Бірнеше топтастыру белгілері пайдаланылады: олардың өзара бағыныштылығы обьекттің типінің, класының, класс ішіндегі түрлерінің және т.б бөлінуіне сәйкес келеді. Мұнда разрядты код беру жүйесі қолайлы.

Разрядты код беру жүйесі бірнеше өзара бағынышты қасиеттермен анықталатын обьекттерге код беру кезінде қолданылады. Кодталатын обьекттер топтастырулық белгілері бойынша әр топтастыру деңгейінде жүйелендіреді. Әр белгіге коды бірден басталатын нақты разрядтар саны анықталады. Кіші белгілері бойынша жіктеу топтары өзінен жоғары белгінің кодына байланысты анықталады.

Егер бірнеше атрибуттың мәні бір доменмен анықталса, олар рөлдік деп аталады. Мысалы, Family доменімен келесі атрибуттар анықталуы мүмкін: СТУДЕНТ, АВТОР, САЙЛАУШЫ, ЖҰМЫСШЫ. Бұл рөлдік атрибуттар. Ал ЖҰМЫСШЫ_АТЫ, ЖҰМЫСШЫНЫҢ_ТАБЕЛЬДІК_НӨМІРІ атрибуттары бір адамның қасиеттерін сипаттап тұрғанымен, рөлдік емес.

Затты сипаттап тұрған атрибуттардың ішінде мәні затты нақты анықтайтын атрибуттарды (идентификаторды) бөлуге болады. Олар обьекттердің идентификациялық сипаттарына сәйкес келеді. Мысалы, ФАМИЛИЯ – идентификатор емес, себебі бірнеше жұмысшының фамилиясы бірдей болуы мүмкін, ал ТАБЕЛЬДІК_НӨМІР - идентификатор, себебі бір кәсіпорын шеңберінде жұмысшыны нақты анықтайтын атрибут.

Ақпараттың құраушы бірліктері (АҚБ) – бұл атрибуттар немесе басқа АҚБ жиыны. АҚБ анықтамасы рекурсивті. Берілгендер қоры да АҚБ түріндегі ақпарат бірлігі екендігін атап өтейік.

Атрибуттар жиыны бір АҚБ-не келесі белгілері бірігеді:

- сәйкес атрибуттар бір фактты немесе экономикалық процесстерді сипаттайды;

- АҚБ-не кіретін атрибуттар бір уақытта пайда болады да, өзара арифметикалық немесе логикалық қатынастармен байланыста болады.

АҚБ-ның қарапайым сипаттары атымен, құрылымымен және мәнімен беріледі. Аты – ақпаратты өңдеу процесінде АҚБ-ны белгілеу. Құрылым – бір ақпарат бірліктерінің келесі ақпарат бірліктерінің құрамына енуі.

АҚБ аппараты экономикалық құжаттардың құрылымын сипаттауға арналған. Құжат - белгілі бір ретте рәсімделген және заңды күші бар ақпараттың материалдық тасушысы (әдетте қағаз түрінде).

АҚБ құрылымын сипаттау:

Нақты бағдарламалау тілдеріне және БҚБЖ-не байланысты емес АҚБ құрылымын сипаттау үшін оның атауынан кейін оған енетін атрибуттар мен АҚБ атауларының тізімін көрсетсе жеткілікті. Тізімді дөңгелек жақшалардың ішіне алып жазады. АҚБ атауына қосып оның өлшемін, яғни осы АҚБ-ң құрлымы бірдей мәндер санын, көрсетуге болады. Өлшемі 1-ге тең болса, оны көрсетпеуге де болады. Өлшем сипаттамасы мен құрылым сипаттамасы арасында нүкте қойылады.

Мысалы: Жалақы беру тізбесі.

Бөлім Күні
  20.12.2004

ТІЗБЕ №

КЕСТЕ

Аты-жөні Таб номер Сумма
Асанов А.    
Ахметов Ж.    

 

Кестелердің атауы болмайды. Құжат элементтерінің атаулары машинамен өңдеу кезінде қолданылады. ТІЗБЕ АҚБ-ның құрамына БӨЛІМ және КҮНІ атрибуттары бар, ал КЕСТЕ АҚБ-ның құрамына АТЫ ЖӨНІ, ТАБ НОМЕР және СУММА атрибуттары бар. Сонда АҚБ құрлымы келесі түрде сипатталып жазылады:

ТІЗБЕ: ТІЗБЕ (БӨЛІМ, КҮНІ, КЕСТЕ(2)). (АТЫ ЖӨНІ, ТАБ НОМЕР, СУММА)

АҚБ мәндеріне анықтаманы оның құрамына енетін ақпарат бірліктерінің мәндеріне сүйеніп беруге болады. Басқа АҚБ құрамына енетін АҚБ мәнін рекурсивті түрде анықтауға болады, алайда оның өлшемін ескеру қажет. Сонымен қатар, басқа АҚБ құрамындағы АҚБ мәндерінің жиыны үшін тағы бір түсінік қажет. Ондай түсінік жиылыс, яғни жоғары дәрежелі АҚБ құрамындағы АҚБ мәндерінің жиыны, АҚБ жиылысындағы мәндер саны оның мөлшеріне тең.

Қорытындылай келе, АҚБ мәні деп оған енетін атрибуттар мәндерінің жиыны мен оған тікелей кіретін АҚБ жиылысының жинағын айтамыз. ЭЕМ жадына сақтау кезінде АҚБ-ң бір мәнін жазба, деп атаймыз.

Қазіргі кезде барлық бағдарламалау тілдері АҚБ құрылымын сипаттау құралдарымен жабдықталған. Осындай сипаттауларды Pascal және FoxPro бағдарламалау тілдерімен жасап көрейік:

Pascal FoxPro

Type Файл Vedom

Tablice = Record Podr – Numeric -3

FIO: String[20]; Dat_ved- Data -8

Tab_nurn: Word; Inf- Character- 12

Summa: Real

End;

Vedom = Record Файл Tabl

Podr. Word; FIO- Character -15

Dat_ved: String[8]; Tab_nurn- Numeric- 6

Tabl: Tablica Summa- numeric- 8.2

End;

 

 

АҚБ-нің бірнеше түрлері болуы мүмкін: қолданушылар тарапынан олар құжат пен көрсеткішке бөлінсе құрастырушылар тарапынан қатынастар мен веерлік қатынастарға бөлінеді.

Ақпарат бірліктерінің негізгі қасиеттері – атауы, мәні, құрылымы – жоғарыда аталып өтті.Атауымен жасалатын операциялар: атауын өзгерту(басқа жаңа атау беру) және синоним хабарлау (ұқсас жаңа атау беру).Мәндерімен жасалатын операциялар: кодын өзгерту, теріп алу, түзету.

Экономикалық құжаттарды талдау кезінде құжатты көрсеткіштер деп аталатын мағынасы бар элементар бөліктерге (фрагменттерге) бөлу мәселесі тұрады.Бұл барлық қолданушылар үшін бірдей түсінікті болып, әртүрлі құжаттар арасында өзара мағыналы байланыстар орнатуға және алынған нәтижелерді берілгендер қорының құрылымын анықтауда пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрсеткіш – бұл қандай да бір объекті немесе құбылысты бейнелейтін сандық параметрлердің толық сипаттамасы.Кездейсоқ таңдалып алынған қасиеттің сәйкес сипаттамасы атомарлық факт деп аталады.

Материалдық процестердің сандық және сапалық қасиеттері болуы мүмкін.Осыған сәйкес қандай да бір объектің сандық және сапалық қасиеттерінің ақпараттық бейнесі ретінде сипаттаушы атрибуттар мен негізгі атрибуттарды ажыратады.

Көрсеткіштің құрамына бір негізгі атрибут және бірнеше сипаттаушы атрибут енуі қажет.Ақпарат бірлігі ретінде көрсеткіш АҚБ түрі болып табылады.

Көрсеткіштің құрылымы: П.(Р 1,Р2..., Рк, Q), мұндағы Q – негізгі атрибут, Р1,Р2..., Рк – сипаттаушы атрибуттар. Сонымен көрсеткіштер объектер мен құбылыстардың сандық қасиеттерін бейнелейді.

Кейде құжаттарда негізгі атрибуттар болмауы мүмкін (мысалы, кадр есебінің анкетасы), яғни барлық экономикалық ақпарат көрсеткіштер түрінде бола бермейді.

Көрсеткіш атрибуттарының минималды жиыны келесіден тұрады:

1)объект ақпаратын бейнелейтін атрибуттар;

2)уақытты бейнелейтін атрибуттар;

3)объектің қандай да бір сандық қасиетін бейнелейтін атрибуттар.

Атрибуттың негізгі немесе сипаттаушы екенін білу үшін келесі заңдылықтарды пайдалану қажет:

1.егер атрибут бастапқыберілген мән немесе арифметикалық операциялардың нәтижесі болса,онда негізгі атрибут болып табылады.

2.егер атрибут мәні мәтін болса, онда ол – сипаттаушы атрибут.

3.егер атрибут затты белгілесе, ол – сипаттаушы атрибут.

4.егер атрибут қандай да бір көрсеткіште сипаттаушы болса,онда ол басқа көрсеткіштерде де сол рөлде қалады.

5.егер көрсеткіштер ұқсас процестерді бейнелейтін болса, олардың сипаттаушы бөліктері сәйкес болуы мүмкін.

6.егер көрсеткіштің негізі басқа негіздердің мәндері бойынша анықталса, онда мұндай көрсеткіштің сипаттаушылар жиыны сол негіздермен байланысты сипаттаушылардың бірігуі болып табылады.

Берілгендер қорын жасаудың критериі ретінде сақталатын ақпараттың барынша минималды болуы, яғни «Әрбір мәлімет берілгендер қорында тек бір рет сақталуы тиіс» деген қағидаға сәйкес келуі алынады.

Мысалы жоғарыда келтірілген АҚБ үшін бір көрсеткіш:

П.(БӨЛІМ, КҮНІ, АТЫ_ЖӨНІ, ТАБ_НОМЕР, СУММА) берілгендер қорындағы бір жазбаға сәйкес келеді.Мұндағы БӨЛІМ, КҮНІ, АТЫ_ЖӨНІ, ТАБ_НОМЕР – сипаттаушы атрибуттар, ал СУММА – негізгі атрибут.

Көрсеткішті АҚБ-нің ерекше түрі ретінде қарастыру себебі, көрсеткіш өз бетінше құжат жасауға жеткілікті мағыналы ақпаратты қамтитын атрибуттар тобы болып табылады.

Экономикалық процестерді, яғни объектердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын көрсеткіштер үшін олардың келесі құрамдас бөліктерін бөліп қарауға болады.

1.көрсеткіштегі негізгі атрибутты алудың алгоритмін көрсететін формальды сипаттама;

2.процеске қатысатын объектер тізімі;

3.процесс атауы;

4.негізгі атрибуттың өлшем бірлігі;

5.уақыт мезетін немесе мерзімін анықтау;

6.басқару функциясының атауы;

7.сипатталып жатқан процесс өтетін экономикалық жүйенің атауы.

Көрсеткішті нақты белгілеу үшін аталған бөліктердің барлығын көрсету – міндетті.Сипаттаушы атрибуттар процеске қатысатын объектер тізімі мен уақыт мезгілін(мерзімін) міндетті түрде көрсетуі қажет. Өлшем бірлігін көрсететін сипаттама да жиі кездеседі, ал басқа сипаттамалар оның атауымен беріледі.

Экономикалық көрсеткіщтер мен айнымалы индекстер арасында ұқсастық бар. Жалпы жағдайда айнымалы негізгі сипаттама болып табылады да, ал индекстер сәйкес негізгі атрибуттардың мәндері болып табылады.

Мысалы, қоймаға келіп түсетін тауарлар қабылдау құжаты (приходной ордер)

КҮНІ ЖАБД
15.10.04  

 

ПРИХ

 

НОМЕР САНЫ БАҒАСЫ СУММА
       
       
       

 

 

КҮНІ ЖАБД
10.11.04  

 

ПРИХ

 

НОМЕР САНЫ БАҒАСЫ СУММА
       
       

 

 

Бұл құжаттарда келесі белгілер қабылданған: ЖАБД – жабдықтаушы коды, НОМЕР – тауардың номенклатуралық номері, САНЫ – келіп түскен тауар саны, БАҒАСЫ – тауар бірлігінің бағасы, СУММА – тауардың қабылдау ордері бойынша жалпы құны, оны СУММА = САНЫ * БАҒАСЫ формуласымен есептейді.

Екі қабылдау ордерінен тұратын АҚБ құрылымы төмендегідей:

ПРИХ(2).(КҮНІ,ЖАБД,КЕСТЕ(3).(НОМЕР,САНЫ,БАҒАСЫ,СУММА))

Атрибуттар КҮНІ,ЖАБД, НОМЕР,САНЫ,БАҒАСЫ,СУММА. Негізгі атрибуттар – САНЫ,БАҒАСЫ,СУММА, сипаттаушы атрибуттар – КҮНІ, ЖАБД, НОМЕР.

Осы атрибуттарды пайдаланып келесі көрсеткіштерді алуға болады:

П1.(НОМЕР, ЖАБД, КҮНІ, САНЫ) – САНЫ атрибуты үшін;

П2.(НОМЕР,БАҒАСЫ) – БАҒАСЫ атрибуты үшін;

П3.(НОМЕР, ЖАБД, КҮНІ, СУММА) – СУММА атрибуты үшін, 3-ші көрсеткіштің сипаттамалады П1, П2 көрсеткіштері сипаттамаларының бірігу нәтижесі болып табылады, себебі, СУММА = САНЫ * БАҒАСЫ;

Осыған сәйкес айнымалылар (индекстерімен бірге) келесі түрде болады:

П1: К(i, j, m) – і номерлі тауар саны, j – жабдықтаушы коды, m – күні;

П2: С(і) – і номерлі тауар бағасы;

П3: S(i, j, m) = К(i, j, m) * С(і) – есептеу формуласы.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 846 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар . | Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау . | Атынастардың қасиеттері | Атынастармен орындалатын операциялар | Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі . | Реляциялы берілгендер қорына қол жеткізу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .| Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)