Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 2 . Ақпараттық жүйелердің түрлері .

Читайте также:
  1. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  2. Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі
  3. Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері .
  4. Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау .
  5. Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі .
  6. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

 

ЭЕМ көмегімен кез келген мәселені шешу кезінде қажет болатындар:

1.есептеу үшін нормативті-анықтамалық және бастапқы ақпарат;

2.бағдарлама түріндегі есепті шешу әдісі (алгоритм);

3.алгоритмді орындау үшін ЭЕМ;

4.өзінің кәсіби қызметінде есептеу нәтижелерін пайдаланатын қолданушылар.

ЭАЖ –нің жұмыс істеуі үшін осыған ұқсас компоненттер қажет, бірақ олар ЭАЖ-де орындалатын мәселелердің әртүрлі болуына байланысты күрделірек болуы тиіс.

ЭАЖ-нің негізгі компоненттеріне біріге отырып берілгендерді сақтау және өзгерту жүйелерін құрайтын берілгендер қоры, концептуалды схема және ақпараттық процессор жатады.

Материалдық өмірде болып жатқан құбылыстардың барлығын мәліметтер арқылы бейнелеуге болады.

Мәлімет – табиғи немесе жасанды тілде ақпаратты бейнелеудің белгілік формасы, материалдық процестердің ақпараттық көрініс табуы.

Мәлімет табиғи тілде берілген кезде,көбіне юолып жатқан құбылыстың негізгі қасиеттері бөлінген форматталған мәлімет қолданылады.Онда қасиеттердің атаулары мен олардың мәндері келтіріледі.

Мысалы: Асанов Ж.А. 1998 жылдың 21.01. күні 30000 теңге жалақымен инженер қызметіне жұмысқа алынды.

Форматталған вариант: Аты-жөні Асанов Ж.А

Қабылданған күні 21.01.98

Қызметі инженер

Жалақысы 30000 тг.

Мұндай мәліметтер өте көп болуы мүмкін.Олар параметрлердің атаулары бойынша сәйкес келіп,мәндері бойынша ерекшеленеді.Бұл жағдайда оларды «Т» деп белгіленген кесте ретінде көрсеткен ыңғайлы.

Т
Аты-жөні Қабылданған күні Қызметі Жалақысы
Асанов Ж..А. 21.01.98 инженер 30000 тг

 

Форматталған мәлімет- бұл ЭАЖ-де сақталып,,өңделетін мәліметтердің ішіндегі ең көп тараған түрі.Іс жүзінде форматтауға келмейтін экономикалық ақпарат та болады,мысалы,мекеме бойынша бұйрықтар.

Кез келген экономикалық жүйе- бұл өзара байланысқан ресурстар мен процестер жиыны.Ресурстар – жүйеде қолданылатын кез келген түсінік: ақпарат, қолданушылар,ақпараттық және бағдарламалық құралдар.Процесс-бір ресурстар жиынының екінші ресурстар жиынына өзгеруі(бұл негізінен ақпараттық ресурстарға байланысты).Бір уақытта бірнеше процестер жүзеге асуы мүмкін.

Өзара байланысқан ресурстар мен процестерді заттық облыстың терминдерімен сипаттауға болады.Заттық облыс-материалдық жүйелердің элементтері,олар туралы ақпарат ЭАЖ-де сақталып және өңделеді.

Барлық заттық облыстың ақпараттық сипаттамасы бір немес бірнеше берілгендер қорынан тұратын ЭАЖ қорында жинақталған.Заттық облысты сипаттау үшін келесі терминдер қолданылады:

1.Обьект – қандай да бір жүйенің кез келген элементі.Бұл түсінік физикалық обьекттер жиынын қамтиды.Жеке алынған зат обьектің экземплярі болып табылады.Берілген принцип бойынша пайда болған обьектер жиыны Обьектер жиыны болып табылады.Экземплярларды қандай да бір жиындарға бастапқы топтастыру жіктеу(классификация) деп аталады.Обьектер типі «элементтері басқа ішкі жиын болып табылатын жиын» принципі бойынша жаңа типтерді құру үшін біріктірілуі мүмкін.

Экономикалық сала обьектері 3 үлкен типке топтастырылған: өндіріс құралдары(негізгі қорлар),еңбек заттары(айналым құралдары) және орындаушылар.

2. Обьект қасиеті – кез келген уақыт мезетіндегі обьекттің күй-жайын сипаттайтын шама.Обьекттің жеке экземплярінің қасиеттерінің жеткілікті санын көрсету арқылы оны толық сипаттауға болады.Егерде қандай да бір қасиетінде өзгешелік болса,обьекттің екі экземплярі өзгеше болып табылады.Бір класстың обьекттері аттас қасиеттерімен сипатталады.Қандай да бір типке енетін обьекттердің осы типке бірнеше қасиеттері болады.Бұл принцип қасиеттердің тұқым құалауы деп аталады.

3.Обьекттердің өзара әрекеттесуі – бірнеше обьекттің кеңістік пен уақыт бойынша жүретін қандай да бір процесске қатысу факті.

4.Өзара әрекеттесу қасиеті – обьекттердің бірлескен әрекетін сипаттайтын,бірақ жекелей алғанда ешқандай обьектке жатпайтын қасиеті.Заттық облыстың процестері мен обьекттерін сақталатын белгілермен толық бейнелеу мәселесі ақпараттық жүйеде келесі ретте орындалады:

1) Обьекттің немесе процестің бейнеленуі оның қасиеттерінің көрсетілуімен анықталады;

2) Қасиеттердің ақпараттық бейнеленуі ретінде атрибуттар алынады;

3) Обьект экземплярі берілгендер қорында < атрибут аты, атрибут мәні > жұбымен бейнеленеді,мұнда атрибут атаулары өзгеше және обьект қасиеттерінің атауларына сәйкес болып тпбылады.

4) Обьект мәнін қандай да бір қасиеттер жиыны көмегімен көрсету обьекті сипаттаушы қасиеттерді кеңейту арқылы жүзеге асады.Мұнымен обьект мәні толығырақ ашылады.

Обьектті сипаттайтын қасиеттер жиыннан берілген обьект экземплярін кез келген басқа обьекттерден мәні бойынша ажырату мүмкін болатын идентификаторлық қасиетті бөліп қарастырады(соның ішінде осы экземпляр енетін класс шеңберінде).Атаулары әртүрлі болып келетін қасиеттер жиынның көмегімен де обьекттерді идентификациялауға(ажыратуға) болады.

Заттық облыс ретінде ЭАЖ-ң өзін қарастыруға болады.

Қолданушылар

ЭАЖ-ң компонеттері (БҚ бағдарламалық жабдықтар) физикалық обьект болып табылмайды,сондықтан ЭАЖ-ң ақпараттық бейнесі мета ақпарат(ақпарат туралы ақпарат) болып табылады.

Төменде келтірілген кесте ЭАЖ компоненттерінің топтастыруын олардың құрамы тарапынан көрсетеді:

Берілгендер/Үлкен берілгендер Жүйе/процесс Есептеуіш жүйе Сыртқы орта
1.Атрибут 2.Қатынас 3.Көрсеткіш 4.Берілгендер қоры 5.Кілт 6.Сызба 7.Ішкі сызба 1.Ішкі мәселе 2.Мәселе 3.Бағдарлама 4.Тапсырма 5.Транзакция 1.Физикалық құрылғы 2.Терминал 3.Желі(канал) 4.ЭЕМ желісінің торабы 1.Қолданушы 2.Берілгендер қорының әкімшілігі

Осылардың ішінен бірнешесін қарастырайық.

ЭАЖ ішіндегі элементтер (қарапайым) процестер:

-Тапсырма(пакеттік өңдеу кезінде)-көрсетілген ретте орындалатын бір немесе бағдарламалар;

-Транзакция (сұхбаттық өңдеу кезіндегі әрекеттесу)- ақпараттық процесстің бір командасы (бұйрығы).

Мәселені келесі тараптардан қарастыруға болады:

1)Оның экономикалық мазмұны тарапынан.Мәселенің мағыналық жағын анықтау экономикалық обьект пен басқару жүйесінің бөлімдерін басқару функцияларының бөлінуімен байланысты.Мұнда қарапайым процесс ретінде қандай да бір басқару функциясын іске асыратын экономикалық мәселе қарастырылады.

2)ЭЕМ-де іске асыру тарапынан мәселе-бұл бекітілген шығатын ақпарат ағымын құруды жүзеге асыратын белгілі бір бағдарламалар тізбегі.

Мәселелерді жүйелерге топтастыру негізгі басқару функцияларының топтастырылуына сәйкес келеді.

Ақпараттық жүйе қолданушыларын келесі 5 типке бөлуге болады:

1.Кездейсоқ,олардың ЭАЖ-мен әрекеттесуі қызметтік міндеттермен анықталмаған;

2.Параметрлік,күнделікті регламенттелген әрекеттер бойынша нақты анықталған қызмет саласына сәйкес жұмыс істейді;

3.Талдаушылар мен зерттеушілер,әрекеттесуі болжауға келмейді;

4.Қолданбалы программистер,берілгендер қорына сауалдар беру үшін бағдарламалар жасайды,кейін бұл бағдарламаларды параметрлік қолданушылар пайдаланады;

5.Жүйелі программисттер,берілгендер қорын басқару жүйелерімен операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейтетін қызметтік бағдарламалар жасайды.

Берілгендер қоры әкімшілігі – берілгендер қоры қолданушыларына қызмет көрсететін маман немесе мамандар тобы.Әкімшілік ақпарат жинау,берілгендер қорын жобалау мен пайдалану,берілгендердің тұтастығын және сақтығын қамтамасыз ету процестерін басқарады. Ол қолданушылардың қазіргі және болашақтағы сауалдарын ескеруі тиіс.

ЭАЖ-де сақталып,өңделетін ақпаратты сипаттау әртүрлі деңгейде жүзеге асады:

1)сыртқы деңгей – соңғы қолданушының ақпараттық қажеттіліктерін сипаттау;

2)концептуалды деңгей – ақпараттық қажеттіліктерді ЭАЖ деңгейінде сипаттау;

3)ішкі деңгей – ЭЕМ жадында ақпаратты сақтау мен оған қол жеткізу әдістерін сипаттау.

Жеке қолданушының ақпараттық қажеттіліктері берілгендер қорының қандай да бір бөлігіне ғана қатысты.Ол қажеттіліктердің сипаттамасы ЭАЖ-де сақталған берілгендерге сәйкес келмеуі де мүмкін.Сыртқы сипаттама түсініктердің кез келген аппаратын қолдана алады.Сыртқы сипаттамаға қойылатын негізгі талап-оның концептуалды сипаттамаға түрлену мүмкіндігі.Концептуалды деңгейдің негізгі мақсаты-кез келген сыртқы сипаттама берілгендер қорының бөлігі болатындай бейне жасау.Сыртқы сипаттамалардың бірігу процесінде әр түрлі қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктеріндегі қосмағыналық пен қарама-қайшылықтар жойылады.Берілгендер қорының бөліктері болып табылатын көптеген сипаттамалар мен берілгендер қорын толығымен сипаттайтын бір ғана концептуалды сипаттама болуы тиіс.

Есептер генераторы деп аталатын қолданбалы бағдарламалардың кейбірін пайдалану үшін сыртқы сипаттама жеткілікті.Енуші ақпарат ағымы мамандарына пайдалануына ыңғайлы есептер түрінде рәсімделетін шығатын ақпарат ағымына түрленеді.

Концептуалды сипаттама берілгендер қорының толық ақпараттық мазмұнын берілгендерді физикалық сақтау әдісімен салыстырғанда абстракты формада сипаттайды.Онда өңделетін ақпараттың құрылымы туралы мәліметпен бірге оны өңдеу технологиясы туралы мәлімет те қажет.Концептуалды деңгей берілгендер қорын басқару жүйесін бағдарламалық қолдауды пайдалану үшін жеткілікті болып табылады.Бұл жағдайда оны нақты берілгендер қорын басқару жүйесін талаптарына сай түрлендіру қажет.Мұндай түрлендіруден кейін бұл берілгендер қорын басқару жүйесін қолдану тиімділігінің артуы мүмкін,жүйенің бағдарламалық жабдықтарын жасау мәселелері шешіледі,ЭАЖ жасау мерзімі қысқарады.

Концептуалды сипаттамаға тұрақтылық талабы қойылады.Бұл заттық облыс өзгерістері концептуалды сипаттаманың түзетілуіне алып келуі міндетті емес екенін білдіреді.Сипаттама неғұрлым абстрактылы болуы тиіс,яғни берілгендерді өңдеу әдістерін бағдарламалық жүзеге асырудан келіп шығатын шектеулері болмау қажет.

Берілгендерді өңдеуге олардың ережелері берілгендер модельдерінде болады,ал нақты ЭАЖ үшін ақпаратты сипаттау бейне,сызба немесе құрылым деп аталады.

Берілгендер моделінің 3 түрі бар: реляциялық,желілік,иерархиялық.Олардың мүмкін ақпараттық құрылымдарының жиыны әр түрлі.Жалпы,әрбір берілгендер қорын басқару жүйесінде жеке өзіндік моделі болады.Алайда,берілгендер қорын басқару жүйесін жасау кезінде жүйенің бағдарламалық жүзеге асуын ыңғайландыру үшін берілгендер моделі өзгеріске ұшырайды.

Ішкі сипаттама берілгендерді ЭЕМ жадында ұйымдастыру мен оларға қол жеткізуді ұйымдастыруды анықтайды.Ол берілгендерді жүйеде өңдеу процестері туралы кеңірек мәлімет береді.

Егер ЭАЖ нақты БҚБЖ-ң қолдану арқылы құрылған болса,онда ішкі сипаттаудың қажет параметрлері көп болмайды.Егер берілгендер қорын басқару жүйесі ЭАЖ-ге қойылатын талаптардың барлығын орындай алмаса,онда ішкі деңгейде сипаттауды қолдау үшін ерекше бағдарлама жасау керек(берілгендерге қол жеткізу,стандартты емес өңдеу және т.б).

Егер сақталып тұрған берілгендер қорының құрылымы өзгеретін болса(мысалы,берілгендерге қол жеткізуді тездету мақсатында),онда концептуалды деңгейдің өзгеріске дейінгі барлық талаптары қамтамасыз етілуі тиіс.

Сипаттаудың бірнеше деңгейі ЭАЖ жасау процесін бірнеше қарапайым сатыларға бөлуге мүмкіндік береді,сонымен қатар берілгендерді өңдеу саласында арнайы дайындығы жоқ қолданушылар мен мамандардың ЭАЖ-ң құру процесінде қатысу мүмкіндігі туады.

ЭАЖ-ң өмірлік циклында келесі жүйені жасау және пайдалану сатылары мен кезеңдерін бөліп қарастырады:

1.ЭАЖ-ң құрастыру(жасау) сатысы-бұл әлі жасалмаған жүйенің әр түрлі тілде және әр түрлі бөлшектеу деңгейінде сипатталу процесі,оның барысында жобалық шешімдер оптималданады.Жобалау процесінде келесі кезеңдер бөліп қарастырылады:

а)жүйеге қойылатын талаптарды анықтау және талдау;мұнда қолданушылар тарапынан жүйеге қойылатын талаптар тіркеліп,оларға талдау жасалады,ақпараттық қажеттіліктер сәйкестеліп,берілгендер қорының бірегей мағынасы қамтамасыз етіледі;

б)концептуалды жобалау-берілгендер қорының құрылымын есептеуші жүйеге,берілгендер қорын басқарушы жүйеге және жүйелік бағдарламалық жабдықтауға тәуелді болмайтындай етіп жасауға мүмкіндік береді;

в)жүзеге асыруды жобалау-таңдалып алынған БҚБЖ-не қатысты берілгендер қорының құрылымын және негізгі қолданбалы бағдарламаларының құрылымын жобалау;

г)физикалық жобалау – ЭЕМ жадында берілгендерді сақтаумен және оларға қол жеткізумен байланысты БҚ параметрлерін анықтау,сонымен қатар қолданбалы бағдарламалардың жұмысын тексеру.Осы кезден бастап берілгендер қорын нақты мәліметтерімен толықтырып,жүйенің жұмыс режимінде жұмыс істеуі мүмкін.

2. Пайдалану сатысы – алдында қабылданған жобалық шешімдерді өзгертуді қажет етпейтін ЭАЖ-ң тұрақты жұмыс істеу процесі.Пайдалану сатысы мерзімді түрде жүйені жаңарту сатысымен,яғни ЭАЖ-ң жеке компоненттері бойынша жобалық шешімдерді түзету процесімен бөлініп тұрады.

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 516 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс 4 . Ақпараттық үрдістер-ақпараттық жүйелерінің негіздері . | Дәріс 5 . Ақпараттық жүйелерді теориялық -көпмүшелік сипаттау . | Атынастардың қасиеттері | Атынастармен орындалатын операциялар | Дәріс 6 . Ақпараттық жүйелердің динамикалық бейнеленуі . | Реляциялы берілгендер қорына қол жеткізу. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .| Дәріс 3 . Ақпараттық жүйелердің анализі мен синтезі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)