Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Деректер базасының жүйесі

Читайте также:
  1. RSVP алгоритммен тарату жүйесіне QoS-көрсеткішінің табу әдістемесі
  2. Дәріс тақырыбы: Деректер базасы. Деректер базасының архитектурасы
  3. Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі
  4. Деректер моделі. Негізгі концепциялары.

Деректер басқару жүйесі – бұл қолданушыларға деректер базасын анықтауға, құруға және сүйеуге мүмкіндік беретін, сонымен бірге оған қадағаланытын рұқсатты беретін бағдарламалық қамтама.

ДББЖ мен жмыс істеу үшін қандай да бір аппараттық бағдарлама қажет. Ол өте кең аралықта - жалғыз дербес компьютер не бір мейнфреймден көп санды компьютерлі желілерге дейін түрленуі мүмкін. Қолданылатын аппараттық қамтама нақты ұйымның және қолданылатын ДББЖ ның түріне байланысты болады. Кейбір ДББЖ лар операциялық жүйелердің не қондырғылардың тек нақты типтеріне арналса, басқалары кең ауқымды аппараттық қамтамалар және түрлі операциялық жүйелермен жұмыс істей алады. Әдетте ДББЖ мен жұмыс істеуге минимум оперативті және дискілі жады жұмсалады. Бірақ мұндай минимальды конфигурация жүйенің жарамды өнімділігіне жетпеуіне алып келуі мүмкін.

Бұл компонент ДББЖ ның өзіндік бағдарламалық қамтамасын және қолданбалы бағдарламаларды, егер ДББЖ желіде қолданылса, желілік бағдарламалық қамтамаларды өз ішіне алады. Әдетте қосымшалар С, COBOL, Fortran, Ada или Pascal сияқты үшінші ұрпақ тілдерінде не операторлары осы тілдердің бағдарламаларына енгізілетін SQL типті төртінші ұрпақ тілдерінде құрылуы мүмкін. Дегенмен, ДББЖ сұраныстардың процедуралық емес тілдері, есептер генераторы, графикалық бейнелер және толықмасштабты қосымшалардың көмегімен жылдам қосымшалар құру үшін өзінің арнайы төртінші ұрпақ құралдарына ие болуы мүмкін.

ДББЖ ортасының ең маңызды компоненті болып деректер табылады. 4-суретте көрсетілгендей, деректер адам және компьютер арасында көпір ролін атқарады. Деректер базасы жұмыс, сонымен бірге, метадеректер, яғни «деректер туралы деректер» ден тұрады. Деректер базасының құрылымы сұлба деп аталады.

Процедураларға деректер базасын жобалауда дәне қолдануда есепке алынатын нұсқаулар және қағидалар жатады. Қолданушыларға және қызмет етушілерге берілген жүйені қолдану және күзету процедураларын толық қамтитын құжатнаманы беру қажет.

ДББЖ ортасының соңғы компоненті – бұл жүйе қолданушылары. Олардың ішінен 4 түрлі топты бөліп көрсетуге болады:

· деректер базасының администраторы;

· деректер базасын құрушылар;

· қолданбалы бағдарламаушылар;

· ақырғы қолданушылар.

Деректер базасы және ДББЖ кез келген басқарылатын ресурстар сияқты корпоративті қор болып табылады. Әдетте деректер базасын басқару ДББЖ және оған енгізілген деректерді қадағалауды қарастырады. Деректер администраторы деректерді басқаруға, деректер базасын жоспарлауға, стандарттарды, бизнес-қағидаларды және жұмыс процедураларын құру және күзетуге, сонымен бірге деректер базасын концептуальды және логикалық жобалауға жауап береді. Деректер администраторы алға қойылған корпоративтік мақсаттарға жету үшін деректер базасының жалпы бағытының сәйкестігін қадағалап, басшылықтың жоғарғы буынына өзінің кеңес және ұсыныстарын береді.

Үлкен көлемді деректер базасын жобалауға құрушыларды екі түрлі типі қатысады: логикалық деректер базасын құрушылар және физикалық деректер базасын құрушылар.

Логикалық деректер базасын құрушылар деректерді, олардың арасындағы байланыстарды сәйкестендіру (маңыз және атрибуттарды анықтау) және сақталатын деректерге қойылатын шектеулерді орнатумен айналысады. Логикалық деректер базасын құрушылар ұйымның деректер құрылымын және оның бизнес-қағидаларын жан-жақты толық түсінуі қажет.бизнес-қағидалар ұйымның көзқарасымен деректеррдің негізгі сиппаттарын бейнелейді. Төменде типтік бизнес-қағидаларға мысалдар келтірілген.

· Кез келген қызметкер бір уақыттың өзінде сатылатын не жалға берілетін жиырмадан артық жылжымайтын объекттерге жауап бере алмайды.

· Кез келген қызметкердің өзінің жеке жылжымайтын мүлігін сату не жалға беру құқығы жоқ.

· Сенімді тұлға бір уақыттың өзінде сатып алушы да, мүлікті сатушы да бола алмайды.

Физикалық деректер базасын құрушылар деректердің дайын логикалық моделін алады және оның физикалық бейнесін құрады, соның ішінде:

· деректердің логикалық моделін кестелер жиыны және деректердің бүтіндік шектеулеріне өзгертеді;

· деректер базасымен жұмыс кезінде қажетті өнімділіктің деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ететін сақтаудың нақты құрылымдарын және деректерге рұқсаттық әдістерін таңдайды;

· деректерді сақтауға кез-келген қажетті іс-шараларды жобалайды.

Деректер базасын құрып болсан соң қолданушыларға қажетті функционалдық мүмкіндіктерді ұсынатын қосымшаларды құруға кірісу қажет. Дәл осы іс-әрекетті қолданбалы бағдарламаушылар орындайды. Әдетте қолданбалы бағдарламалаушылар жүйелік талдаушылар құрған ерекшеліктер негізінде жұмыс істейді. Құрылған әр бағдарлама ДББЖ дан деректер базасымен нақты іс-әрекеттерді орындауды, мысалы деректерді қиып алу, орнына қою, жаңарту және жоюды талап етеді.

Қолданушылар деректерді қолдана білу мүмкіндігі бойынша екі топқа бөлінеді: жай және тәжірибелі қолданушылар. Жай қолданушылар әдетте ДББЖ бар екендігі туралы сезіктенбейді. Олар деректер базасына өздерінің орындайтын амалдарын максималды дәрежеде оңайлатуға мүмкіндік беретін арнайы қосымшалар арқылы кіреді. Ал тәжірибелі қолданушылар деректер базасының құрылымы және ДББЖ ның мүмкіндіктерімен таныс. Олар қажетті амалдарды орындау үшін SQL сияқты жоғары деңгейлі сұраныстар тілін қолдана алады. Ал кейбір тәжірибелі қолданушылар өздерінің қолданбалы бағдарламаларын да құра алады.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 452 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Локальды көріністі модельдеу, модель элементтерінің агрегациясы және жалпыламасы. | Дәріс тақырыбы: Деректер базасы. Деректер базасының архитектурасы | Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары | Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі | Интернетпен жұмыс істеуге арналған компоненттер. | ТTable жиынының ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Склад как часть терминала| Деректер моделі. Негізгі концепциялары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)