Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
  6. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою
  7. Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою

 

1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
2. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш береді.
Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш тапсыруы оның хабарламаларды кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электронды құжат алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.
3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініші қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды тіркеу журналына қолын қойғызып:
1) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгішті;
2) электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді береді.
4. Электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.
5. Салық төлеушілер электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімде сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе, осындай келісімді осы тармақта белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуге міндетті.
Мұндай келісімді қайта ресімдеуді электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы жүргізеді.
Салық төлеуші көрсетілген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін – оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда қоса береді.
Электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді қайта ресімдеу үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі, оны осындай салық органына ауыстыру не осы Кодекске сәйкес құжатқа сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
6. Электрондық құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы қайта ресімделген келісімді алу кезінде бұрын салық органымен жасалған келісім салық төлеушінің аталған келісімді жоғалту жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
Ескерту. 572-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жалпы ережелер | Салық төлеушi ретiнде тiркеу | Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі | Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру | Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау | Бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою | Бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару| Бап. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)