Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. азақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы
  4. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  5. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  6. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  7. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару

 

1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған тіркеу деректеріне:
1) жеке тұлғаның – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) резидент заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (басқару органының нақты орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;
3) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің – осындай резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін резидент еместің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;
4-1) резидент заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 561-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген резидент еместің – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;
5) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгінің – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініші негізінде;
6) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес резидент еместiң тұрақты мекемесi ретінде қарастырылатын қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын резидент еместің – тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;
7) резидент банкте ағымдағы шоты бар резидент емес жеке және заңды тұлғаның – банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
2-1. Резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Резидент заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаға қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаға бір қатысушының (акционердің) заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 581-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
4. Жеке тұлға тұрғылықты (болу) жері өзгерген кезде жаңа тұрғылықты жері бойынша салық органына салық төлеушінің тұрғылықты (болу) жерінің өзгергенін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын көрсетіп, олардың көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін өз бетінше салықтық өтініш беруге құқылы.
5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан (тұрғылықты, келген) жері бойынша салық органына - өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 563-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi | Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару | Бап. Консулдық алым төлеуден босату | Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi | Бап. Салықтық бақылау | Бап. Салық құпиясы | Бап. Салықтық зерттеу | Бап. Куәгерлердің қатысуы | Бап. Жалпы ережелер | Салық төлеушi ретiнде тiркеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Резидент еместі салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшелігі| Бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)