Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару

Читайте также:
  1. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  2. Бап. Қосылған құн салығын қайтару
  3. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  5. Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
  6. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
  7. Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары

 

1. Төленген мемлекеттiк баж сомасы:
1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;
1-1) іс төрелікке немесе аралық сотқа берілген;
1-2) медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасаған;
2) арыздар (шағымдар) қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе осыған уәкiлеттi адамдар нотариаттық iс-әрекеттердi жасаудан бас тартқан;
3) iс жүргiзу тоқтатылған немесе, егер iс соттың қарауына жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн сақтамаған не талап қоюды әрекетке қабiлетсiз адам табыс еткен жағдайда талап қою қараусыз қалдырылған;
4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық мәні бар iс-әрекеттердi жасаған органға жүгiнгенге дейiн құжатты алудан бас тартқан;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға жатады.
1-1. Мемлекеттік баж:
1) талапкер талап қоюдан бас тартқан;
2) талапкер өз талаптарын азайтқан;
3) іс тараптардың бітімгерлік келісімімен аяқталған жағдайларда, қайтарылмайды.
2. Салық қызметі органы мемлекеттiк бажды қайтару үшiн негiз болып табылатын тиiстi мемлекеттік органның құжатын, сондай-ақ мемлекеттiк баждың төленгенiн растайтын құжатты салық төлеушiден алғаннан кейiн, егер аталған құжаттар салық қызметі органына мемлекеттiк баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзiм өткенге дейiн табыс етiлген болса, төленген мемлекеттiк баж сомасын қайтару туралы салықтық өтiнiштi қарайды.
3. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық қызметі органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді.
4. Сот оның пайдасына іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарған төлеушіге мемлекеттік баж сомасын қайтаруды салық қызметі органы мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы төлем құжаты мен заңды күшіне енген сот шешімі қоса берілген мемлекеттік баж төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүргізеді.
5. Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді.
6. Мемлекеттік баж сомасын қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін салық қызметі органы салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімінің орындалғандығы туралы хабарлама жібереді.
7. Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық қызметі органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс.
Ескерту. 548-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 293 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Баж алу объектiлерi | Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары | Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi| Бап. Консулдық алым төлеуден босату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)