Читайте также: |
|
1. Мыналардан:
1) сотқа берiлетiн қуыным арыздардан, ерекше қуыныммен іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқарушылық парақтың телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқарушылық парақтарды беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқарушылық парақтардың және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;
2) нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәлiктер бергені және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн;
4) шетелге тұрақты тұруға баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
5) шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза бергенi үшiн;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшін;
7) тұрғылықты жерiн тiркегенi үшiн;
8) аңшы куәлiгiн (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшiн;
9) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген өсімдіктер, жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;
10) жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін;
11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;
11-1) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар бергені үшін;
11-2) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;
12) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостиль қойғаны үшiн;
14) жүргiзушi куәлiктерін, тракторшы-машинист куәлiктерін, механикалық көлiк құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттiк тіркеу нөмiрі белгiлерiн, халықаралық техникалық байқау сертификатын және оның телнұсқасын бергені үшін;
15) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 539-бабында көзделген заңдық мәнi бар iс-әрекеттердi жасағаны үшiн;
16) жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баждың тiркелген проценттік ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік бажды төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып есептеледi.
Ескерту. 534-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | | | Бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары |