Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  3. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  4. Бап. Әрекетсіз салық төлеуші
  5. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  6. Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
  7. Бап. Алымдарды төлеуден босату

 

1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген ставкаларды және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес есептейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар:
1) жұмыскерлерді пайдаланған кезде – әрбір жұмыскер үшін;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру мекемелері болған кезде – осындай мекемелерде болатын әрбір жеке тұлға үшін төлемақы енгізеді. Жеке тұлға төлемақы сомасының төленгенін растайтын құжат көрсеткен кезде қайталап төлемақы алынбайды.
2. Төлемақы төлеушілердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануына оларда ақы төлеу туралы растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.
3. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді.
4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не оны бақылау-өткiзу пункттерiнде не Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамалық актiсiнде айқындалған табиғат қорғау ұйымдары орнататын өзге де арнайы жабдықталған орындарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң немесе көрсетілген төлемді растайтын бақылау-кассалық машина, терминалдар чектерiнiң негiзiнде қолма-қол ақша енгiзу арқылы жүргiзiледi.
5. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
6. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.
7. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі ресурстарын және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 511-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Алымдарды төлеуден босату | Бап. Алым мөлшерлемелері | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Төлемақы ставкалары | Бап. Есептеу мен төлеу тәртiбi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ| Бап. Төлемақы төлеушiлер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)