Читайте также:
|
|
1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ күнтiзбелiк бiр ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып есептеледі.
2. Күнтiзбелiк бiр ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомасы келесi айдың 25-інен кешiктiрiлмей төленедi.
3. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жол органына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын бюджетке енгiзгендiгiн растайтын құжатты табыс етедi.
4. Мұндай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде олардың мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын тіркелген жері бойынша төлемақысы бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
5. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш және бұл төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының болғанын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастырмау фактісін растайтын тиісті мемлекеттік уәкілетті органның құжаты негізінде салық органдары жүргізеді.
Ескерту. 531-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ
Мемлекеттiк баж
Бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк баж – мемлекеттiк уәкiлетті органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн және (немесе) құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем. Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәнi бар iс-әрекеттерге теңестіріледі.
2. Мемлекеттік уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өзінің орналасқан жері бойынша салық органына мемлекеттік баж төлеушілер туралы ақпарат ұсынады.
Ескерту. 532-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап. Мемлекеттiк бажды төлеушiлер
Заңдық мәнi бар iс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк баж төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер тиісті уәкілетті органдардың осы құрылымдық бөлімше мүддесінде заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған кезінде дербес төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
Ескерту. 533-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Төлемақы ставкалары | | | Бап. Баж алу объектiлерi |