Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу

Читайте также:
  1. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  2. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі
  3. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  4. Бап. Қызметкерлердің есепке жазылған табыстары және жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды шегеру
  5. Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу
  6. Бап. Бөлек есептеу әдiсi

 

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.
2. Мыналар:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2) егер осы баптың 11-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-ақ кейінгі салық кезеңі ішінде;
4) осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушiлер;
5) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер;
6) осы Кодекстің 135-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сай келетін салық төлеушілер;
7) осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін салық төлеушілер корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептемейдi және төлемейдi, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсырғанға дейiнгi және кейiнгi кезеңдерi үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейдi.
3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны ішінде теңдей үлестермен төленеді.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары ішінде теңдей үлестермен төленеді.
Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің түзетілген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айларына тең бөлінеді.
4. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеушi орналасқан жердегі салық органына табыс етіледi.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
4-1. Егер салық төлеуші алдыңғы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемесе, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.
5. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең iшiнде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеушi оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етедi.
6. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы Кодекстің 139-бабының 1-тармағына және 199-бабына сәйкес өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.
7. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу бойынша осы бапта көзделген міндеттілік қолданылатын, алдыңғы салық кезеңінің қорытындылары бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына ағымдағы салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті.
8. Салық төлеушілер есепті салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын қоспағанда, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабын табыс етуге құқылы. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы есепті салық кезеңіндегі табыстың болжамды сомасын негізге ала отырып жасалады және корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу мерзімі басталмаған есепті салық кезеңінің айлары үшін табыс етіледі.
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.
Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.
9. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімін ұзарту кезіңде:
1) алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен, оның ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылған кезең үшін есептеледі;
2) салық төлеуші алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын аванстық төлемнің болжамды сомасын негізге ала отырып, көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемнің сомасын төлейді.
Көрсетілген декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін аванстық төлемдердің алдыңғы салық кезеңіне арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебімен есептелген сомасы мен алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі ұзартылатын кезең үшін төленген аванстық төлем сомасы арасындағы оң айырма корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады.
10. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде корпоративтік табыс салығын есептеген жағдайда, келесі екі салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептейді.
Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ келесі екі салық кезеңі ішінде алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі және одан кейінгі кезең үшін төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып есептейді.
12. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 51-2-бабында көрсетілген салық төлеуші сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асыратын салық кезеңі ішінде осындай салық төлеушіге қолданылмайды.
Ескерту. 141-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Келесі шығыстар шегерімі | Бап. Инвестициялық салық преференциялары | Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері | Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі | Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету | Бап. Салық салынатын табысты азайту | Бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу | Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу | Бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу | Тарау. ЗАЛАЛДАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Залалдарды ауыстыру| Бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)