Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. ЗАЛАЛДАР

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Бап. Залалдарды ауыстыру
  3. Тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
  4. Тарау. Жалпы ережелер
  5. Тарау. Жалпы ережелер
  6. Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1 страница
  7. Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2 страница

 

Бап. Залал ұғымы

 

1. Кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп:
1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерiмдердiң жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;
2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады.
Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 126-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 137-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен ауыстырылады.
Хеджирлеу мақсатында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залал осы Кодекстің 129-бабына сәйкес есепке алынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, осы Кодекстiң 87-бабы 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізуден шеккен залал осындай активтерді өткiзу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал болып табылмайды.
Ескерту. 136-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы | Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу | Бап. Келесі шығыстар шегерімі | Бап. Инвестициялық салық преференциялары | Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері | Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі | Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету | Бап. Салық салынатын табысты азайту | Бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу | Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу| Бап. Залалдарды ауыстыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)