Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген ұйым қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай талаптарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша, депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру жарналары және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық және демеушiлiк көмек, өтеусiз алынған мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiндегі табысы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті төлемдері;
тұтастай үйді қажетті пайдалануға міндетті және қамтамасыз ету қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісімімен жүктелген қосымша шығыстарды жабуға бағытталған үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің төлемдері;
үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде ортақ шығыстар шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде есептелген өсімпұл кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісіндебелгіленген тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстары жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстар жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылатын сомасы салық төлеушiнiң таңдауы бойынша барабар немесе бөлек әдiс бойынша айқындалады.
6. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабар әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып, коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасында айқындалады.
7. Салық төлеушi бөлек әдiс бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жатқызылатын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға жатқызылатын шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
8. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 135-1-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
Ескерту. 134-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Тіркелген активтер | Бап. Құндық балансты айқындау | Бап. Тіркелген активтердің түсімі | Бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы | Бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу | Бап. Келесі шығыстар шегерімі | Бап. Инвестициялық салық преференциялары | Бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері | Бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі | Бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық салынатын табысты азайту| Бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)