Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  3. Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі
  4. Бап. Қолдану тәртібі
  5. Бап. Қолдану тәртібі
  6. Бап. Қолдану тәртібі

 

1. Осы баптың ережелерін қайта құрылымдалатын ұйым сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес осындай ұйым кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асырған салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығына қолданады.
Осы баптың мақсаттары үшін, екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, қайта құрылымдалатын ұйым деп бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін салық төлеуші түсініледі:
1) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын резидент заңды тұлға болып табылады;
2) осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
3) сот осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдаған күні, банктерді қоспағанда, бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін ұйым болып табылады.
2. Осы Кодексте белгіленген салық төлеу мерзімін қайта құрылымдау жоспарында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың анағұрлым кеш, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген және төленуге жататын корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің 142-бабында белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап он жылдан аспайтын мерзімге ауыстыру қайта құрылымдалатын ұйымның корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту деп танылады.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жүргізіледі.
Қайта құрылымдалатын ұйымның осы баптың ережелерін бір реттен көп қолдануына жол берілмейді.
3. Қайта құрылымдалатын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету мерзімінен кешіктірмей, орналасқан жері бойынша салық органына осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгергені туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
Қайта құрылымдалатын ұйым хабарламамен бір мезгілде мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарының нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сот растаған қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін;
3) сот растаған қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы соттың заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесін табыс етеді.
4. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осындай салықты уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар есептелмей, сондай-ақ салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкі кепілге алынбай және (немесе) банк кепілдігінсіз жүргізіледі.
5. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеуші осы баптың ережелерін сақтамаған кезде жүргізілмейді.
Ескерту. Кодекс 51-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.12.2013 N 152-V Заңымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

Бап. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң қолданысын тоқтату

 

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

1. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы онда белгіленген қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
2. Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:
1) салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;
2) салық төлеуші салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда;
3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде мұндай салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық қызметі органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2012.12.26 N 61-V (2014.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы | Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау | Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы | Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау | Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау | Бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері | Бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау | Бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі | Бап. Жалпы ережелер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Мүліктік кепіл шартын жасасу тәртібі| Бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)