Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қосылған құн салығын қайтару
  6. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару
  7. Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі

 

1. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлайды.
Тапсыру актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға сонымен бір мезгілде орналасқан жері бойынша салық органына:
1) таратудың салық есептілігін;
2) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебіне қойылғаны туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару үшін салықтық өтінішті;
4) тапсыру актісін табыс етеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда табыс етіледі.
Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша осындай есептілікті тапсыру міндетті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады.
Таратудың салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме – бірігу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қайта құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген әрбір заңды тұлғаға, қосылу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлғаға жүктеледі.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін басталатын болса, мұндай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Заңды тұлға бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде мұндай тұлға бөлу балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына аталған балансты табыс етеді.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1-1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық міндеттемелерін орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
1-2. Құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеуге қатысу үлесін белгілеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі оның салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгертуіне негіз болып табылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегін өтеу шотына есептеуге жатқызылады.
Егер қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетілген сома осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызылуға жатады.
4. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғада салық берешегі болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 601-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасы ол (олар) қайта ұйымдастыру кезінде алған мүліктегі үлесіне барабар түрде оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) осы Кодекстің 606-бабында белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
5. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Салық органы заңды тұлғаны мынадай жолмен қайта ұйымдастыру туралы сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
1) бірігу - жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды тұлғалардың жеке шоттары бойынша сальдоны жаңадан құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
2) қосылу - қосылған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны аталған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына беру актісі негізінде береді;
3) Алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) бөлініп шығу - жаңадан туындаған заңды тұлғаны бөліп шығарған заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны жаңадан туындаған заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша бөліну балансы негізінде береді.
Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның жеке шоты бойынша сальдоны беру тәртібі осы Кодекстің 595-бабында белгіленеді.
Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 

Бап. Тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) болуына байланысты резидент емес заңды тұлғаға құқықтары мен міндеттерін беру кезінде өзінің филиалын (өкілдігін) ашпастан, салық міндеттемесін орындауы

 

1. Резидент емес заңды тұлға өзінде Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі болған кезде, филиалын (өкілдігін) ашпастан және тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына ауыстыру туралы шешім қабылдамастан салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын заңды тұлғаға мұндай тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін беру туралы осы Кодекстің 562-бабы 1-1-тармағына сәйкес мұндай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.
Көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде салық органына:
1) тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішті;
2) таратудың салық есептілігін;
3) тапсыру актісін табыс етуге міндетті.
Таратудың салық есептілігі салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түрлері бойынша құралады, олар бойынша құқықтары мен міндеттерін беретін тұрақты мекеме мұндай есептілікті табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған салық кезеңінен бастап оны салық органына табыс еткен күнге дейінгі кезең үшін төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылады.
Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі таратудың салық есептілігін табыс еткеннен кейін басталған жағдайда, осындай кезекті салық есептілігін табыс ету таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
2. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық міндеттемесін орындау тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған осындай заңды тұлғаға (құқық мирасқорына) жүктеледі.
3. Тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беруі тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаның салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу бойынша өзінің салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
4. Құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің салық берешегі болмаған кезде салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасы бойынша құрылған заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
5. Салық органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаға беретін тұрақты мекеменің жеке шоты бойынша сальдоны тұрақты мекеменің құқықтары мен міндеттері берілген заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 595-бабында белгіленген тәртіппен беру актісінің негізінде береді.
Ескерту. Кодекс 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар | Бап. Салық төлеушінің құқықтары | Бап. Осы Кодексте реттелетін салықтық қатынастарда өкілдік ету | Бап. Салық қызметі органдарының құқықтары | Бап. Салық қызметі органдарының міндеттері | Бап. Жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі | Бап. Салық міндеттемесін орындау | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы | Бап. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері | Бап. Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Резидент заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемесін орындауы| Бап. Бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)