Читайте также:
|
|
1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, мыналар:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаның бұл редакциясы 2011.01.01 бастап 2016.01.01 дейін ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңына сәйкес қолданыста болады.
1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi – қосылған құн салығының асып түсуi).
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезiнде төленген, есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуді осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін және:
осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
осы тармақшаның екінші бөлігінде көзделген, қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып түсу сомасын айқындау тәртібін белгілейді.
2) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 275-бабында белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттердің өкілдіктері, шет мемлекеттердің консулдық мекемелері, дипломатиялық және осы өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдар, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер – олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушыларға осы Кодекстің 276-бабында белгіленген тәртіппен төлеген қосылған құн салығы;
4) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге бюджеттен қайтарылуға жатады.
2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қалыптасқан, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуі, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты қалыптасқан асып түсуді қоспағанда, бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
Осы тармаққа сәйкес бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып түсуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлем шотына есептеледі. Импорт кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотының есебіне жатқызу жүргізілмейді.
3. Есепті салық кезеңінің соңында есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан асып кетуі нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты түрде өткізуді жүзеге асырса;
2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша салық салынатын жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.
4. Күші жойылды - ҚР 2008.12.10 N 100-IV Заңымен.
5. Асып кеткен қосылған құн салығын қайтару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 272-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV, 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі | | | Бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару |