Читайте также:
|
|
1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, о сы Кодекстің 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
мемлекеттік мекемелердің;
Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;
осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;
резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.
Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда:
1) салық төлеушi осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;
2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен аталған салық төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында белгiленген құжаттар тапсырылмаса;
3-1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;
4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):
әрекетсіз заңды тұлға;
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақшаның алтыншы абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;
5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеу салынған жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.
4. Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушiге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.
Ескерту. 569-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2012.01.01 қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою | | | Бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк |