Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жалпы ережелер. 1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Бап. Жалпы ережелер
  4. Бап. Жалпы ережелер
  5. Бап. Жалпы ережелер
  6. Бап. Жалпы ережелер

 

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.
2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;
2) салық төлеушіні:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде;
қосылған құн салығы бойынша;
электрондық салық төлеушi ретінде;
қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеушi ретінде;
салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша;
жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.
4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:
1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасына енгізуді;
2) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;
3) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.
5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.
6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;
2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;
3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi – құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлiмшенi есептiк тiркеу туралы анықтамада көрсетiлетін оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi;
4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;
4-1) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері, – директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері;
5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 204-бабына сәйкес салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайтын Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын орны болып танылады.
Ескерту. 560-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Басқа да iс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату | Бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi | Бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару | Бап. Консулдық алым төлеуден босату | Бап. Консулдық алымды төлеу тәртiбi | Бап. Салықтық бақылау | Бап. Салық құпиясы | Бап. Салықтық зерттеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Куәгерлердің қатысуы| Салық төлеушi ретiнде тiркеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)