Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. I. Жалпы ережелер
  3. Бап. Жалпы ережелер
  4. Бап. Жалпы ережелер
  5. Бап. Жалпы ережелер
  6. Бап. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.
2. Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта көрсетілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:
1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;
7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;
8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда);
9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;
10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.
5. Заңды тұлғалар осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеуді және ол бойынша осы Кодекстің 4 және 5-бөлімдеріне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық есептілігін тапсыруды жүзеге асырады.
6. Дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар:
1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарында белгіленген тәртіппен мүліктік табыстың;
2) осы Кодекстің 184-бабында белгіленген тәртіппен өзге де табыстардың;
3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын табыстардың;
4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және салық есептілігін табыс ету тиісті табыс түрі үшін осы Кодекстің 20 және 21-тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:
1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін – осындай берілген мүліктің құны;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу;
3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өзіне берілген, дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.
8. Осы тараудың мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстар:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) бағалар өзгерген, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақылар;
4) баға шегерістері, сату шегерістері;
5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаған қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшада көзделген табысты түзету:
1) салық төлеуші – дебитор таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне салық төлеуші – кредитор талап қоймаған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.
Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына қарай түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын табыс түзетуге жатады деп танылған салық кезеңінде жүргізіледі.
9. Егер бір ғана табыс табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.
Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
10. Осы тараудың мақсатында егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.
Ескерту. 427-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің табыстарды салықтық есепке алуды тану ерекшеліктері

 

1. Осы баптың ережелерін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, табыс дара кәсіпкер беретін кез келген сауда және көтерме сауда жеңілдіктерінің сомасы ескеріле отырып, алынған немесе алуға жататын өтем құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын табыс сомасы дара кәсіпкер мен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасында орындалған шарт негізінде де айқындалады.
3. Тауарларды өткізуден түсетін табыс төменде аталған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде:
1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
3) табыс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсуі ықтимал болса;
5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, танылады.
4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:
1) кредит берушінің салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы;
2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредит беруші талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін табыс сомасы:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған;
2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредит беруші міндеттемені есептен шығарған;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына таратудың салықтық есептілігі тапсырылған;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қою мерзімі өткен;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есептілік кезеңде танылады.
6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі табыс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салық кезеңінде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстандағы қолданыстағы бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды.
7. Айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі табыс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер деп таныған салық кезеңінде танылады.
8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетуі басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе қызмет көрсетуіне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді қабылдау-беру актісі жасалуға тиіс. Қабылдау-беру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін табыс қабылдау-беру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің құны мен берілген тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны арасындағы оң айырмашылық ретінде айқындалады.
9. Салық кезеңі үшін алуға жататын (алынған) табыс есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс болып танылады.
10. Талап ету құқығын беруден түсетін табыс:
1) талап ету құқығын сатып алатын дара кәсіпкер үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы берілген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс сатып алынған талапты борышкер өтеген салық кезеңінің табысы болып табылады;
2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай табыс беру жүргізілген салық кезеңінің табысы болып табылады.
11. Заңды тұлға құрмай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы болып табылатын дара кәсіпкер осы Кодекстің 80-бабының ережелерін ескере отырып, салық есебін жүргізеді.
12. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салық кезеңінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс болып табылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлік алынған салық кезеңінде танылады.
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда) түріндегі табыс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.
13. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі табыс мұндай өтем алынған салық кезеңінде танылады.
Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің табысы мұндай есепке жатқызу жүргізілген салық кезеңінде танылады.
Ескерту. 61-тарау 427-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi | Бап. Салық есептілігі | Бап. Салық салу объектiсi | Бап. Салық базасы | Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі | Бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу | Бап. Салық базасы | Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi | Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері| Бап. Арнаулы салық режимiн қолдану шарттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)