Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi

Читайте также:
  1. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  2. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  3. Бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
  4. Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
  5. Бап. Әрекетсіз салық төлеуші
  6. Бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу
  7. Бап. Акциз төлеу мерзiмдерi

 

1. Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілер;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығында иеленудің немесе пайдаланудың нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей жүргізеді.
Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.
2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.
3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
4. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге тиіс.
Салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) салықтың жылдық сомасын бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.
9. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
Ескерту. 409-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары | Бап. Базалық салық ставкаларын түзету | Бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi | Бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу мерзiмдерi | Бап. Салық есептілігі | Бап. Салық салу объектiсi | Бап. Салық базасы | Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі | Бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Салық базасы| Бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)