Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Базалық салық ставкаларын түзету

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Жергілiктi өкiлдi органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 378, 379, 381, 383-баптарында белгiленген, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкаларын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) балаларды сауықтыру мекемелерi;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 134-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстiң 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
3. Осы Кодекстiң 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-1-тармақты алып тасталу көзделген - ҚР 2014.06.12 № 209-V (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері келісімшарт жасалған айдың алғашқы күнінен бастап қолданылады және оның қолданысы келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.
3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған;
2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.
3-3. Осы Кодекстің 135-3-бабының 1-тармағы екінші абзацының талаптарына сай келетін заңды тұлға халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне бөлінген және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесі немесе оның бір бөлігі (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгiленген тәртіппен есептейдi.
5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
6. Осы Кодекстiң 381-бабы кестесінің 23 – 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері уәкілетті орган меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану қажеттігі және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою қажеттігі туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есе ұлғайтылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер учаскелерін анықтау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер ұсыну тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 387-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 N 395-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 N 535-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-б. қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салық базасы | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Есептеу тәртібі | Бап. Төлеушiлер | Бап. Салық төлеушiлер | Бап. Салық ставкалары | Бап. Салықты есептеу тәртiбi | Бап. Төлеушілер | Бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн айқындау | Бап. Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары| Бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)