Читайте также:
|
|
1. Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті ставканы осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектілерді айқындайды;
2) осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:
1 - 6-деңгейлер үшін - осы Кодекстің 351-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін проценттің және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;
7-деңгей үшін:
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 процентіне тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 процентіне тең сома арасындағы айырма ретінде;
егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 процентіне тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретінде айқындайды;
3) осы Кодекстің 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық кезеңінде алынған нақты таза табысты мынадай тәртіппен бөледі:
1-деңгей үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасына тең болады.
Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлер үшін жүргізілмейді;
2 - 7-деңгейлер үшін:
егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;
егер салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлерге арналып жүргізілмейді.
Таза табыс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиіс;
4) үстеме пайда салығының тиісті ставкасын осы Кодекстің 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейі бойынша бөлінген бөлігіне қолданады;
5) осы Кодекстің 351-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңі үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
Бап. Үстеме пайда салығының ставкалары, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін проценттердің деңгейлері мен мөлшері
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртіппен айқындалатын ставкалардың өзгермелі шкаласы бойынша төлейді:
Деңгей N | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының проценті | Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін процент | Ставка (%-пен) |
25 проценттен кем немесе соған тең | белгіленбейді | ||
25 проценттен 30 процентке дейін қоса алғанда | |||
30 проценттен 40 процентке дейін қоса алғанда | |||
40 проценттен 50 процентке дейін қоса алғанда | |||
50 проценттен 60 процентке дейін қоса алғанда | |||
60 проценттен 70 процентке дейін қоса алғанда | |||
70 проценттен жоғары | Осы Кодекстің 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес |
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | | | Бап. Төлеушiлер |