Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Төлеушiлер

Читайте также:
  1. Бап. Салық төлеушiлер
  2. Бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік деректер базасындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру
  3. Бап. Төлемақы төлеушiлер

 

1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
3. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін төленуге жататын әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
Осы бапта белгіленген тәртіппен әлеуметтік салық төлеушілер деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаттары үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
Ескерту. 355-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Бап. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері

 

Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін – осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып;
2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 433-438-баптарына сәйкес;
3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін – осы Кодекстің 429-432-баптарына сәйкес;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – осы Кодекстің 445-447-баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.
Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 N 242-IV(2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібі | Бап. Салық салу объектiсi | Бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері | Бап. Салық салу объектісі | Бап. Шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ құнын айқындау тәртібі | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Салық базасы | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары | Бап. Салық базасы | Бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Есептеу тәртібі| Бап. Салық төлеушiлер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)